Бауыржан Момышұлы атындағы жобб мектеп



Дата17.02.2023
өлшемі40,24 Kb.
#68732

Бауыржан Момышұлы атындағы ЖОББ мектеп

Араб халифатының құрылуы мен ыдырауы

Сынып:10 «Ә»

Орындаған:Байжанова Айша

Тексерен:

Араб халифатының құрылуы.

Араб халифаты — халифалар басқарған араб-мұсылман мемлекеттерінің Еуропа елдеріндегі атауы. Мұхаммед пайғамбар Батыс Арабияда құрған мұсылман қауымы Араб халифатының ең алғашқы түп негізі болды.

Араб халифатында Ислам дінінің қалыптасу ерекшеліктері.

  • Араб халифатында Ислам дінінің қалыптасу ерекшеліктері.
  • Осыдан он төрт ғасыр бұрын, яғни ҮІІ ғасырдың басында Мұхаммед пайғамбар жариялаған жаңа дін исламмен біріктірілген арабтар Аравия түбегінен кең тарихи сахнаға шықты. Пайғамбардың ізбасарлары, яғни халифтер тұсында олар Пиреней тауларынан Инд өзеніне дейін созылып жатқан орасан зор территорияда, көне мәдениеттердің жұртында жаңа этникалық өркениет және ұлы империя құрды.

VII-XVIII ғасырлардағы Араб халифатының өркениетінің дамуы.

  • VII-XVIII ғасырлардағы Араб халифатының өркениетінің дамуы.
  • Араб өркениетінің дәуірлеген шағы 8 – 11 ғасырлар болды. Оның көрнекті үлгілері сәулет және бейнелеу өнерінде көрінді. Әуелгі кезде арабтардың мәдениеті бағындырылған халықтардың мәденитінен төмен болды. Бірақ арабтар бертін келе олардың ғылым мен өнер саласындағы жетістіктерін меңгеріп алды.
  • Мәдениеттің дамуына шаруашылықтың өркендеуі де көмегін тигізді. Суармалы жерлерге арпа мен бидай егілді, құрма мен қант қамысы өсірілді. Арабтар Азияның өзге елдерінен мақта мен күріш, апельсин мен лимон әкелді.Бармақтарынан бал тамған қолөнершілер мақта мен жүннен жеңіл және мықты маталар тоқыды. Өз кілемдерімен Иранның даңқы шықты. Сирияда ашық түсті жібектер тоқылып, шыны ыдыстар жасалды. Сирияның қару-жарақ жасайтын шеберлерінің даңқы бүкіл дүние жүзіне жайылды.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет