Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» повесі жайлы пікір Қару мен қаламды серік етіп, әдебиет пен тарихта ойып тұрып орын алған қазақтың батыр ұлы-Бауыржан Момышұлының қаламынан туған әр шығарманың орны бір төбе.«Ұшқан ұя» повесі-Бауыржан Момышұлының 1974 жылы жазылған мемуарлық шығармасы.Әр адамның өз ұшқан ұясы, ыстық мекені бар. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі»,-дейді дана халқымыз. «Ұшқан ұя» повесі-жазушының бала күнінен, оқуға барған сәтіне дейінгі ыстық естеліктері, әжесі Қызтумастан алған тәрбиесі, әкесінің өнегесі, туған жерінің қарапайым адамдары, салт-дәстүр мен ұлттық құндылықтар туралы жазылған баға жетпес көркем шығарма.Елу жылда ел жаңарса да, құндылығы ескірмеген кітап 1976 жылы мемлекеттік сыйлыққа ие болған.Шығарманы оқып бастаған сәттен-ақ, ол сізді баурап әкетеді.Өйткені, автор бала кезінен көрген дүниесі мен жүректі тебірентер ыстық естеліктері, қимас, қымбат адамдары туралы айна-қатесіз сол қалпында шебер жеткізе білген.Батыр Баукеңнің батыр болып ер жетуіне, адами асыл қасиеттердің бір бойынан табылуын да әжесінің сіңірген еңбегі зор.Үш жасынан анасы-Рәзиядан айырылған Баукеңді әжесі бауырына басады.Ер азаматқа тән қасиеттерді, батырлық пен өжеттікті әрине, әкесі мен көкесінен үйренеді.Ағаның ініге қамқорлығын, інінің ағаға деген құрметін шығармадан Момынқұл көкесінің алдында тік тұрып, зәре-құты қалмай тіксініп әрекет жасайтын кішкентай Бауыржан бейнесінен халқымыздың ұлттық тәрбиесін айқын байқауға болады.Қызтумас әжесінің тіршілік, адам жаратылысы, өмір пайымдары туралы аңыз әңгімелерін,ертегі-қиссаларын тыңдап өскен Бауыржан ұлттық әдебиет пен өнерді сүйіп, ақылды, зерек болып өседі.Қазіргі заманда біздің тәрбиеден ақсаған тұстарымыздың туындауы, Қызтумастай әжелердің жоқтығынан, ауыз әдебиетін тыңдамай өскен өскелең ұрпақтың кері әсері шығар деп ойлаймын.Шығармадағы әр кейіпкер мен олардың оқиғалары оқырманға ой салады.Жылатады да, күлдіреді де!Көшпелі қазақ өмірінің тұрмыс-тіршілігін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын кеңінен сипаттаған сәті әпкесі-Үбианның ұзатылып тұрмысқа шығу тойы болады.Сан ғасыр өтсе де, ұлттық дәстүрінен нәр алған халқымыз қыздың жасауы мен оның өз еліне атттанар алдында, туысқандарын түгел аралап, қонақ болуы, жақын адамдарының сый-сияпат көрсетуі қазақ халқының қызды қалай сыйлап, мәпелеп өсіретінін керемет суреттейді.Әр салт-дәстүрдің мәні мен маңызын кеңінен ашып, тарқатып баяндайды.Жаңа замманның келуін, жаңа өмірдің жақсылығын, әйел теңдігі туралы мәселе де шығарма идеясына арқау болған.Зәуре бейнесі-ақылды, әрі һжет, ілге жүйрік, ойға шешен қазақ қызының, дана келіннің бейнесі.Жалған жалаға құрбан болып, өзін ақтап, басқаға тұрмысқа шығып бақытын табады.Осы арқылы әйел теңдігін сезінген алғашқы әйел болып шығармада суреттеледі.Бұл оқиғаларды оқу арқылы оқырман терең ойға қалады.Өткен ғасырлар еншісінде ең өзекті, әрі ауыр болған әйел теңсіздігін де Баукең назардан тыс қалдырмай сөз етеді.Көкпар десе жанын беретін, ақыры ажалы ат үстінде кеткен Аққұл бейнесі қазақтың ұлттық ойыны көкпар жайлы, оның халқымыздың тарихында қандай маңызға ие болғаны туралы асқақата жазады.Шығармадағы «Нұқ пайғамбардың кемесі туралы аңыз», «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?», «Жыл он екі айдың пайда болуы», «Жарқанат» туралы небір аңыз әңгімелер әдемі қиюласып, шығарманың көкремдік құндылығын арттырады.Шығармадағы Гончаровтар отбасымен достық қарым-қатынастары, шаруаны бірге жасаулары ұлттар достығының айнымас бірлігі туралы тақырыпты көтереді.Жалпы, бұл шығарма халқымыздың этнографиялық энциклопедиясы тәрізді кітап.Сол үшін де, әр қазақтың төрінде, ұшқан ұясында тұруы тиіс деген ойды айтқым келеді.Ұшқан ұя-қазақ руханиятының бай қазынасы.Шығарманың тілі-сөз құдіретін танытып, сөйлеу шешендігін дәріптеп, шала тілді ұрпаққа салиқалы тәрбие берер, бағыт сілтер құнды шығарма.