1.Бердібек Соқпақбаев 1924 жылы Алматы обылысы Нарынқол ауданында дүниеге келген. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогика институтын бітірген. «Жұлдыз», «Балдырған», журналдарында қызмет еткен. «Менің атым Қожа» повесі оқырмандардың сүйікті шығармасына айналса, осы повесі бойынша түсірілген фильм 1967 жылы Канн фестивалінің жүлдегері атанды.Жазушының «Балалық шаққа саяхат», «Өлгендер қайтіп келмейді», «Жекпе – жек повестері, көптеген әңгіме, өлеңдері балаларға арналған.
2. Қожа — Шын аты Қожаберген. Бір сыныпта екі Қожа болғандықтан, шатастырмас үшін оны "Қара Қожа" деп атайды. Кейде келемеждеп «Қара Қожа» деудің орнына «Қара Көже» дейді. Фамилиясы Қадыров. Бір кезде «Қадырұлы» деп те жазып жүрді. Шашы қайратты. Бойы - орта бойлы, әжесі "әкең тәрізді сұңғақ боласың" дейді. Мектепте дәрігер өлшегенде бір жүз отыз тоғыз сантиметр шыққан. Жасы он екіде. Бесінші сыныпты бітірген. Арманы: оқу бітіріп, ер жету, университетке түсу. Жазушы болу.
Жанар — Қожамен бірге оқиды. Қожаның ойынша "кластағы ең әдемі қыз" дауысы әдемі, ән салады. Басына үкілі тақия киіп, мың бұралып «Қамажайға» билейді. Өнерлі қыз. Сыныптағы бірінші үздік оқушы.
Сұлтан — ол Қожаның жан досы. Бойы ұзынша арық келген жігіт. Қожадан екі-үш жас үлкен. Әкесі Сүгір жылқы бағады. Бірақ ол біраз жыл бұрын оқуды тастап кеткен және жаман қылықтарға әуес.
Қаратай — көрші колхоздағы комбайншы. Қаратайдың әйелі дүние салған. Ол Қожаның анасына үйленбекші. Қожа оны жек көреді.
Жантас — Ол Қожамен бір сыныпта оқиды. Жантас пен Қожа бір бірін ұнатпайды. Себебі Жантас Қожаны үнемі «Қара көже» деп мазақтайды және екеуі де Жанарды ұнатқандықтан үнемі сөзге келіп қалады. Сол себепті өз сыбағасын алады.
Майқанова — Қазақ тілі пәнінің мұғалімі (Майқанова Сәбира). Қожа оқитын сыныптың жетекшісі. Ол адамгершілігі мол әрі ақылды ұстаз.
Әжесі — Қожаны қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай қызғыштай қорғап өсіреді. Өзінің ерке немересін еш жамандыққа қимайтын жанашыр жан.
Анасы — Қожаның анасының аты — Миллат. Ол ақылды, тәрбиелі адам. Ауылдың үлкен-кішісінің бәрі бірдей алдынан қия басып өтпей, хан көтеріп, құрметтеп тұрады. Екі бірдей сайлауда қатарынан аудандық советке депутат етіп сайланған.
Сәйбек қарт — мектеп күзетшісі. Ол Қожаның әкесі Қадырдың досы, әкесі туралы көп білетін әрі Қожаға ақыл айтқан кісі.
Оспанов — зоология пәнінің мұғалімі. Қожаның жақсы көретін мұғалімдерінің бірі. Ол Қожаның әкесінің көзі тірі кезіндегі жан досы болған.
Жақанов — Қожаның сыныптасы.
А.Михайловна — Толық аты: Анфиса Михайловна. Орыс тілі пәнінің мұғалімі. Қожаның айтуынша, "мұғалімдердің ішіндегі алтын адам".
Сүттібайдың Қожасы — Қожаның сыныптасы. Сүттібайдың үлкен баласы. Бір сыныпта екі Қожа болғандықтан, шатастырмас үшін оны өңіне қарап "Сары Қожа" деп атайды.
3. –Сен қай мектепте оқисың?
-Таңертең қайда келесің?
-«Мектеп»сөзі қай тілден шыққан?
-«Мектеп» сөзі қандай ұғымды білдіреді?
-Мектеп неше қабатты?
-Мектеп қандай?
4. «Қазақстанның Қызыл кітабына» өсімдіктердің 307 түрі кірген. «Қызыл кітапқа» қазақ жеріндегі барыс, аққу, бүркіт, бірқазан, тырна, қызыл қасқыр және тағы басқа аңдар мен құстар да тіркелген.
Қызыл кітап
1948жылы әлемде алғаш рет «Табиғатты қорғау»одағы құрылды.Бұл одақ бірінші рет жер бетінен жойылып бара жатқан жануарлар туралы кітап шығарды. Ол кітап «Қызыл кітап» деп аталды. «Қызыл кітап»деген атауды ағылшын ғалымы Питер Скотт ұсынды.
«Қазақстанның Қызыл кітабы» алғаш рет 1978жылы шықты.Онда тіркелген жануарлар мен өсімдіктер түрлері туралы қысқаша қазақша,ағылшынша деректер берілген. Соныменбірге әрбір тіркелген жануарлар суреті,Қазақстанның аумағында таралу картасы және ол туралы ақпарат көрсетілген.
Қазақстанда құстардың 18отрядқа жататын 489 түрі бар.Олардың 58-і «Қызыл кітапқа»тіркелген.Оларды адамдар көп аулайды. Сол себепті азайып барады.Қазір олар қорғауға алынған.
«Қазақстанның Қызыл кітабына» өсімдіктердің 307 түрі кірген. «Қызыл кітапқа» қазақ жеріндегі барыс, аққу, бүркіт, бірқазан, тырна, қызыл қасқыр және тағы басқа аңдар мен құстар да тіркелген.
құжат-документ
сирек кездесетін-редкие
құрып бара жатқан-исчезающие
тіркеледі-занесены
сүтқоректілер-млекопитающие
қосмекенділер-земноводные
жойылу қаупі төнген-на грани исчезновения
Достарыңызбен бөлісу: |