Күтілетін нәтиже: Қазір еліміздің түкпір-түкпірінде оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдермен қаруланған біршама ұстаздар қауымы өз мамандығына деген сүйіспеншілігі арта түсіп, жаңа нәтижелерге жетуде, шәкірттерінің жаңа белестерді меңгеруіне жол ашуда. «Бауыржантану» бағдарламасы патриоттарды даярлаудағы жауапкершілікті неғұрлым терең сезініп, бар мүмкіндікті пайдаланып, шыныққан шымыр, Отансүйгіш азаматтарды даярлау, жан-жақты қалыптасқан тұлғаны қалыптастыру ісіне өз үлесін қосады. Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілдері дамиды, лингвистикалық талдау жасай біледі, сөздік қоры молаяды.