емес, маңыздылық- ол ненің бетін ашып отыр, нені айтып отыр, қандай
қағиданы білуге бағыттап отыр- түйіні осында».
Мысалы, жұрттың көбі кітап оқиды, бірақ оқып шықанның
барлығын түсіне бермейді. Кейбір жоғарғы оқу орындарында,
мынандай пəн бар - оқығаныңды түсіну. Жеме-жемге келгенде, көбіміз
осы сынақтан өте алмаған болар едік.
Жақында мен бір бейнемагнитофон сатып алдым. Оны қалай
қосып, қалай программалауға болатындығы жөнінде нұсқаулығы қоса
берілді. Өзіме ұнаған бір бейнекөріністі жазып алғым келіп еді.
Алайда, есі ауысқан адамдай, нұсқаулықты түсіне алмадым, осы
бейнемагнитофонды программалаудан басқа, ғұмырда менің алдымда
күрделі іс болыш көрген жоқ еді. Сөйтіп, мен оқып беру жөнінде «бес
алдым», ал мазмұнын түсінуде «екі алдым».
Алдына келген қаржы есебін көргенде, адамдардың көпшілігінде
нақ осындай жағдай болады.
«Егер бай болғың келсе, цифрларды оқып жəне түсінуің керек», -
деп жиі айтатын бай əкем. Сонымен қатар, ол мынаны да жиі айтатын:
«Байлар активті сатып алады, ал кедейлер мен орта класс өкілдері-
пассивті».
Ал, активті пассивтен калай айыруға болады?
Шындығында, бухгалтерлер мен қаржы мамандары, мұндай
анықтаушылықпен келіспейді, бірақ нақ осындай жай ғана жасалған
суреттермен жəне қарапайым сөздермен, екі кішкентай балалардың
каржы туралы білімдерінің негізі қаланып, нығая берді.
Бізді үйрету үшін, бай əке қысқа да нұсқа айтатын, көбіне
суреттер көрсетіп, сөздерді аз айтуға тырысатын, цифрлар бірнеше
жылдар өткеннен кейін ғана қойыла бастады.
Достарыңызбен бөлісу: