Bay ake kedey ake 1 Роберт Кийосаки



Pdf көрінісі
бет12/41
Дата19.01.2023
өлшемі1,48 Mb.
#61899
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   41
ІІІ Тарау
Екінші сабақ
Қаржылық сауаттылық неге керек?
1990 жылы, менің ең жақсы досым Майк, əкесінің империясын, өз
қолына алды, оны ол əкесінен де артық басқара бастады. Біз екі-үш
жылда бір рет, гольф ойыны алаңында кездесіп тұрамыз. Олардың,
əйелімен екеуінің байлығын, Сіз көз алдыңызға елестете де алмайсыз.
Бай əкенің қаржы империясы, сенімді қолға тиді, енді Майк өз
баласын мұрагерлікке дайындап, бізді кезінде əкесі қалай тəрбиелесе,
ұлын солай тəрбиелеуде.
1994 жылы, мен 47 жасымда жұмыс істетуді тоқтаттым. Менің
əйелім Ким 37-де. Біз жұмысты мүлдем тастап кеткен емес едік.
Күтпеген бір өрескел жағдай болмаса, біздің жұмысты істегенімізден,
не болмаса істемегенімізден жағдай өзгермеген болар еді, өйткені
біздің байлығымыз, қандай да жағдай болмасын, инфляцияны қосып
есептегеннің өзінде, автоматты түрде көбейіп отырған еді.
Шамасы, бостандық деген, осы болар.
Капитал жүргізуіміздің үлкендігі соншалықты, сырттан ешкімнің
көмегінсіз, табыс əкелетін. Бұл өз қолыңмен отырғызған ағаш тəрізді.
Сіз жылдар бойы, оған су құюмен боласыз, бірақ бір кезде ол Сіздің
көмегіңізді қажетсінбейді. Себебі: оның тамырлары айтарлықтай
тереңге кетіп, енді ол үлкен көлеңке түсіріп, Сізді қуанышқа бөлейді.
Майк өз империясын басқаруды қалады, ал мен демалысқа
кеттім.
Мен адамдармен сөйлесіп, пікірлескенімде, олар менен көбіне-
көп, мынандай сұрақтарға жауап беруімді өтінетін: «Қалай бастауға
болады?»
«Қандай Кітапты оқып шықкан дұрыс?».
«Өз балаларымызды қалай тəрбиелеуге болады?», «Табыс кілті неде?»
немесе «Миллионды қалай табуға болады?»
Осылар жөнінде кеңес берулерін сұрайтын. Мұндай жағдайларда, мен
бір уақытта оқыған мақаланы есіме түсірем.


Ең бай бизнесмендер
1923 жылы Чикагоның «Эджуотер Бич»қонақ үйінде еліміздің
саясаткерлері мен бай бизнесмендерінің кездесуі өтті. Олардың ішінде
болғандар, мыналар:
Чарльз Шваб, ең ірі, тəуелсіз болат құю компаниясының
басшысы, Сэмюэль Инсула, əлемдегі муниципиалды кəсіп орынның
Президенті, Говард Хопсон, ірі газ компаниясының басшысы, Айвер
Крюгер, «Интернационал Матш Со» сол кездегі, əлемдегі ең ірі
компаниялардың бірінің Президенті, Леон Фрейзер халықаралық
сеттельменттер банкісінің Президенті. Ричард Уитни, НьюИорк
биржасының Президенті, Артур Коттон жəне Джесс Лайвермор, екі
белгілі биржевиктер жəне Альберт Фолл Президент əкімшілігінен.
Жиырма бес жылдан кейін, осы кездесуге қатынасқан 9 адамды
(жоғарыда атап етілген) мына жағдайлар күтіп тұрды:
Шваб-бес жыл бойы қарыз алумен өмір сүріп, соңында көк
тиынсыз қалып, өледі. Инсула шет жерде банкрот болып енеді.
Крюгер жəне Коттон банкроттықтан өледі. Хопсон жынданып кетеді.
Уитни жəне Альберт Фолл түрмеге түседі. Фрейзер мен Ливермор
өздерін-өздері өлтіреді.
Шындығында, бұл адамдармен не болғанын нақтылы айта
алатын, сірə біреу бар ма? .. оны мен білмеймін. Егерде, Сіз бұлардың
кездесу датасына көңіл аударсаңыз, бұл 1923 жыл еді, яғни I929
жылғы жəне Ұлы депрессияның қарсаны болатын, мүмкін осы
жағдайлар, олардың тағдырларына əсер еткен болар.
Сондағы менің айтпағым: біздің уақытымыздағы өзгерістер, ол
кезеңнен гөрі, əрі шапшаң, əрі радикалды түрде болады.
Алдағы 25 жыл ішінде, бізді күтіп тұрған, оқыс көтерілулер мен
құлдыраулар, сол бизнесмендердің бастарынан кешкендіктерінен
кемде-кем болмайтындығы түсінікті.
Міне, сондықтан мені қатты алаңдататын бір жəйт, ол жұрттың
көпшілігінің зейіні тек қана ақшаға ауған, ал өздерінің ең басты
байлығы білімдеріне көңіл аудармаушылықтары.
Егерде Сіз жаңа идеяларға ашық сөзімтал болсаңыз, онда
болатын өзгерістер сізді бай қылады. Ал барлық проблемаларды тек
қана ақша шешеді, деп ойласаңыз, онда сізге оңай болмайды.
Қаржылық қараңғылығы, ақшаның тез жоғалуына əкеліп соқтырады.
Жұрттың көпшілігі, өмірде қанша ақша тапқандықтан емес, оның
қаншасы есінде сақталғаннын маңызды екенін аңғармайды.


Мысалы, лотореядан үлкен ұлысқа шыққан бақыттылар туралы, біз жиі
естиміз. Алдында олар кедей еді, бір сəтте бай болады, артынан қайта кедей
болады. Олар миллион ақшаны қолдарына
алғанымен, жуық арада қайтадан өздерінің, тез қалыптарына түседі.
Не болмаса кəсіби спортшыларды естеріңізге түсіріңіздерші, олар 24
жасында жылына миллиондаған доллар табыс тауып, 34 жасында
жоқшылықтың салдарынан, кепір астында түнейді.
Бүгінгі газетте осыдан бір жыл бұрын миллионер болған жас
баскетболшы туралы əңгіме оқыдым. Өзінің айтуы бойынша: оның
жолдастары, заңгері мен бухгалтері барлық ақшаларын алып
қойғандықтан, машина жуу орнына. бірнеше тиын көлеміндегі жалақы
үшін, жұмысқа тұрады. Ол 29-ақ жаста.
Алайда, саусағындағы чемпиондық сақинаны алып тастауға
көнбегені үшін, оны машина жуу жұмысынан да шығарып жібереді.
Оның көрген зəбірі осылай газет бетінде пайда болады. Қазір ол өз
құқығы жөнінде соттасуда. Оның айтуынша: қолындағы сақинасы- ең
соңғы заты. Егер одан айырса. онда мен өлемін, дейді ол.
1997 жылдын казіргі кезеңінде, бір сəтте миллионер болған көп
адамдар маған белгілі. Мен, əрине адамдардың бай болғанына қуанам,
бірақ ескертетінім мынау: ұзақ мерзімді кезеңде сізде қанша ақшаның
барлығы маңызды емес, оның маңыздылығы: сол ақшаны өзіңіз жəне
қанша ұрпағыңыз үшін жеткізе аласыз, əңгіме осында. Сондықтан,
«Неден бастауға болады?» немесе «Қалай тез байуға болады?» деген
сұрақтарға менің берген жауаптарым, жұрттың көпшілігін
қанағаттандырмай, таңқалдыратын.
Мен, оларға негізінде бай əкеден естігендерімді ғана
айтатынбын: «Егерде бай болғың келсе, қаржы туралы сауатты
болуың керек». Бұл пікір, бай əке тарапынан, маған жатқан сайын,
басыма шұқығандай қылып, əрдайым айтылатын.
Жоғарыда атап еткенімдей, менің оқымысты əкем, əрқашанда
кітап оқу керек, деп айтатын, ал бай əке қаржылық сауаттылық қажет,-
дейтін.
Егер Сіз зəулім үй (небоскреб) салғыңыз келсе, алдымен терең
шұңқыр қазып, содан кейін мықты фундамент құюңыз керек. Егерде
қала маңында үй салғыңыз келсе, оған 15 сантиметрлік бетон
жеткілікті. Ал, «шапшаң» бай болғысы келгендер бірден «Эмпайр
стейтбилдинг» зəулім (небоскреб) үйін 15 сантиметрлік фундаментке
отырғыза сальш, тік тұрғызғылары келеді.
Ақырында көп ұзамай «пизан мұнарасы» тəрізді қисайған зəулім


үйді көреді.
Ауыл шаруашылығы үстем болып тұрған дəуірде құрылған біздің
оқыту жүйесі, фундаментсіз салынған үймен пара-пар.
Өкінішке орай, сол мектептерде айтарлықтай өзгерістер əлі
болған жоқ. Сондықтан, балалар мектепті каржы туралы ештеңе
білмей аяқтайды. Соңында бұлардың көпшілігі кедейлер легіне
қосылып, белшесінен қарызға батып, түн ұйқысынан айырылып:
«Егерде тез баюдың тəсілі табылса, меніқ ақша проблемаларым
шешілер еді», деп дөңбекшумен болады. Фудаментсіз үй салғанмен
бірдей, əртүрлі іс-қимылдарынан береке шықпай, ұйқысыз мазаң
түндерге қайта оралады.
Ал, Майк екеуімізде барлық мүмкіншіліктер бар еді, себебі: бізді
бала көзімізде, мықты қаржы фундаментің қалай қалауға
болатындығы жөнінде оқытқан еді.
Бухгалтерлік есеп, іш пыстыртатын жəне шатасқан оқулардың
бір түрі. Дегенмен, Сіз ұзақ мерзімді жəне тұрақты түрде бай
болғыңыз келсе, бұл оқу сіз үшін, ең маңызды білім болуы ықтимал.
Осы күрделі салаға баланы қалай оқытуға болады, əңгіме сонда. Оны
жеңілдетіп, тартымды əрі қызықты қылу керек. Алдымен суреттерді
қолдану қажет.
Бай əке, Майк екеуіміздің ойымызға мықты қаржы фундаментің
салып еді. Біз бала едік, бірақ ол. бізді оқыту үшін ең қарапайым
тəсілін тапқан болатын.
Көп жылдар бойы, ол суреттер салып, солар бойынша түсіндіріп
оқытатын. Біз көрсетілген қарапайым жобалар мен терминдерді, ақша
айналымын түсініп, игерген сайын, ол біртіндеп цифрларды қоса
бастайтын.
Майк ақырында күрделі бухгалтерлік талдауды меңгерді, бұл
оған өте қажет еді. Қазір ол миллиардтаған қаржы империясын
басқарады. Менің білімім, оған қарағанда қарапайымдау, себебі: менің
империям кіші, бірақ фундаментіміз бірдей.
Келесі беттерде. Майктің əкесінің біз үшін, салған қарапайым
схемаларын көресіздер. Бұлар біздей кішкентай екі балаға, келешекте
байлықтың тегеуірінді фундаментін қалауға септігін тигізді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет