Bay ake kedey ake 1 Роберт Кийосаки



Pdf көрінісі
бет28/41
Дата19.01.2023
өлшемі1,48 Mb.
#61899
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   41
Байланысты:
«Бай әке, кедей әке» • Роберт Кийосаки

2. Таңдап алу қаблеттілігі.
Міне, сондықтан жұрт тəуелсіз елде өмір өмір сүруді қалайды.
Бізге таңдап aлy мүмкіншілігі керек. Қаржы
тұрғысынан алғанда, қолыңызға тиген 1 доллардан болашақта не бай,
не кедей болу тағдыры қолымызда тұрады. Маған ақшаны қалай
жұмсайтындығыңызды айтсаңыз, мен сонда Сіздің кім екеніңізді
айтамын. Кедейлердің бұл мəселе бойынша дағдылары жаман.
Менің бала кезімде «Монополия» ойынын ойнауға сəті түсті
жəне оны құмартып ойнайтынмын. Бұны бала ойыны деп, маған
ешкім айтқан жоқ, бұл ойынға есейген шағымда да ойнайтынмын.
Оның сыртында, актив пен пассивтің не екенін, олардың қандай
айырмашылықтары бар екенін түсіндіретін менде бай əке болды.
Сондықтан, мен бала кезімнен бай болуға шешім қабылдап, активтерді
сатып алушылыққа үйрену- ең басты мəселе екенін ұқтым.
Менің ең жақсы досым Майк, активтер колонкасын (бөлігін)
мұралықтан алды, бірақ бəрібір оған оларды сақтап, дамыту керек еді.
Кейбір байлардың балалары, əкелерінің жиған байлықтарын шашып
құртатын, өйткені олар оны басқаруды білмейтін. Жұрттың көпшілігі
бай болушылықты қаламайды.
Халықтың 90 процентіне байлық «қолайсыз жəне мазасыз»
сияқты көрінеді. Сондықтан, олар əртүрлі: «Мен ешуақытта бай
болмаймын», «Ақша мені қызықтырмайды», «Мен жаспын, маған бай
болу əлі ерте», «Мен көп ақша тапқанымда, сол уақытта болашақты
ойластырам» немесе «Біздің үйде ақшаны əйелім немесе күйеуім
ұстайды» деген сылтаулар айтып, қашқақтап жүреді.
Мұның проблемасы: осындай сылтаулар адамды eң құнды


нəрседен мақрұм қылады: уақыт жəне тəжірбие. Сізде ақшаның
жоқтығы: ол білім жəне тəжірбиеден бас тартушылыққа дəлел емес.
Өзіміздің күнделікті уақытымызды қалай пайдаланамыз, ақшаны
қалай жұмсаймыз, неге көңіл бөлеміз, осының барлығы біздің таңдап
алған қалауымыз болып табылады. Қалап алушылықтың маңызы
рсында. Таңдап, қалап алушылық бəрімізге тəн. Мен байлықты
қалаймын, осы қалауымды күнделікті ісіммен дəлелдеймін.
Ең бірінші ақшаңызды білім алуға салыңыз. Сіздің бойыңыздағы
ең құнды дүние-ол Сіздің ақылыңыз. Бұл бізге бағынышты ең құдретті
күш. Қалап алушылықтың маңызын мен айттым. Біздің əрқайсымыз,
есейген шағымызда, өз миымызды немен толтыруды қалап алуға
еріктіміз. Күні бойы доп ойнайсыз ба, кітап оқисыз ба, телевизор
көресіз бе əлде қаржы туралы семинар-курстарға барып оқисыз ба? Ол
Сіздің еркіңіз.
Жұрттың көбі, алдымен ақшаны инвестицияның өзінің не екенін
білуге салудың орнына, оны құр инвестицияға сала салады. Жақында,
бізге таныс бір əйеллің үйіне ұры түскен. Ұрылар телевизорды,
бейнемагнитофонды алып кетіп, оның таптырмайтын кітаптарына
тимеген. Жоғарыда айтқанымдай қалап алушылық, біздің бөрімізде
бар. Шындығында, елдің 90 проценті телевизорларды сатып алады, ал
10 проценті бизнес жөнінде кітаптар жəне инвестициялар туралы
бейнекассеталар сатып алады.
Ал, мен не істеймін?
Мен семинарларға барамын. Маған семинарлардын 2-3 күн
өткізілетіндіктері ұнайды, сонда мағлұматтарды көбірек алып, алған
сабаққа терең үңілуге болады. 1973 жылы телевизордан, жылжымайтын
мүлікті қолма-қол ақша төлемей, қалай сатып алуға
болатындығы жөнінде, өткізілетін үш күндік семинар туралы жарнама
көрдім. Мен осы семинарға қатынасу үшін 385 доллар жұмсадым,
соның арқасында екі миллиорнан астам пайда таптым. Мұның
маңыздысы мен уақытымды үнемдедім. Енді маған, өзіме ғұмыр бойы
жұмыс істеуім керек. Жыл сайын кем дегенде осындай екі семинарға
барамын. Маған лекциялар жазылған аудиокассеталар ұнайды. Неге?
Оны қай мезгілде болсада, кайта қарап, кейін қайырып
тыңдауыма болады.
Бірде мен Питер Линчті тыңдадым. оның бір пікірімен, мен
мүлдем келіспеген едім. Бірақ, оны сынаудың орнына, мен оның
айтқанын қайтадан 20 рет тыңдадым. Мүмкін, одан да көп болар. Бір
мезетте, оны бар ынтаммен тындаудың арқасында, неге олай деп
айтатынын əбден түсіндім. Бұл бір ғажайып жағдай болды.
Біздің дəуірдің атақты инвесторының миының ішіне «енгендей»


болдым. Оның үлкен білімі мен тəжірбиесінің қорын иеленгендей
болдым. Соның нəтижесінде, енді менде өзімнің ескі пікірім жəне сол
бір проблема мен ахуалды көріп, талдайтын Питердің де пікірі болды.
Сөйтіп, енді менде бір пікірдің орнына, екеу болды, солай қиын
ахуалды талдауға екі тəсіл пайда болды. Бұл бағасы жоқ, дарындық
еді. Осы кезеңде мен, өз-өзімнен: «Мұны Питер Линн, қалай істеген
болар еді?» деп немесе Дональд Трап, Уоррен Баффет жəне Джордж
Сорос, деп сұрақ қоямын. Олардың ғаламат білімдерін пайдалану
үшін, өзіңнің барлық қайрат-жігеріңді жұмсауың қажет. Олардың
айтқандарын тыңдауға, оқуға өзіңді жұмылдыра білуің керек.
Өр-көкіректігі көп, сынауға бейім адам, өз-өзіне баға берудің ең
төменгі сатысында болып, қатерлікке (тəуекелділікке) баспайды.
Егерде Сіз жаңа бірдеңені білсеңіз, қателіктер жасауға тура келеді,
онсыз алған сабағыңызды толық түсіне алмайсыз.
Егерде кітаптың осы жеріне дейін келіп оқысаңыз, онда Сіз мен-
мен жəне өркөкірек адам емессіз. Мен-мендер (өздерін көп білушілер
қатарына қосатын) кітаптарды аз оқып, аудиокассеталарды ашпайды.
Оларға оңың қажеті қанша?
Өздерін олар онсыз да, білгірлер «жердің кіндігі», -деп есептейді.
Өмірде мұндай «парасаттылар» көп, жаңа бір дүние олардың
қалыптасқан ой-пікірлеріне сəйкес келмесе, айқай-шу көтеріп, таласып
қорғана бастайды. Мұндай Жағдайда олардың
«парасаттылықтары» мен-мендікпен жанасып, надандыққа ауысады.
Бізге тамаша білімділігімен, өзінің ақыл-ой қаблеттілігіне
сенімді адамдардың баршылығы белгілі, дегенмен олардың қаржылық
есептері басқа пікірді туғызады. Алғыр адам, жəне идеяларды құп
алады, себебі: олар оны одан да əрі күшті қыла түседі.
Сөйлегеннен гөрі, тыңдау маңызды. Бұлай болмаған жағдайда.
Құдай бізге екі құлақ бір ауыз бермеген болар еді. Жаңа Идеялар мен
мүмкіндіктерді тыңдап жəне игерудің орнына, адамдардың көпшілігі
оларды аузымен «ойлайды». Сұрақтар берудің орнына, олар таласумен
болады.
Байлыққа мен үлкен маңыз берем. Маған лотерея немесе казино
ойыншаларының бір сəтте бай болушының көз қарастары ұнамайды.
Бірде мен биржада бірдеңе жоғалтам. бірде ұтам, бірақ менің білімім,
қашанда менін өңіммен болады. Ұшқыш болу үшін, алдымен ұшуға
оқу керек.
Мені қашанда, адамдардың көпшілігінің акцияларды немесе
жылжымайтын мүлікті жəй ғана сатып алып, бұл жөнінде өз
білімдерін көтеруге тырыспайтындықтары таң қалдыратын. Сіздің бір


немесе екі үй сатып алғаныңыз, жылжымайтын мүлік саудасының
маманы қылмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет