жасырады. Əсіресе, мен мұндай жағдайды,
бухгалтерлермен тиісті
инвесторлармен қаржы есептерін талқылағанда байқаймын.
Олар құр мақтаншақтықпен, бос айғай-шуға бой ұрады. Маған
олардың не айтып отырғандарын өздері де түсінбейтіндіктері белгілі.
Олар өтірік айтпайды, бірақ шындықтан да аулақ. Ақша мен
инвестиция əлемінде, өздерінің не айтып тұрғандарын білмейтін
адамдар көп кездеседі.
Мылжынға салынып, өздерін дəріптеумен
болады. Егерде Сіз бір саладан түк білмейтіндігіңізді аңғарсаңыз: өз-
өзіңізді оқытуды бастаңыз, кажетті маманды іздестіріңіз немесе
арнайы оқулық сатып алыңыз.
ІХ Тарау
Бірінші қадамдар
Мен тез жəне оңай байыдым деп айтқым келеді. Бірақ, бұл оңай
емес. «Неден бастау керек?»
деген сұрақка жауап бергенімде, маған
күнделікті қаншама ойлау процесстерін басымнан өткізуіме тура
келетіндігін айтамын. Тамаша мəмілелерді (сделкаларды) тез табуға
болады, ол туралы маған сеніңіз. Ал, іс қаржыға тірелгенде, оған
батылдық керек. Өмірдегі «ең жақсы» миллиондаған долларлық
мəмілені табу үшін, қаржылық тапқырлық керек. Ол
барлық
адамдарда бар деп есептеймін.
Мұның проблемасы: ол адам ойының ең бір терең түкпірінде
жатып, ұйқыда болып өз сағатын күтушілікте болады. Себебі: біздің
санамызда ақшаға деген құнығушылықтың барлық жаман істің-түп
тамыры деген ұғым қалыптасқан.
Бізді ақша табу үшін кəсіби мамандық алуға оқытқан, ал
ақшаның өзіңе қалай жұмыс істетуді ешкім көрсетпеген. Бізге
келешекте қаржы туралы алаңдамай-ақ қойыңдар: зейнетке
шыққаннан кейін, мемлекет немесе компаниялар қамқорлық жасайды, -
деп айтатын.
Мұның зардабын
келешекте балаларымыз шегеді, себебі: оларды
да нақ осы жүйе бойынша оқытамыз. Сол баяғыдай ынталы жұмыс
істеуге, табыс табуға, тапқандарын жұмсауға, ол
біткенде қарыз алуға
үйретумен боламыз.
Батыс əлемі өкілдерінің 90 проценті осы қағиданы ұстанумен
болады, оньщ себебі: ақша табу үшін жұмысқа орналасу жеңіл. Егерде
Сіз Басқалардан өзгеше болғыңыз келсе, қаржылық
дарындылғыңызды ояту үшін, Сізге оның он қадамын ұсынамын.
Бұлар менің қолданатын тəсілдерім.
Егерде бұлардың біреуі ұнаса, онда
тамаша, ал ұнамаса, өзіңіздікін ойлап табыңыз.
Бірде Перуде 45 жастағы алтын іздеушімен кездесіп, одан алтын
бар жерлерді қалай тез табатындығын сұрадым, Оның айтқаны:
«Алтын барлық жерлерде бар. Бірақ,
көпшілік оны көрмеуге
дағдыланған»-деді. Мен онымен келісемін. Жылжымайтын мүлікпен
жұмыс істеу барысында, күніне 4-5 жақсы мүмкіншілігі бар
мəмілелерді (сделкаларды) таба аламын, ал жұрттың көпшілігі
бұларды жанай өтіп, байқамайды. Себебі:
олар өздерінің қаржылық
ой-өрістерін дамытумен айналыспайды. Осы бағытта мен Сізге 10
ұсыныс беремін. Оны жетілдіру тек қана Сіздің, өзіңізге ғана
байланысты жəне өз қолыңызда.
Достарыңызбен бөлісу: