Bay ake kedey ake 1 Роберт Кийосаки


Х Тарау Тағыда бірнеше практикалык кеңестер



Pdf көрінісі
бет36/41
Дата19.01.2023
өлшемі1,48 Mb.
#61899
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41
Х Тарау
Тағыда бірнеше практикалык кеңестер
Көп адамдарға алдыңғы тараудағы 10 тармақтар жеткіліксіз
болып көрінуі мүмкін. Олар оны басшылыққа алу емес, жəй əшейін
құрғақ философия деулері мүмкін. Мен үшін, философияның
маңыздылығы азшылық танытпайды: расында біреулер алдымен
əрекет етеді де, соңынан ойланады. Сонымен қатар көп ойланып,
артынан ештеңе де істемейтіндер бар. Маған осы екеуінің де
ортақтығы бар деп есептеймін. Мен жаңа идеяларды жақсы көремін
жəне қимыл жасауды сүйемін. Сонымен кімдерге тереңірек
практикалық кеңес керек, оларға мен қалай іс-əрекет
жасайтындығымды қысқаша айтып беремін.
Алдымен не істеп жүрсіз, соны істеуді, тоқтатыңыз. Басқаша
айтқанда, үзіліс жасаңыз жəне қайсысы тиімді, қайсысы тиімсіз соны
ойлауға тырысыңыз. Бір нəрсені қайта-қайта істеп, одан нəтиже
күтушілік аймақтық іс екеніне келісетін шығарсыз. Нəтиже бермеген
істі дереу тоқтатыңыз, басқа бірдеңені табыңыз.
-Жана идеяларды іздеңіз. Мен жаңа инвестициялық Идеяларды
кітап дүкендерінен іздеймін, оларда əртүрлі тақырыптарға арналған
кітаптар болады. Мен өзіме мүлдем белгісіз формулалары жəне
схемалары бар, əртүрлі кеңестер қамтылған кітаптарды сатып аламын.
Мысалы, кітап дүкенінен Джоэла Московицаның «Он алты проценттік
шешім» деген кітабын сатып алып оқып шықтым.
Қимылды бастаңыз!
Келесі бейсенбіде, кітапта қалай айтылған, мен тура солай
істедім. Барлық келтірілген тəсілдерінен ауытқыған жоқпын. Жұрттың
көбі іс-əрекет жасамай немесе біреудің кері ықпал етуіне көнеді.


Менің көршім 16 проценттік тəсілді неге істей алмайтындығы туралы
айтты. Мен оны тыңдағаным жоқ, өйткені оның мұндай мəселелер мен
ешуақытта айналыспағанын жақсы білетінмін.
-Сіз істегіңіз келген істі, əлдеқашан істеген адамды тауып
алыңыз. Оны түстенуге шақырыңыз. Осы шаруа жөнінде азғантай
болсада белісуін, ұрымтал жерлерін айтуға өтініңіз. Он алты
проценттік салықтық сертификат туралы жергілікті салық
кызметкерімен сөйлестім (ол кісіде осыған ақша салады екен). Сол
сəтте оны түстенуге шақырдым. Ас үстінде ол кісі не істеп, не қою
керек бəрін түгел айтты. Астан кейін жарты күн бойы, бұл мəселе
бойынша өз проблемаларын айтып берді. Ертеңгі күні сол кісінің
көмегімен екі тамаша мəміле (сделка) таптым, міне содан бері 16
процентті алудамын. Маған бұл үшін бір күн кітап оқуға, бір күн
қимыл жасауға, бір сағат түстенуге, тағы бір күн пайдалы мəміле
жасауға керек болды.
Семинарларға барыңыз жəне лекциялар жазылған
аудиокассеталарды сатып алыңыз. Мен газеттерден жаңа қызықты
курс туралы жарнамаларды іздеумен боламын. Олардың көпшілігі
тегін өткізіледі. Рас, мен басқа да қымбат тұратын семинарларға
барамын. Міне осындай оқулардың арқасында баймын жəне
тəуелсізбін. Осындай курстарға барып ғұмырында оқып көрмеген. ол
текке ақша шығарушылық, -деп есептейтін менің жолдастарым да жоқ
емес. Сөйтіп, олар осы уақытқа дейін, сол орындарында жұмыс
істейді.
- Ұсыныс жасауға кысылмаңыз. Мен жылжымайтын мүлікті
сатып алғым келгенде, барлық амалдарын қарап жəне барлығына
ұсыныс жасаймын. Осы ұсыныстардың қайсысы «дұрыс» оны Сіз
білесіз бе? Айту керек, маған да бұл белгісіз. Мұнымен жылжымайтын
мүлік саудасының агенті айналысуы керек. Мен аз жұмыс істеуге
тырысамын. Маған бір таныс əйел, көп пəтерлі үйлерді қалай сатып
алуға болатындығы жайында көрсетуді сұрады. Сөйтіп, бір сенбіде
бəріміз,оның агентімен бірге 6 үйді қарадық. Бұл үйлердің 4-уі
жарамсыз, 2-уі жақсы еді. Мен 6-уына да жарты бағасына ұсыныс
жасаңдар дедім. Олардың зəре-құттары қалмады. Бұл оларға өте
өрескел көрінді, үй иелерін мұндай баға өкпелетуі мүмкін деді. Бірақ,
менің ойымша оның агенті, мұндай іспен шүғылданғысы келмеді.
Ештеңе шешпей, басқа «пайдалы» мəміле іздеуге кетті. Сөйтіп, ол
əйел осы уақытқа дейін «дұрыс» бағамен, «дұрыс» мəмілені
(сделканы) іздестіруде. Алайда, «дұрыс» бағаны қалай айқындауға
болады, егерде екінші жағынан ұсынушы болмаса?
Сатушылар қашанда көп сұрайды, тауардың өзіндік құнынан кем
бағаны, олар өте сирек ұсынады. Мұның имандылығы мынада: ұсыныс
жасауға қысылмаңыз. Инвестор емес адамдардың, бірдеңені


сату жөнінде ешқандай хабарлары жоқ. Менде көптен бері өткізе
алмай жүрген бір жылжымайтын мүлік бар болатын. Мен ол үшін
қандай да болмасын баға жөнінде ұсынысқа даяр едім. Егер 10 торай
ұсынса, бұған да келіскен болар едім. Əңгіме, үйдің бағасында емес,
оған екінші біреудің қызығушылығында еді. Мен оған қарсы ұсыныс
жасап, мүмкін үйді шошқа фермасына айырбастауға ұсынармын.
Ойынның мəні-оның приципінде. Сату жəне сатып алу-бұл тамаша!
Есіңізде болсын, бұл қашанда қызықты ойын.
Ұсыныс жасаңыз, бəлкім біреу келісіп қалар?
Мен ұсынысты қашанда, бірдеңеге сілтеме жасап жасаймын.
Əңгіме жылжымайтын мүлік жайында болса, былай деп айтатынмын:
«Егерде іскер» серіктесім мақұлдаса». Рас, іскер серіктесім кім? ол
туралы ештеңе демейтінмін. Бұл менің үйдегі мысығым екенін, жұрт
қайдан білсін. Олар ұсынысты қабылдаса да, бірақ маған мəміле
ұнамаса, үйіме телефон соғып «мысығыммен сөйлесетінмін». Мұндай
мағанасы жоқ əңгімені айтып отырғаным, Сізге ойынның қаншалықты
күлкілі жағдайға дейінгі қарапайымдылығын көрсету болатын.
Кейбіреулер мұндай жағдайларды сонша күрделі, -деп есептеп
барлығына да үрейлікпен қарауда болады. Пайдалы мəміле іздеу,
саудаласу инвестиция жүргізуде жəне өзіне ыңғайлы саланы таңдап
алудың бəріде маңызды. Осылардың барлығының өмірде өзіндік
орындары бар.
-Өзіңізді қызықтыратын жерлерге, кем дегенде айына бір рет 15
минут болсаңызда, барып тұрыңыз. Мен қашанда таңертеңгі
жүгірісімде, жақсы мəмілерге кезігем. Мен жыл бойы бір мөлтек
аудан бойынша жүгіремін. Онда болып жатқан өзгерістер
қызықтырады. Мəміленің (сделканың) пайдалы болуына, екі жағдай
ықпал етеді- ақша жəне өзгерістер. Арзан ұсынастар қашанда
жеткілікті, бірақ ол үтымды бағаға, қалайда-бір оңтайлы өзгерістердің
нəтижесінде ғана айнала алады. Мен жүгіретін ауданды əдейі таңдап
алу себебім: сол ауданда қандай да бір мүмкіндіктер пайда болса,
ақшамды соларға салмақшы едім. Күнде жүгіргендіктен, онда болып
жатқан өзгерістерді көремін. Бір үйлердің алдында «сатылады» деген
хабарламалардың көптен ілулі тұрғандарын байқаймын. Мұндай
жағдай, сатушы-ұсынған бағаға тез көнуі мүмкін,- деген сөз.
Бір машиналардан жүктердің түсіріліп, не болмаса тиеліп
жатқандықтарын көремін, сонда жұрт көшіп жатыр ма, əлде келіп
жатыр ма? Мен тоқтап жүргізушілермен сөйлесемін. Пошта
тасушылармен кездесем- мұның барлығы аудан туралы таптырмайтын
ақпараттар еді. Сонымен бірге, мен шеткі аудандарда да боламын
(кейде бірнеше жылдар бойынша) жəне онда болып жатқан
өзгерістерді байқаймын. Сауда нүктелерінің сатушыларымен


кездесем, əсіресе жаңа келгендерімен, олардың мұнда неге
келгендерін сұраймын. Бұл барлығы бірнеше минут қана уақыт алады,
бірақ біраз мағлұматтар аламын.
-Құнды қағаздар туралы.
Бұл жөнінде, маған Питер Линчтің «Уоллстриттен асып түсу»
атты кітабындағы бағасы өсетін акцияларды қалай таңдап алуға
болатындығы жөніндегі формуласы ұнайды. Бұл принциптер:
жылжымайтын мүлікке, акцияларға, үй малдарына, тиісті кір жуу
ұнтағының құнының төмендеуіне дейін маңызы бар. Сол бір қалыпты
процесс. Өзіңіздің не істейтіндігіңізді білуіңіз керекте, соны табуға
кірісуіңіз керек.
-Тұтынушылар қашанда, неліктен ұтылыста қалады?
Супермаркетте
заттардың
бағасы
төмендетіліп
сатылса,
тұтынушылардың барлығы соған жүгіреді. Ал құнды қағаздар
нарығында бағасы төмендетілген акциялар сатылса (мұны күйреу
немесе бағаның кері қайтуы, -деп жиі атайды), тұтынушылар оған
жоламайды. Супермаркет бағаны көтергенде, тұтынушы басқа дүкенге
барады. Биржада баға көтерілгенде, тұтынушы акцияларды сатып ала
бастайды.
-Мəмілені (сделканы) қай жерде ұтымдырақ, сол жерден іздеңіз.
Менің бір көршім, үйді 100 мың долларға алды. Мен оның жанындағы
сондай үйді жарты бағасына алдым. Ол бағаның өсушілігін
күтетіндігін айтты. Мен оған пайданы сатып алғанда емес, сатқанда
алады дедім. Ол үйді сатып алғанда, өзінің жеке меншігінде ештеңесі
жоқ, жылжымайтын мүлік саудасының агентінің көмегін пайдаланған.
Ал мен сауданы банктің кепілдікте тұрған үйлерді сату бөлімінде
жасадым. Бұған үйрену үшін, семинарда оқып, оған 500 доллар
төледім. Менің көршім мұндай оқуға 500 доллар төлеу, өте қымбат, -
деп есептеді. Бұған ақшам да, уақытым да жоқ, -деді. Сонымен, ол
үйдің бағасының көтерілуін əлі күтуде.
Алдымен мен бірдеңені сатып алғысы келетіндерді іздеймін, содан
кейін барып қана, сатқысы келетіндерді. Менің бір досым жер
учаскесін іздеді. Оның ақшасы бар еді, бірақ уақыты жоқ. Оған керек,
мен бір үлкен учаске таптым, бірақ ол бір бөлігін ғана алатындығын
айтты. Оған қажетті көлемін саттым да, қалғандарын түгелдей сатып
алдым. Бұл маған тегін түсті. Мұндай істің жөні мынада: мысалы,
пирогты сатып алыңызда оны бірнеше бөлікке бөліңіз. Жұрттың
көпшілігі, өзіне керектісін ғана іздейді де, сондықтан жеңіл ойлайды.
Олар пирогтің бір кішкене ғана бөлігін сатып алады, осы кіші
бөлік үшін артық төлейді. Терең ойланбаған, үлкен пайда таба
алмайды. Бай болғыңыз келсе, терең ойлануға үйреніңіз.


Көтерме сауданың сатушылары жеңілдік ( скидка) жасауды
ұнатады, оның себебі: бизнесмендерге бірдеңені жаппай сатып
алушылық ұнайды. Сондықтан, ақшаңыз аз болсада, ірі сауда туралы
қашанда ойлану керек. Менің компанияма компьютерлер қажет
болғанда, мен басқа жолдастарыма телефон соғып, олар компьютерлер
ала ма, жоқ па? алдымен соны білдім. Көптеген сатушылармен
сөйлесіп, соңында ұтымды мəміле жасап,бірден көп компьютерлер
сатып алдық. Акциялармен де тура осылай жасаймын. Үстірт
ойлайтын адам бай бола алмайды, себебі: ол жападан-жалғыз əрекет
етеді.
Тарихтан үйреніңіз. Биржадағы барлық ірі компаниялар, істерін
кішкене нəрседен бастаған. Полковник Сандерс бəрін жоғалтып
болғаннан кейін, 65-жасында бай болған. Билл Гейтс 30-ға жетпей
əлемдегі ең бай адамдардың бірі болған.
Қимыл қашанда қол қусырып отырушылықтан артық.
Мүмкіншіліктер пайда болғанда, менің қолданатын тəсілдерімнің
бірнеше түрлері осындай. «Қимыл» жəне «іс» деген сөздер нарықта
өте маңызды. Мен осы кітабымда бірнеше рет айтқанымдай. іске
кірісу керек, сонда ғана Сізді қаржы табысы күтеді. Қазірден бастап
іске кірісіңіз!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет