Баянауыл аудандық газеті



Pdf көрінісі
бет5/5
Дата09.03.2017
өлшемі5,44 Mb.
#8516
1   2   3   4   5

А.ЛЕКЕРОВ.                                 

Управление 

государственных 

доходов  по  Баянаульскому  району 

сообщает,  что 18 февраля 2015 

года в здании Дома Культуры села 

Баянауыл  состоится  семинар - 

совещание с участием Заместителя 

руководителя 

и 

специалистов 



Департамента 

государственных 

доходов  по  Павлодарской  области 

по  разъяснению  нововведений 

законодательств, 

связанных 

с 

налогообложением,  таможенными 



вопросами  и  вопросами  борьбы  с 

экономическими преступлениями.

Начало 11-00 до 13-00 часов.

Управление государственных 

доходов по 

Баянаульскому району.

Управление 

государственных 

доходов по  Баянаульскому району 

напоминает  Вам,  что  Согласно 

Закона « О борьбе с коррупцией»,  

лица проходящие государственную 

службу  и  приравненные  к  ним  

обязаны  до 31 марта 2015 года 

сдать Декларацию формы 230.00  о 

доходах  и имуществе, являющимися 

объектом 

налогообложения  

находящимися  как  на  территории 

Республики  Казахстан,  так  и  за 

ее  пределами  в  органы  налоговой 

службы по месту жительства.

За справками обращаться по  тел: 

9-22-98; 9-1568.

Управление государственных 

доходов по 

Баянаульскому району.

УВАЖАЕМЫЕ НАЛОГОПЛАТЕЛЬЩИКИ!!!

Құлболды бабаның мешітін

Құлболды бабаның мешітін

е

е  



қол ұшын берелiк!

БАТЫРЛАР ЕРЛІГІ-

БАТЫРЛАР ЕРЛІГІ-

ҰРПАҚҚА ҮЛГІ

ҰРПАҚҚА ҮЛГІ


8

30 қаңтар 2015 жыл №5 (10656)                                                                                                                 Баянтау

АҚПАРАТТАР

 

ҚҰРЫЛТАЙШЫ: БАЯНАУЫЛ 



АУДАНЫНЫҢ ƏКІМДІГІ.

МЕНШІК  ИЕСІ: «БАЯНТАУ» 

ГАЗЕТІНІҢ РЕДАКЦИЯСЫ 

ЖАУАПКЕРШІЛІГІ 

ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІ. 

ДИРЕКТОР 

(РЕДАКТОР)

Р.Қ.ЖАНТЕЛИЕВ

МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ:

Баспа индексі 140300.

Павлодар облысы, Баянауыл 

ауылы, Сəтбаев көшесі, 49 үй.

Газеттің нөмірі «Баянтау» редакциясында компьютермен теріліп, 

беттеледі.

Телефондар: 9-15-50 

(Редактор), 9-20-24 (факс)

Қазақстан  Республикасының  Мəдениет,  ақпарат  жəне  қо-

ғамдық келісім министрлігінің бұқаралық ақпарат құралын 

есепке  қою  туралы 2002 жылы 29 тамызда  №3255-Г  куəлігі 

берілген.

Газетті  есепке  қою  туралы  Қазақстан  Республикасының 

Мəдениет жəне ақпарат министрлігінің №7250-Г куəлігі 2006 

жылғы 18 мамырда берілген.

Алғашқы  есепке  қою  кезіндегі  нөмірі  мен  мерзімі  №64-

09.10.1990 ж.

Қазақстан  Республикасы  Əділет  министрлігі  Павлодар  

облысының  Əділет  департаменті  Баянауыл  ауданының 

Əділет  басқармасының  заңды  тұлғаны  мемлекеттік  тіркеу 

туралы 2012 жылғы 21 желтоқсандағы №190-1945-04-ЖШС 

куəлігі берілген.

Павлодар қаласында, ЖШС «ДОМ ПЕЧАТИ» 

баспаханасында басылады. Ленин көшесі, 143 үй.

Автордың 

пікірі 

редакция 

көзқарасына  сəйкес  келе  бермеуі 

мүмкін. 

Мақалада 

көрсетілген 

ақпараттар 

мен 

деректерге 

авторлар  жауап  береді.  Жарнама 

материалдарының 

 

мазмұнына 

берушілер  жауап  береді.  Редакция 

оқырмандардан 

түскен 

барлық 

хаттарға  тегіс  жауап  беруді  міндетіне 

алмайды. 

Нөмірді əзірлеу барысында интернет 

ресурстарынан алынған фотосуреттер 

де 

пайдаланылды. 

Хаттар, 

қолжазбалар, 

фотографиялармен 

суреттер 

рецензияланбайды 

жəне 

қайтарылмайды.

Газет аптасына бір рет, жұма 

күні шығады.

ТАРАЛЫМЫ: 2000. 

Тапсырыс

Жеңіс туын желбіреткен - «Айналайын!»

2015  жылдың 5-9 қаңтар  аралығында  Алматы  қаласының 

Оқушылар сарайында республикалық «Күншуақ» фестиваль-

байқауы  «Алматыдағы  қысқы  ертегі-2015»  атты  тақырыпта 

ұйымдастырылды. 

Фестивальдің  негізгі  мақсаты - балалар  шығармашылық 

ұжымдарының  дамуын  ынталандыру,  балалар  ұжымдары 

арасында байланыс орнату.

Байқау  вокал,  хореография  жəне  аспаптық  музыка 

аталымдары бойынша өтті. Жас талант иелерін анықтайтын 

республикалық 

«Күншуақ» 

фестиваль-байқауына 

қа-

тысушылар 



саны 

жылдан-жылға 

артуда. 

Балалар 


шығармашылығы  байқауының  би  бөліміне  еліміздің  əр 

қиырынан  келген 74 дарынды  би  ұжымдары  қытысып,  бақ 

сынасты. 

Аталмыш  байқауға  Майқайың  кенті  Майқайың  балалар 

өнер  мектебінің  «Айналайын»  кіші  топ  би  ұжымы  асқан 

дайындықпен  барып,  өздерінің  өнерлерін  ортаға  салды. 

«Айналайын»  кіші  би  ұжымының  өнерпаздары  Төлеубаева 

Ділназ, Советова Нұрсұлу, Дүйсен Нұрайым, Зəрубаева Айым, 

Капанова  Диляра,  Сатыбалдина  Аружан,  Шотбаева  Əдия, 

Марданова  Нарғыз,  Төремұратова  Айсұлу,  Ерикбол  Аяулым,  Шəкірова  Зере,  Үсейінова 

Томирис,Муслимова  Мадина,  Жалмұқанова  Жанна,  Мəукенова  Мерей,  Бейсембай  Нұрай, 

Болат Нұрай, Баймұрат Алтынай, Тоқтамұрат Дариға, Құсаинова Айша, Мақажанова Айша, 

Қайырбек Ақнұр, Жұмабекова Қалиман, Махаленова Айым  сынды кішкентай талант иелері, 

мың бұралған бишілер жұртшылық қауымды «Озарные лесички » жəне «Переполох в саду» 

атты билерімен көрермен қауымды таң қалдырып, зор қуанышқа бөледі.  

«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» дегендей, хас өнердің  шыңына шыққан  «Айналайын»кі-

ші топ би ұжымы əділ қазы алқасының шешімімен (мектепке дейінгі топ) «Хореография»  

номинациясы  бойынша  бас  жүлдені  жеңіп,  жеңістің  биігінен  көрінсе,  вокал,  аспаптық 

музыка өнері бойынша Жаяу Мұса атындағы өнер мектебінің вокал сыныбының оқушысы 

Кенжебек Дана жүлделі І орынды, домбыра сыныбының оқушысы Сағат Гүлбану ІІ орынды 

иеленіп, ауданымыздың намысын қолдан бермеді.

 Əрине, бұл байқауға өзіндік үлесін қосып, би өнеріне баулып қана қоймай, киелі де рухани 

дүниенің сырын ашып, əсемдікке, ұқыптылық пен жауапкершілік секілді асыл қасиеттерге 

тəрбиелеп, талмас талап пен қажымас қайраттың үлгісін көрсетіп жүрген өнер мектебінің 

ұстаздарының еңбектері  зор.  

Адамның  бауыр  еті,  жүрегі  бала.  Сондықтан  да  осы  жүректі  аялы  алақандарыңызбен 

аялап,  көрсеткен  көмектеріңіз  үшін  ата-аналар  қауымына  жəне  ата-аналар  комитеті  

Мұхтарова  Ғазиза  Жұбайқызына,  Сыздықова  Бұлбұл  Хамитқызына  айтар  алғысымыз 

шексіз. Еңбектеріңіз жана берсін! 

Өнерлері  өрге  жүзіп,  алда  талай  асуларды  бағындыра  берулеріңізге  тілектеспіз. 

Қазағымыздың қаракөз қыздары осылай биіктерден көріне берсін!

Б.МАКАРОВА, 

Жаяу Мұса атындағы өнер мектебінің мұғалімі. 



Д.НҰРҒАЗИНОВА,

Майқайың балалар өнер мектебі директорының  

оқу ісі жөніндегі орынбасары.

Утерянный договор на имя Бейсенбаева Медета Бокенбаевича (от 01.02.2007 

г.) считать недействительным.

ЖАРИЯ ЕТУ

«Қазақстан  Республикасының  азаматтарына,  оралмандарға  жəне  Қазақстан 

Республикасында  тұруға  ықтиярхаты  бар  адамдарға  олардың  мүлікті  жария  етуіне 

байланысты рақымшылық жасау туралы» 2014 жылдың 1 қыркүйегінде  №213-V ҚР 

Заңы қолданысқа енді.

Осылайша,  мемлекет  «Жария  ету - 2014» бағдарламасының  форматында  барлық 

тілек  білдіргендердің  өзінің  мүлкін,  соның  ішінде  бұрын  заңды  экономикалық 

айналымнан  шығарылған  ақшаны  да  заңды  жүзінде  жария  етуді  көмектесуге 

шақыратын бір жолғы науқанын өткізді.

Баспа шығарылған заңда жария етуге тиіс мүліктің тізбесі анық жазылады. Оның 

ішіне:  ақша,  құнды  қағаздар,  заңды  тұлғалардың  жарғылық  капиталдағы  қатысу 

үлесі,  жылжымайтын  мүлік,  құрылыс  нормалары  мен  ережелеріне  сəйкес  келетін 

Қазақстан-ның аумағындағы ғимараттар, сонымен қатар, республика аумағынан тыс 

жылжымай-тын мүлік кіреді.

Алайда, көрсетілгеннің барлығы жария етілуі мүмкін емес. Ол құқыққа, адамның 

бостандығына қарсы жасалған қылмыстар, сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылық 

жəне  қылмыстар,  сонымен  қатар,  жалған  ақша,  құнды  қағаздар  мен  құжаттарды 

заңсыз жасау нəтижесінде алынған мүлік жəне ақша жатады.

Жария  етуге,  сондай-ақ,  құқығы  сот  тəртібінде  немесе  заңды  түрде  дауланып 

жатқан  мүлік жария етуге жатпайды. Оған, сондай-ақ, несие ретінде алынған ақша, 

мемлекеттің  пайдасына  тапсыруға  тиіс  мүлік,  құрылысының  аяқталуы  бюджеттік 

қаражаттың есе-бінен іске асырылатын жылжымайтын мүлік объектілеріндегі тұрғын 

жəне тұрғын емес үй-жайлар жатады.   

Көрсетілген инстанцияларға жүгінген кезде азаматтар мүлікті жария етуді өткізуге 

тиісті үлгідегі арызды екі данада, түпнұсқасын ұсынып, жеке басын куəландыратын 

құжаттың көшірмелерін беруі қажет, сонымен қатар, объектінің техникалық паспорты, 

ғимараттар  мен  құрылыстарды  объектінің  құрылыс  нормалары  мен  қағидаларына 

сəйкестігіне  техникалық  тексеруді  жүзеге  асыратын  аттестатталған  сарапшының 

қорытындысын талап етіледі.  

Өз кезегінде ақшаны жария ету үшін келесі шарттарды орындау керек:

Біріншіден – ұлттық немесе шетел валютасында жария етуге тиіс сома жария ету 

мерзімінде Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі немесе «Қазпошта» 

АҚ Ұлттық пошта операторында арнайы ашылған жинақ шотына салынады;

Екіншіден - сол ақша, салған күннен бастап кемінде күнтізбелік алпыс ай шотта 

жатуға тиіс.

Жария  етілген  ақшалай  қаражатты  аударған  соң,  ақша  сомасының  мөлшерін 

растайтын белгіленген нысан бойынша анықтама беріледі.

Бұл  ретте,  азаматтар  жария  етудің  қолдану  мерзімі  аяқталғанға  дейін  ұлттық 

активтер-ді,  құнды  қағаздарды,  облигацияларды  сатып  алып  оларды  Қазақстанның 

экономика-сына  инвестициялап,  аталған  шоттарға  аударылған  ақшаға  билік  етуге 

құқылы.

Егер де, ақшалай қаражат қылмысты жасау нəтижесінде алынғаны анықталған болса 



ақшалай қаражатты жария ету заңсыз деп танылу фактісіне назар аудару керек.

Көрсетілген  заңның  күшіне  енгенінен  бастап  өзінің  мүлкі  мен  ақшасын  жария 

етуді  қалаған  барлық  адамдар  олардың  сақталуына  жəне  табыс  салығын  салуды 

ықтимал деп  алаңдамауларына болады. Олар табыс ретінде көзделмейтіні, ал ақша 

өз кезегінде депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы Қазақстан Республикасының 

заңнамасымен қорғалғаны Заңмен əлде қайда қарастырылған.  

Сонымен  қатар,  адамдарды  əкімшілік  немесе  қылмыстық  тəртіпте  қудалау  үшін 

мемлекеттік  жəне  лауазымдық  органдарынан  алынған  ақпаратқа  қатысты  маңызды 

кепіл Заңмен көзделгеніне назар аудару керек.

Бұдан бұрын айтылғандай, «Жария ету - 2014» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге 

асыру 2014 жылдың 1 қыркүйегінен  бастап 2015 жылдың 31 желтоқсанына  дейін 

жалғасады.

Баянауыл  ауданының  тумасы,  қазіргі  Павлодар  қаласының  тұрғыны,  ұлағатты  ұстаз  

Əбушахманова  Маратай  Аманқызын  зейнетке  шығу  мерейлі  жасымен  шын  жүректен 

құттықтаймыз! 

34 жыл бойы ұрпаққа сапалы білім мен саналы тəрбие беру жолында қызмет етіп келе 

жатқан ұлағатты ұстазға бар жақсылықты тілейміз.



Ұстаз шебер қисықтарды жөндейтін,

Тентектерді ақылменен емдейтін.

Болса-дағы малға кедей өмірде, 

Бар байлығым шəкірттерім сен дейтін.

Зейнет жасқа жетіп кепсіз зымырап,

Бірақ қимыл əлі жастай шымыр-ақ.

Талай күндер төккен термен өткен күн,

Қуаныштың кəрі көктен сепкен күн.

Талай жылдар тағылымы толысып,

Еңбектен соң зейнет келіп жеткен күн. 

Еңбегіңіз  еленіп,  құрметті  демалысқа  шыққан  қуанышты  күніңіз  құтты  болсын.  Өмір 

жолыңыз ұзақ болып, бейнетіңіздің зейнетін көріп, денсаулық, бақыт, байлық алып келсін! 

Қызыңыз Маржан мен күйеу балаңыз Жандарбектің қызығын көре беріңіз. 



ТІЛЕК БІЛДІРУШІЛЕР: ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ №35 ЖАЛПЫ 

ОРТА БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІНІҢ ҰЖЫМЫ.

Қ ұ т т ы қ т а у 



ҚҰРМЕТТІ БАЯНАУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ!

Ардақты Мұхаммед пайғамбарымыздың 

(с.ғ.с.) Мəуліт мерекесі аудандық Мұса мырза 

мешітінің ұйымдастыруымен ақпан айының 

8-і күні сағат 11.00-де С.Торайғыров атындағы 

аудандық мəдениет үйінде өткізіледі. 

Іс-шараға барша мұсылман қауымының 

қатысуын сұраймыз.

                                                                       

АУДАНДЫҚ МЕШІТ ҰЖЫМЫ. 

Өрттің  туындауына  себеп  болар  көп 

факторларының  бірі - абайсыз  тасталған 

темекі шоғынан да болып жатады. 

Көп адамдар темекінің толық сөнбеген 

күлін  кез  келген  жерге  тастай  салып 

жатады. 

Мұндай 


əрекеттің 

соңы 


үлкен 

апаттың 


тууына 

себепші 


болады. 

Бүгінгі  таңда  ішімдік  ішкен  адамдардың  

ұқыпсыздықтарынан  болатын  өрттер 

көптеп  таралған.  Болған  оқиғалардың 

бəрі бір-біріне ұқсайды. Мас адам темекі 

тартқан соң, ұйқыға батады, темекі төсек 

орынға, киіміне түседі. Одан кейін өрт болып, адам тұншықтырғыш газбен улана 

бастайды, соңы ажалға əкеліп соқтырады.  

Жақында  Баянауыл  ауылы  Ферингер  көшесіндегі  тұрғын  үйлердің  бірінде  өрт 

шығып, 1 адам тілсіз жаудың құрбаны болды. Тексеріс нəтижесінде өрттің шығу 

салдары  тұрғынның  мас  күйінде  темекі  шоғын  байқаусызда  түсіріп  алғаннан 

болып отыр. 

Соңы ауыр зардапқа соқпас үшін тілсіз жаудан сақтанудың жолдарын əрдайым 

қаперде ұстап жүрген абзал. 

     А.НҰРПЕЙІСОВ, 

Баянауыл ТЖБ бас маманы 



ө/қ қызмет аға лейтенанты. 

Өрттен сақтану - өз қолымызда 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет