М
Миялы балалар Өнер мектебі филиалы
Б А Я Н Д А М А
«Қорқыт ата – қобыздың ішегінде, халықтың жүрегінде»
Дайындаған : Ш.Муканова
Кіріспе
Қазақ халқы ананың әлдиі мен әкенің балбөбек жырын ежелден құлаққа сіңіріп өскен ел. Халық ауыз әдебиетінің балалар фольклорындағы қай жанрды алып қарасақ та оларды сарындарын оңай аңғаруға болады. Мәселен бесік жырлары мен балалар ойындарының мазмұндарын осыған саяды. Осы бір қалыптасқан ұлттық дәстүрімізді ескерсек, музыкалық мұрамыздың тәрбие –тәлімдік қасиеттері зор екені еш күмән туғызбайды.
Музыка тілі басқа өнердің салаларымен салыстырғанда күрделі тіл. Музыкада айтылатын ой мен оқиға, сазды дыбыстар арқылы беріледі. Музыка өнерінің ерекшелігі саз бен тіл жеткізіп айта алмайтын, адамның жан дүниесіндегі құбылыстарды, сезімді дыбыс арқылы беруге мүмкіндік түсініп қабылдау үшін, бұл өнер саласының өзіндік ерекшелігін айқын аңғарып табиғат құбылыстарын, өмір шындығын табиғат музыкалық дыбыстар қандай жолмен бейнелейтініне ой жүгірткен жөн. Бүгінгі таңда жас ұрпақтың музыкалық эстетикалық білімін барынша көтеру кезек күттірмейтін мәселелердің бірі. Өйткені бұл – жастарды заман талабына сай имандылық, инабаттылық және жалпы мәдениеттілік пен білімділікке тәрбиелеудің негізгі жолы болып табылады. Музыка мектебінің оқушыларының музыалық қабілетін меңгерту, ән салу, дирижёрлау мен түрлі әдістерді қолдануға болады. Жеке – жеке тапсырма, топтық тапсырмаларға талдау жасау. Т.б.
Қай заманда болмасын адамзат алдында мұрат – міндеттердің ең бастысы өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақтың тәрбиесі келешек қоғамды ойлау болып табылады. Музыкада эстетикалық тәрбиенің маңызды бір бөлігі бола отырып жеке тұлғаның ақыл ойымен дене өмір тәрбиесін кеңейтуге, қызығушылығын біліктілігін және ойлау қабілетін дамытуға шығармашылық іскерлікке тәрбиелеу мұғалімнің басты міндеті болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |