Баяндам а «Қорқыт ата – қобыздың ішегінде, халықтың жүрегінде» Дайындаған : Ш. Муканова



бет2/4
Дата13.03.2022
өлшемі55,84 Kb.
#27751
1   2   3   4
ІІ. Негізгі бөлім

«Қорқыт ата - қобыздың ішегінде, халықтың жүрегінде»

Қорқыт ата - қара қобызды түркі жұртының аруақты аспабына айналдырған ұлы күйші, түркі музыка өнерінің негізін қалаушы.

Қорқыт - оғыз, қыпшақ тайпаларының ойшылы, ақын күйшісі, көрікпел әулиесі, бақсысы. VIII – IX ғасырда Сыр бойында өмір сүрген. Қорқыттың ата тегі оғыз тайпасының Қайы дейтін тармағынан болса, нағашы жұрты – қалың қыпшақ елі. Қорқыттың әкесі оғыз тайпасына белгілі Қара деген кісі болса керек. Сырдарияның жағасында Қорқыттың бұрынғы күмбезі бар. Қызылорда да 1980 жылы орнатылған ескерткіші бар. Ол дүниеге келерде анасы құлан етіне жерік болып, құрсақтағы баласын үш жыл тоғыз күн көтерген екен. Сол үш жылдың әр жылында толғақ қысып, дүниеге нәресте келетіндей қамданған. Сөйтіп үш жыл тоғыз күн дегенде күн күркіреп, найзағай ойнап, дауыл соғып, дүниенің астан – кестені шығады. Мұның бәрін дүниеге келер нәрестенің киесіне жорыған жұртты үрей билейді. Жиналған жұрт бұл ерекше қасиетті боп өмірге келуі арқылы біздің бәрімізді қорқытты ғой, сондықтан аты Қорқыт болсын деп, нәрестенің есімін Қорқыт қояды.

Қорқыт туған кезінде,

Қара аспанды су алған

Қара жерді құм алған,

Ол туғанды ел қорқып

Туғаннан соң қуанған, деген оның өмірге келуі жайында жыр да бар. Қорқыт туысымен дауыл тынып, бұлт ыдырап, күн шығып, дүние қайта маужыраған күйге түседі.

Бір күні Қорқыт түс көреді. Түсінде ақ сақалы беліне түскен, ақ таяғы көк тіреген әулие қарт аян береді. «Уа Қорқыт, тұр! Сен бір аспап жаса, аспабың алты жасар нар атанның жілігіндей болсын шанағы қара бақырдай болсын, ішегі бесті айғырдың құйрығынан болсын. Аспабыңның аты қобыз болсын. Сол қобыз жаныңа араша болар» - дейді. Қорқыт ұйқысынан ояна сала осы айтылғандардың бәрін жасайды.

Қарағайдың түбінен,

Қайырып алған қобызым,

Үйеңкенің түбінен,


Үйіріп алған қобызым,

Желмаяның терісін

Шанақ қылған қобызым,

Ортекенің мүйізін

Тиек қылған қобызым,

Бесті айғырдың құйрығын

Ішек қылған қобызым,

Құлағыңды бұрайын

Осы айтқаным болмаса

Қайырып жерге ұрайын, - деп қобызды қолына алған кезде аспап боздап қоя беріпті. Қобыз үнін бар табиғат, ұшқан құс, ескен жел, жүгірген аң бәрі тоқтай қалып тыңдайды. Оның бірнеше күйлері бар.

Қорқыт күйлерінің насихатталуына қобызшылар Жаппас Қаламбаев пен Дәулет Мықтыбаев зор еңбек сіңірді. Ж.Қаламбаев 1909 жылы Шымкент облысы Созақ ауданында өмірге келді. Д. Мықтыбаев 1904 жылы Ақмола облысы, Қорғалжын ауданында туған. Ж.Қаламбаев 1943 жылдан көзге түсті. Аз уақыт ішінде үш ішекті, кейін төрт ішекті қобыз ойнауды меңгерді. Д.Мықтыбаев қобыз ойнауды ағасы Ықыластың ұлы Түсіпбектен үйренеді. Түсіпбек Ықыластың күйлерімен бірге Қорқыт күйлерінде үйретеді. Қорқыттың «Сарын » І – түрі, «Сарын » ІІ – түрі, «Елім – ай, халқым - ай», «Башпай», «Тарғыл тана», «Желмая», «Әуппай», «Ұшардың ұлуы» т.б. бірнеше күйлері бар. Кейбір күйлердің шығу тарихы жөнінде қысқаша айтып өтейін.

Мыс : «Ұшардың ұлуы» күйіндегі ананың

Жалғызымнан айрылдым,

Қанатымнан қайрылдым.

Ұшар, ұшар, кә, кә деп баласын жоқтауы.

«Тарғыл танадағы» тананың

Менің өзім қара едім,

Қарадан туған ала едім.

Туған жерім – Қазалым

Мына тау болды – ау ажалым, - деп қиналғаны,

«Әуппай» күйіндегі Қорқыттың

Айналайын балам – ай,

Жас балаңа алаңдай.

Аш болсаң да ойыңда

Аман сақта балаңды- ай, - деп баласын жұбатқан анаға айтқан сөздері күй ойнағанда сарынына қосыла айтылып отырады.

Қорқыттың бала күнінде нағашылары оған бір тайлақ береді. Қорқыт оны өзі бағып қағып өсіреді. Тайлақ табынға қосылмайды. Қорқыттың соңынан қалмай ілесіп жүреді. Иесінен басқа жанды маңына жолатпайды. Ол ұшқан құс, ескен жел жетпейтін, алты айлық жолды алты – ақ күнде аттайтын, жүйрік Желмая болып өседі. Қорқыт енді өлмейтін дүниені іздеп қашып, дүниенің төрт бұрышын түгел шарлағанда серігі әрі қанаты болған Желмаяға арнап осы «Желмая» күйін шығарған.

Қорқыттың «Елім – ай халқым - ай» күйі терең толғауға құрылған. Ол жауынгершілікте талап – таражға ұшырап, қуғын – сүргінде жүрген халқының тағдырына қапаланып, елінің бақыты мен тыныштығын аңсайды. Қорқыт «Елім – ай, халқым – ай, қолыңнан найза, үстіңнен сауыт түспеді- ау. Шат – шадымен өмір сүрер күндерін болар ма екен ? » - деген өзегін өртеген мұң – шері мен арман – тілегін осы күй арқылы толғаған екен.

«Башпай» күйі Қорқыттың өмірінің соңында шығарған ақырғы күйі дейді аңыз. Қорқыт өлімнен қашып, дарияның бетінде отырғанда қарындасы тамақ апарып беріп тұрған екен. Күндіз- түні өмір күйін тартып алысып шаршаған күйші бірде қарындасының әкелген тамағын ішкеннен кейін бойы маужырап, қалғып кетеді. Тамақ салған дорбамен қарақұрт болып ілесіп келген ажал қобыздың үні шықпай тұрған кезде күйшіні шағып алады. Қарақұрттың уы бойына жайылып, әлсіреп бара жатқан Қорқыттан соңғы тілегін айтуды өтінгенде ол : «Бұл өмір опасыз жалған екен. Өзіңнен қанша жыл қашсам да, бәрі бір тапқаның, сұм ажал ? Менің өмірімде екі күнәм бар деп білемін. Бірі – өлімнен қырық жыл бойы қашқаным. Кілем жайып, Сырдың бетінде отырғанымда бірде алай – дүлей дауыл тұрған еді. Сол кезде қарындасыма башпайым тиіп кеткен болатын, екінші күнәм – сол. Сол себепті де мені көмгенде осы екі башпайымды ашық қалдырыңдар», - деп ең соңғы «Башпай» күйін шығарған.

Қорқыт өнерінің одан әрі дамуына үлес қосқан Ықылас Дүкенұлы 1843 жылы Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданында дүниеге келген. Ықыластың ерекше музыкалық дарыны бала кезінен байқалады. Ықыластың күйлері мен өмірі жайында С.Сейфуллин, А.Жұбанов, І.Жақанов т.б. жазушылар жазған. Оның бірнеше күйлері бар. «Шыңырау», «Қазан», «Кертолғау», «Аққу», «Қамбар», « Айрауықтың ащы күйі» т.б

Ықыластың күй мұрасына үңілсек, олардың мазмұндары мен бейнелерінің әр алуандығын байқауға болады. Тарихи тақырыпта «Қазан» күйі шығарылса, «Аққу» күйінде ардақтап, қадірлеген құс жайындағы көне аңыз жатыр. Атақты қобызшы Д.Мықтыбаевтың айтуында Ықыластың «Жезкиік» күйінің

шығу тарихы. Жезкиік даланың ерке сұлу аңы. Жезкиік алтындай жалтылдап, күнге шағылысқан көркінің арқасында мергеннің көзін тайдырып, үнемі оқтан аман қалған. Міне , осы сұлу аңға Ықылас «Жезкиік» күйін арнаған. Қобыз өнерінің ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың екінші жартысындағы тағы бір көрнекті өкілі, күйші – композитор, орындаушы – Сүгір Әлиұлы (1882 - 1961) Сүгір көпшілікті, той – думанды, әңгімені аса жақтымайтын адам. Өз күйлерінің тарихын, әңгімесін айта бермеген, сондықтан олардың тура мазмұнын біле бермейміз. Сүгір қобыз күйлерін домбыраға тән күй ерекшеліктерімен байытып, аспаптың дамуына зор үлес қосты. Сүгірдің ұстаздық шеберлігі жоғары болған. Сүгір мектебінің ең атақты шәкірттері, қобызшы- күйшілер Ж.Қаламбаев пен Д.Мықтыбаев. Оларға Қорқыт пен Ықыластың қобыз күйлерін үйретіп, солар арқылы бізге мұра етіп қалдырды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет