Баяндам а «Қорқыт ата – қобыздың ішегінде, халықтың жүрегінде» Дайындаған : Ш. Муканова



бет3/4
Дата13.03.2022
өлшемі55,84 Kb.
#27751
1   2   3   4
Байланысты:
Қорқыт ата

ІІІ. Қылқобыз күйлерін ойнау тәсілдері

Қазақ халқының ерте заманнан келе жатқан аңыз – ертегілерін, әндері мен күйлерін халық таланттары – ақындар мен жыраулар, әншілер мен күйшілер асыл мұра ретінде ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, көзінің қарашығындай сақтап келген. Халқымыздың рухани жан серігіне айналған музыкалық төл аспаптарының бірі – қобыз.

Қобыз сазында жан жүйені шымырлатып, жүректі толқытатын ерекше үн бар. Оның адам даусына ұқсас қоңыр қою дыбысы, қыл ішектен төгілген мұңды үні тыңдаушы көңіліне ұялап, халқымызға сан ғасыр рухани азық болып келді. Қобыз күйлерінде ғасырлар бойы шындалып, қалыптасқан өзіндік орындаушылық ерекшелік бар. Ойнау әдісінің қиындығына қарамастан қылқобыз аспабы ертеде халық арасында өте кеңінен тараған және қобызшылардың ойнау мәдениеті жоғары дәрежеде болған. Ж.Қаламбаев (1909 - 1969) және Д.Мықтыбаев (1905 - 1976) қобыз өнерінің ірі өкілдері болып саналады. Қобыз күйлері кварта және квинта бұрауында орындалады. Квинта бұрауында құлақ күйі кіші октаваның ре, ля нотасына бұралады да, нотасы бірінші октаваға жазылып, орындалғанда октава төмен естіледі. Күйлерде трель, форшлаг, глиссандо, екі дыбыспен ойнау, портаменто, акцент, мордент сияқты нота жазуда қосымша белгілер көптеп кездеседі. Жиі кездесетін тәсілдерінің бірі - портаменто. Бұл тәсіл ноталық жазбада нотаның үстіне немесе астына қойылған сызықша түрінде бейнеленеді. Портаменто тәсілі - оң қолмен ысқышты сәл басыңқырап, ноталардың дыбыс күшін бердей етіп, оны аздап созыңқырап ойнау деген сөз. Халық арасындағы бұл тәсілде орындаушылар осы айтылғандарға қоса оң қолмен ысқышты жүргізе отырып, сол қолдың бірінші немесе екінші саусағымен ішекті қағады. Сол кезде портаменто айқынырақ шығып, күйге

өзіндік әсер береді. Бұл тәсіл көбінесе күйдің басында және бір фраза мен екінші фразаның ортасында кездеседі. Мыс : Баубек «Сарын» 19 такт.

Енді бір кездесетін дыбыс шығару тәсілі трель деп аталады. Трель әдісі европалық аспапта да негізгі дыбыс пен оған көрші дыбыстың алма – кезек тез алынуы арқылы жасалады. Халық күйшілерінің ойнау тәсілінде трельдің Европа аспаптарындағыдан да басқа тағы екі түрі кездеседі.


  1. Негізгі дыбысты саусақпен ала отырып , дыбыс күшін ұлғайтып,сол қол буынын ерсілі – қарсылы тебеп, ішекке саусақты қаттырақ басып ойнау. Трель шығарудың бұл тәсіліне tr --- б деген белгі қойылады. Мұндағы «б» әрпі – күйді ойнаған кезде сол буынын ерсілі қарсылы тербеу деген мағынаны білдіреді. Қорқыттың «Қорқыт» күйінде кездеседі.

  2. Сол қол саусақтарының қобыз шанағының төменгі жағын керіліп тартылған тері қақпағын үстінен жиі басып, тербеп ойнау. Бұл тәсіл «Қорқыт» күйінде кездеседі. tr --- т белгісі қобыз шанағының төменгі жағындағы керілген теріні сол қол алақанымен жиі – жиі тебеу арқылы орындалады деген сөз.

Қобыз күйлерінде көп кездесетін орындаушылық тәсіл глиссандо дыбыстан дыбысқа көшкенде саусақты ішектің бойымен сырғыта жылжыту арқылы алынады. Глиссандо әдісі қобызда ұшқан құсты, жүгірген аңды, қасқырдың ұлығанын бейнелеген кезде, күйді әсерлеген жерлерде қолданылады. Бұл тәсіл сонымен қатар, күйдің соңында немесе бір дыбыстан екінші дыбысқа бір не жарты тон көшкенде кездеседі. Қылқобызда глиссандо ойнаудың европалық аспаптардан ерекшелігі бар. Күйшілер глиссандо тәсілін қолданғанда, мәселен дыбысты бір тонға жылжыту керек болса, саусақты жарты тондық мөлшерде, тон қажет кезде төрттен бір тонға ғана жылжытып, ішекті сол нотаны алатын саусақпен оңға қарай басыңқырап, созып орындайды. Бұл жағдайда орындаушы дыбысты өзінің есту, қабылдау қабілетімен әсерлейді. Мұндай орындаушылық тәсіл «Қорқыт» күйінде және Ықыластың «Кертолғау» және т.б. шығармаларда кездеседі.

Қылқобыздың үніндей үн басқа аспаптарда кездеспейді. Қыл ішегіне және шанағының төменгі жағына тағылған теріге байланысты қылқобыз обертон дыбыстарына өте бай. Флажолеталар ішектің барлық жерінен алына береді. Оны орындағанда, ішекті әдеттегіден гөрі әлсіздеу басып, ысқышты тиекке жақынырақ алып, бұрынғыдан жеңілірек жүргізу керек. Күйлерде кездесетін флажолеталарды жақсы шығару үшін қобызшы жеке дыбыстарды орындау арқылы жаттығуы қажет. Оң қол ысқышты жүргізгенде, сол қол оның

жүргізілу жылдамдығына сәйкес ішекті керегінше басып, флажолеталарды әсемдеп шығару керек. Бұл тәсіл «Қоңыржай» күйінде кездеседі.

«Аққу», «Айруақтың ащы күйі» т.б. күйлерде оқтың атылғаны пиццикато тәсілі арқылы бейнеленеді. Пиццикато (шерту) – аспапта дыбысты ысқышпен емес, саусақпен шертіп ойнау тәсілі. Қобыз күйлерінде садақтың атылғанын суреттегенде, сол қолдың бірінші саусағымен ля ішегі тартып қалып ойналады. Мыс. «Аққу» күйінде кездеседі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет