Байланысты: «БИОЛОГИЯ, ХИМИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ... ЕМЕНТТЕРІН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ»
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ МИНИСТРЛІГІ
СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ
ЖАМБЫЛ АУДАНЫ МББ
Б А Я Н Д А М А
Тақырыбы: «БИОЛОГИЯ, ХИМИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ КЕЙБІР ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ»
Қуанышбаева Гүлзада Қамбарқызы
«БЛАГОВЕЩЕНКА №2 ОРТА МЕКТЕБІ» КММ
ЖОСПАР
І Кіріспе бөлім
Пәндерді оқытудың ғылыми – педагогикалық проблемалары.
ІІ Негізгі бөлім
1. Жаңа технологиялар – білім сапасын арттырудың кепілі.
2. Биология, химия сабағында оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру.
ІІІ Қорытынды бөлім
Оқыту үрдісіндегі жаңа әдіс – тәсілдердің тиімділігі.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімдік деңгейімен айқындалады» деп айтылған.
Егемендік алған тәуелсіз Қазақстанның әлемдік өркениетке жетудегі бірден-бір дара жолы- білім жүйесі. Орта мектеп- білім жүйесінің ең басты буыны. Орта мектепте қаланған білім негізі оқушының болашағына жол ашады.
Қазіргі кезеңдегі басты мәселенің бірі жаңа технологиялардың дамуы кезеңінде болашақ ұрпақтың тәрбиесі мен білім алуында ұстаздардың атқаратын рөлі ерекше. Егемен еліміздің болашағы, оның әлемдік өркениеттегі өз орны, ең алдымен білім мен тәрбиенің бастауы – ұстаз қолында.
Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.
Қанипа Бітібаеваның «Ой салу-ұстаз тарпынан, ойлану-шәкірт тарапынан, ойланту- ұстаз тарапынан, шешімге келу- оқушы тарапынан болу керек» деген пікірдің психологиялық жағынан дұрыс тұжырым екендігін атай кеткен жөн. Өйткені таным үдерісі, біріншіден, ұстаз бен оқушының бірлескен әрекеті арқылы іске асса, екіншіден, олардың әрқайсысы жеке тұлға ретінде түрліше әсерге бөленеді. Танымдық белсенділік көрсеткіштеріне тұрақтылық, оқу саналылығы, шығармашылық қабілеттері, дәстүрден тыс оқу жағдайларындағы тәртібі, оқу міндеттерін шешудегі өз беттілігі жатады.
Ойлау
Сезіну