Баяндам а тақырыбы: «биология, химия пәнін оқытуда жаңа технологиялардың кейбір элементтерін қолдану арқылы оқушылардың танымдық Қабілеттерін дамыту»



бет3/3
Дата22.12.2023
өлшемі79,22 Kb.
#142935
1   2   3
Байланысты:
«БИОЛОГИЯ, ХИМИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ... ЕМЕНТТЕРІН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ»

Қызығушылық

Зерттейді

Иә, жүйелі қашанда жемісін бермек «Мектептің тірегі де, тілегі де оқыта білетін мұғалім» деп А. Байтұрсынов айтқандай оқытудың озық технологиясын меңгермейінше жас ұрпаққа заман тамабына сай білім беру тиімсіз. Жаңа технология әдістерін тиімді пайдалана білсек мол жетістіктерге жетеріміз сөзсіз. Олқызығушылықтан бастап тақырыпқа болжам жасатып, мақсат қойып, сұрақ беріп, жауап алуға, мазмұнды толық түсінуге жағдай туғызады.
1. Еркін ойлауға мүмкіндік береді
2. Ақыл – ойын дамытады
3. Шығармашылық белсенділігі артады
4. Тіл байлығын жетілдіреді.
5. Ұжымдық іс –әрекетке тәрбиелейді.
Біз оқушыларымыздың таланттарын шыңдай түсуін және оның жетілдіре меңгеруін қалаймыз. Осы тұрғыда оқытудың жаңа әдіс – тәсілердін пайдалану тиімді деп әбден айтуға болады. Бұл әдіс – тәсілдер балаларды сауатты жазуға, сөйлей білуге, өз ойларын ауызша – жазбаша еркін баяндауға баулиды, танымдық қасиетін дамытады. Өзім әр сабағымда оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруды басты назарда ұстаймын. Әртүрлі тәсілердің көптеп қолданылуы оқушыларды шаршатып жалықтырмайды деп толық айта аламын.
Мен өзім сабақ беретін сыныптарға жаңа әдіс – тәсілдерді көріп, біліп, ізденіп өз тәжірибемде қолданып жүрмін. Кез келген әдісті қолдану арқылы жұмысымда оң өзгерістер болғанын байқап жүрмін. Біріншіден, оқушылар өз ойын айта алатын болды, кез келген нәрсені сыни тұрғыдан ойлауға үйренді. Екіншіден, пәнге деген қызығу арта түсті. Сондай – ақ топтық жұмыстар мен жекелей жұмыстар оқушылардың білім деңгейін көтеруге септігін тигізетініне көзім жетті. Оқушылардың өздері істеген жұмыстары естерінде ұзақ сақталатыны айқындалды. Қытайда мынындай мақал бар екен: «Маған айт- мен ұмытып кетемін, үйрет маған- менің есімде қалады, өзіме істет- мен үйренемін» дейді екен. Бұдан шығатын қорытынды оқығаннан – 10%, естігеннен- 20%, көргеннен - 30%, көріп отырып естігеннен - 50%, өздері айтқаннан - 70%, өздері орындағаннан - 90 % оқушы есінде қалады екен.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыпстыруға және кәсіби шындауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; ... оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» делінген. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдарының, әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарым қатынасқа өту қажеттігі туындайды. Сондықтан да әр мұғалім өз іс - әрекетінде қажетті өзгерістерді, әр түрлі тәжірибелер жөніндегі мағлұматтарды, жаңа әдіс тәсілдерді дер кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана білуі керек.
«Қыран түлегіне қайырылмас қанат сыйлайды, ұстаз түлегіне алға бастар талап сыйлайды» дейді халқымыз. Жаңа технологияларды пайдалана отырып, жас ұрпақтың танымдық қабілетін дамытып, тілге, әдебиетке деген қызығушылықтарын арттыру – құнарлы жерге сепкен «білім» егінінен мол өнім алуға тырысумен тең.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет