Таным үдерістері
Өзіндік, пікір түю
Құлшыну
Қабылдау
О
Мұғалім алдынадағы міндеттер
қушының жан – жақты жұмыс істеу мүмкіндіктеріне жол ашу үшін мұғалімнің алдына мынадай міндеттер қойылады .
Сапалы теориялық білім негіздерін қалыптастыру
Оқушының өз бетімен ізденуін ұштау
Ұлттық дүниетанымға негізделген тәрбие беру
«Адам ұрпағымен мың жасайды» дейді халқымыз. Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз – оқу. «Надан жұрттың күні – қараң, келешегі-тұман» деп М. Дулатов айтқанындай, егеменді еліміздің тірегі – білімді ұрпақ. Сусыз, құрғақ, таса, көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні сияқты жас ұрпағымызды тәрбиелемесек өспейді, өнбейді. Сондықтан өз ұрпағының өнегелі, өнерлі, еңбексүйгіш, абзал азамат болып өсуі үшін оқу-тәрбие үрдісін тиімді жүргізу - әрбір ұстаздың міндеті. Осы орайда елбасы Н.Ә. Назарбаев: «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» дегені бар. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің білгірі болу емес, жаңалыққа жаны құмар, оқытудың жаңа технологияларын шебер меңгерген, білімі мен білігі жоғары тұлға болу, ақпараттық сауаттылық талап етіледі.
ХХІ ғасырдың жан – жақты зердері, дарынды, талантты адамын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында. Егеменді ел болып, таңдаулы елу елдің қатарына ену басты мақсатымыз болған соң, білім мен ғылым саласы дүниежүзілік деңгейге сай болуы керек. Елімізде болып жатқан өзгерістер мектеп жұмысына да елеулі жаңалықтар әкеліп отырғаны даусыз. Қазақ тілі мемлекеттік тіл дәрежесіне көтеріліп жатқанда қазақ тіл пәнін оқыту ісі де жаңаша бағыт алып келеді. Демек, оқушыларға жүйелі білім беруге жаңа талап тұрғысынан қарап, оқыту тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыруға міндеттіміз
Білім – теңіз, оның тереңіне құпиясын аша алатындар ғана бойлай алады. Ондай адамдарды дайындайтын, білім беретін бала жанының бағбаны – мұғалім. Ал мұғалім білімді оқушы санасына сабақ арқылы жеткізеді. «Білім беру – табиғат пен қоғам жайында ғылымда жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруі және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуі» дейді Ж. Қоянбаев. Ендеше келер ұрпаққа тәрбие мен білім берудің, білім сапасын жақсартудың бірден – бір жолы – жаңа технологияларды қолдану. Бүгінгі таңда озат педагог – ғалымдар, тәжірибелі мұғалімдер ойлап тапқан сабақты түрлендіре өткізудің неше түрлі жаңа тәсілдері жеткілікті. Қазақстанда да мектептер үшін оқыту технологияларын дайындау мәселесімен айналысып, ғылым мен практиканы қоса алып жүрген отандық ғалымдарымыз баршылық.
С
Ж. Қараевтың «Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесі»
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы
абақтарда қолданылатын жаңа технологиялар
Н. Оразахынова «Сатылай кешенді талдау»
М. Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясы»
Технология дегеніміз – белгілі бір үрдістерді жүзеге асыру әдістері жайындағы білімдердің жиынтығы, оқу үрдісін жандандыру мақсатында ұйымдастырылған, білгілі бір мақсатқа жұмылдырылған алдын – ала ойластырылған ықпал мен әсер. Сонымен бірге оқу үрдісін ойдағыдай жүзеге асырудың мазмұнды техникасы және білім алудың жоспарланған нәтижелерге жету үрдісінің сипаттамасы.
Педагогикалық технологиялар – оқу – тәрбие үдерісінің шығармашылықпен терең ойластырылған көптеген факторларының үйлесімділігі оқыту мен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін жаңа құрамдас бөлігі.
Оқушылардың оқу белсенділігін қалыптастырудың бір көзі – жаңа технологияларды қолдану арқылы сабақты түрлендіріп өткізу. Қазіргі кезде заман талабына сай білім беру үрдісіне 50 – ден астам жаңа технология қолданылады екен. Олардың бірнешеуіне тоқталып өтейік:
Дамыта оқыту технологиясы – күрделі құрылымды біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр оқушының өзін - өзі өзгертуші субъекті дәрежесіне көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдай жасалады.
Деңгейлеп оқыту технологиясы – қазақ тілін деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту үшін тиімді болып табылады. Деңгейлеп оқыту - әрбір оқушы өзінің деңгейінде оқу материалын меңгеруін қамтамасыз етеді және әр баланың танымдық белсенділігін арттырады.
1. Әр оқушыға өз мүмкіндігін барынша пайдалана отырып білім алуына жағдай жасайды.
2. Балаларға бірдей зейін аударып, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
3. Оқушының жеке ерекшкліктеріне, өз эмоциясын басқара білуіне назар аударады.
Сабағымды өткізу барысында деңгейлеп оқыту технологиясын пайдаланып көрдім.
Көптеген технологиялар арасында оқушылардың оқу белсенділігін қалыптастыруға аса қолайлы технология – сын тұрғысынан ойлау жобасы. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы- біріншіден сын тұрғысынан ойлау өзіндік және жеке ойлау болып табылады. Ал, сабақ сын тұрғысынан ойлау принциптеріне негізделген болса, әркім ойлары мен пікірлерін тәуелсіз құратын болады. Екіншіден, сұрақтар қойылып, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтаудан басталады. Үшіншіден, көңілге қонымды дәлелге ұмтылады, мәселені шешудің жолын іздеп табады. Ал, оқушы белсенділігін қандай тәсілдер арқылы арттыруға болады деген сұрақтарға байланысты «сыни ойлауды дамыту» жобасы авторларының бірі Ч. Темпл төмендегідей әдістерді ұсынады:
күтілетін нәтижелерді нақты айқындау
жазба жұмыстарын жиі орындау
оқушылардың ой-өрісін дамытатын сұрақтар қою
бірлесе оқу тәсілдерін қолдану
оқыту пәндерінің әлеммен, күнделікті өмірмен байланысын орнықтыру.
Сын тұрғысынан ойлау сабақтарында оқушы өзін -өзі еркін ұстап, өзгеге сенімін, жылуын күшейтеді. Оқушының тақырыпты толық меңгеруіне, уақыт үнемдеуге, өз бетінше жұмыс жасауына өте ыңғайлы. Сондықтан өз сабақтарымда сын тұрғысынан ойлау стратегияларының кебір элементтерін үнемі пайдаланып отырамын.Мысалы, сабақты бекітуде «Венн диаграммасы» әдісін қолдандым.
С
Оттегі
ол сияқты үй тапсырмасын пысықтау және қорытындылау бөлімдерінде «Топтастыру» стратегиясын тиімді пайдаландым.
Сын тұрғысынан ойлау стратегияларында оқушы төмендегідей нәтижелерге жетеді.
оқушы өздігінен жұмыс істеуге мүмкіндік алады.
тапсырмаларды өзі талдай алады
өз ойын анық жеткізе алады
бір – бірін бағалайды
өз қателерін түзетеді
жеке қабілеттері анықталады
бір-бірінен қалмауға тырысады
Нәтижесінде жаңа технология әдістерін сабақта пайдалану білімді және іскерлікті меңгеруге әсер етеді, себебі оқушының танымдық қабілеттері білімді иеленуге ұмтылдырады. Дамытушылық рөлі бар, яғни ойлаудың дербестігін, қызығуды және ынтасын дамытады.
Есте сақтайды
Есіне түсіреді
Пікір пайда болады
Көзқарас қалыптасады
Ойлау
Ой түйеді
Пікір таластырады
Өз білімімен бөліседі
Ізденеді
Ішкі сезімін сыртқа шығарады
Достарыңызбен бөлісу: |