Мұғалімнің өзіндік жетілу процессіне тікелей және жанама түрде құрайтын іс әрекеттерін тізбектейік
Белгілі бір телебағдарламаларды қарау;
Әдістемелік пәндік басылымдарды оқу;
Өзінің пәні бойынша жаңа, озық технологиялар туралы ақпаратты ғаламтордан шолу;
Кәсіби пәні бойынша есептер, тест, деңгейлік тапсырмалар орындау;
Семинар, конференция, on – line сабақтарға, тренингтерге қатысу;
Шет тілдерін үйрену;
Білім жетілдіру курстарына бару;
Ашық сабақтар өткізу;
Мектептегі, ауылдағы немесе еліміздегі әріптестерімен байланысу, интернет арқылы тәжірбие алмасу;
Жоғарыда көрсетілген пункттерге тоқталып, әр мұғалім өзінің білім көтеру жоспарын құра алады.
----------
Мұғалімнің қол жеткізетін жетістіктерінің тізімі:
пәнді оқыту сапасын жетілдіруі (оқыту сапасы мен тиімділігін анықтауға болатын көрсеткіштерді көрсету)
шығарылған жинақтар, мақалалар
оқытудың жаңа әдіс-сәтілдерін, формаларын әзірлеу
дидактикалық материадарды, тестілерді, көрнекіліктерді жасау
әдістемелік нұсқауларды жасау
Тренингтерді, семинарларды өткізу
Зерттеу тақырыбы бойынша іс-тәжірибені жинақтау.
Қазіргі таңда жаңа технологиялар саны күннен –күнге артып келеді, Бірақ соның өз сабағына және өзінің де, оқушылардың да тез меңгере алатынын таңдаған жөн.
Осындай биік нәтижеге қол жеткізуді – кәсіби шеберлігі жоғары мұғалім ғана жүзеге асырмақ.
Менің өмірдегі ұстанымым «Өзім үйрене отырып, өзгелерді де үйрету» болғандықтан, ақпарат ағынындағы жаңалықтарды өзім үйреніп, әріптестерімізге және оқушыларымызға жеткізіп отыру ең басты міндеттерімнің бірі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |