Мұғалімнің өзін – өзі жетілдіруге түрткі болатын мәселелермен қажеттіліктері:
Күнделікті ақпаратпен жұмыстануы.
Мысалы ата-аналар жиналысын өткізу, сайыстарға, мектепшілік шараларға қатысу үшін мұғалімде ақпарат іздеуге және жаңа ақпаратты талдауға қажеттілік туындайды;
Шығармашылық шабыты;
Ғылымның қарқынды өсуі;
Қоғамда болып жатқан өзгерістер және оның дамуы;
Бәсекелестік (әріптестер арасындағы бәсекелестік);
Қоғамдық көзқарас , айналасындағы адамдардың осы ұстаз туралы пікірлері;
Материалдық стимул. Аттестаттау комиссиясының пікірі, санаты, өтемақы немесе марапаттаулар;
Қызығушылық;
Мұғалімнің өздігінен білім алуын және оны жетілдіруді қажет ететін негізгі бағыттар:
Кәсіптік (пәнді оқыту бойынша);
Психологиялық — педагогикалық (оқушыларды және ата-аналарды бағыттау);
Психологиялық (имидж, пікірлесу, көшбасшылық қасиеті);
Әдістемелік (педагогикалық технологиялар, оқытудың әдіс-тәсілдері, формалары);
Құқықтық;
Эстетикалық;
Тарихи ;
Шет тілдері;
Ақпараттық-компьютерлік технологиялар;
Қызығушылықтары, хоббиі;
Өзін – өзі дамытудың негізгі түйіні неде? Мұғалім өзін – өзі дамыту барысында ақпаратты әртүрлі білім алу көздерінен алады және алған ақпаратын сабақта немесе өмірде пайдаланады. Осындай ақпарат көздері өзіндік, кәсіби өсуге ықпал ететін білім көздеріне бөлінеді.
Өздігінен білім алу көздері:
- семинарлар мен конференциялар;
- шебер сынып;
- іс-тәжірибе алмасу бойынша іс-шаралар;
- біліктілікті жетілдіру курсы;
- ашық сабақтарға қатысу;
- экскурсиялар, театрлар, мұражайлар, концерттер, газеттер, журналдар;
- әдебиет (әдістемелік, ғылыми, көркем);
- интернет.
Мұғалімнің өзін-өзі жетілдіру формалары:
Өзін-өзі дамытудың формаларын екіге бөлуге болады. Жекеленген және топтық.
Мұғалімнің өзін – өзі дамыту процесінің құрамдас бөліктері:
Мұғалімнің өзін-өзі дамыту барысындағы іс-әрекеттерін алатын болсақ, олар–оқу, үйрену, зерттеу, талдау, бақылау және жазу болып табылады.
Осы іс – әрекеттердің мұғалімнің кәсіби аймағындағы рөлі қандай?
Жаңа педагогикалық технологияларды, білім беру тәсілдерін, әдістерін үйреніп, қолдану.
Әріптестерінің сабағына қатысу, тәжірбие алмасу.
Өзінің педагогикалық шығармашылығына жүйелі түрде өзіндік талдау жасау.
Қазіргі кездегі психология – педагогикалық аумағында білімін үнемі жетілдіріп отыру.
Еліміздегі саясаттағы, мәдениеттегі, экономикадағы жаңалықтардан хабардар болу.
Өзінің жалпы мәдениетін, құқықтық білімін көтеріп отыру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |