Баяндама Тақырыбы: Қазіргі заманғы Қазақстанның үшінші модернизациясын жүзеге асырудағы философияның рөлі Орындаған



бет1/4
Дата26.03.2023
өлшемі36,72 Kb.
#76303
  1   2   3   4
Байланысты:
Қазіргі заманғы Қазақстанның үшінші модернизациясын жүзеге асырудағы философияның рөлі



Баяндама
Тақырыбы: Қазіргі заманғы Қазақстанның үшінші модернизациясын жүзеге асырудағы философияның рөлі
Орындаған: Сисенбай Ернар
Тексерген:

МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ


3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

4

1. Қазақстан Республикасындағы саяси модернизацияның ерекшелңктері

4

1.1. Қазақстан Республикасындағы жаңа саяси құрылым жасаудың әлеуметтік – экономикалық негіздері

4

1.2. Қазақстанда саяси жүйені модернизациялау ерекшеліктері

9

2. Қазіргі заманғы Қазақстанның үшінші модерациясын жүзеге асырудағы философияның рөлі

12

ҚОРЫТЫНДЫ

14

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

15

КІРІСПЕ
Модернизация технологиялық, экономикалық, саяси, әлеуметтік және психологиялық бағыттағы өзгерістердің кешенді процесі. Қоғам өмірінің кез – келген саласындағы өзгерістердің бағытын айқындайды. Модернизация феномені – бұл саяси жүйені, саяси қызметтің формасын, әдісі мен құрылымын, тәсілі мен технологиясын, сонымен бірге саяси мақсаттарды, доктриналарды, концепциялар мен бағдарламаларды жетілдірудің, жаңартудың, өзгертудің механизмі.


«Модернизация» ұғымы Батыс әлеуметтануында әлеуметтік – саяси, жалпы қоғамдық даму мінездемесі ретінде қолданылады. Яғни модернизация термині жинақталған мағынада қолданылады. Біріншіден, ол қазіргі индустриалдық қоғамның даму сатыларының түрлерін, екіншіден, дамушы мемлекеттердің ұлттық дамудың өндірістік дамуға көшу процесін айқындайды.
Демократияландырудың саясатына өту бастамасы ол қоғамдық қатынастарды модернизациялау мен өмір сүруші қоғамдық құрылыстың сипатын өзгертуден басталады. Демократиялық саяси модернизация қазіргі қоғамның әлеуметтік – экономикалық, саяси және басқа институттардың жүйесінің қалыптасуымен байланысты. Институттық өзгерістер нарықтық экономиканың қалыптасуы мен әлеуметтік құрылымның өзгерумен, әлеуметтік мобильділік сипатының өзгеруімен әлеуметтік стратефикацияны бекітумен тығыз байланысты. Яғни саяси модернизация – бұл қоғамның демократиялануының және билік пен қоғам арасындағы қатынастардың ұзақ та, күрделі процесі. Сондай – ақ, Қазақстанда да қазіргі кезде көптеген өзгертулер мен жаңартулар болып жатыр. Яғни елімізде демократиялық және саяси модернизацияның жаңа кезеңі басталды. Бұған дәлел ретінде мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтің төрағалығымен Қазақстан Республикасында демократиялық реформалар бағдарламасын әзірлеу және нақтылау жөніндегі мемлкеттік комиссияның құрылуын айтуға болады. Оның құрамына мемлекеттік органдардың өкілдері, елімізде қызмет ететін барлық саяси партиялардың, ірі қоғамдық бірлестіктердің басшылары кірді. Яғни өтпелі кезеңде ұлттық ерешелігімзіді ескере отырып, әрдайым бүгінгі нақты жағдаймызды есепке ала отырып, саяси жүйемізді модернизациялаудың қазақстандық жолын қаптастырып жатырмыз деп айтуға толық құқығымыз бар.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет