Баяндама Тақырыбы: Қазіргі заманғы Қазақстанның үшінші модернизациясын жүзеге асырудағы философияның рөлі Орындаған


Қазақстан Республикасындағы саяси модернизацияның ерекшеліктері



бет2/4
Дата26.03.2023
өлшемі36,72 Kb.
#76303
1   2   3   4

1. Қазақстан Республикасындағы саяси модернизацияның ерекшеліктері

1.1. Қазақстан Республикасындағы жаңа саяси құрылым жасаудың әлеуметтік – экономикалық негіздері

Қазақстан тәуелсіздікке ие болған өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары тарихқа озғанына да көп уақыт өте қойған жоқ. Сана мен сезімнің ширығуы жағынан бұл ерекше жылдар болды. Бұл мемлекетіміздің алдағы жүрер жолын айқындайтын аса маңызды шешімдер қабылданған жылдар болды, сол кезде қабылданған бір ғана дұрыс шешім еліміздің жүрер жолының бағыт – бағдарын елеулі өзгеріске ұшырату әбден ықтимал еді. Әлеуметтік – экономикалық және саяси ахуал сын көтермес күйде еді. Қазақстанның экономикалық және саяси мүмкіндіктері сырттан осылайша бағаланды: экономикасы әлжуаз; қазынасы бос; саяси жүйесі балаң; Кеңестер Одағы заманының Конституциясы бойынша өмір сүріп жатқан, одан бар болғаны белгілі бір әскери әлеует қана еншілеген ел саналдық.


Енді 20 – 25 жылдардан кейін мемлекеттік басқарушылардың жаңа ұрпағы «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясының» қорытындысын шығарып, біздің әуел бастағы әлеуетімізді және өзгерістердің нәтижесін елеп, ерекше болса: «Шынымен, солай болды ма екен», - деп таң – тамаша қалары анық.
Осыдан он жыл бұрын - 1997 жылы Ел Президентінің Қазақстан халқына алғашқы жолдауында еліміздің 2030 жылға дейінгі дамуының стратегиясы – қоғамымыздың келешектегі келбеті мен мемлекетіміздің мақсат – мұраты баян етілді. Бұл ретте қандай қоғам орнату, дамудың самғау сызығы қандай болу керектігін анық білу, айқын түсіну маңызды болып табылды. Басым мақсатты дұрыс айқындап, стратегияны таңдап, тиісінше ерік – жігер, төзімділік пен мақсаткерлік таныту, алда тұрған кез – келген кедергілерді ойдағыдай еңсеру арқылы Қазақстан өтпелі кезеңнен ойдағыдай өтіп, әрі өз дамуының сапалық жаңа кезеңіне нық сеніммен қадам басты.
Осы заманғы қыр көрсетулер мен қатерлер әлеуметтік – экономикалық және қоғамдық – саяси қатынастардың жүйесін неғұрлым серпінді жаңартуды қажет етеді. Мұның өзі Қазақстанның Кеңес Одағы тарағаннан кейін кеңістіктегі әрі Орталық Азиядағы көш бастаушы тұғырын сақтап, әлемнің бәсекеге барынша қабілетті және серпінді дамып келе жатқан мемлекетінің біріне айналуына мүмкіндік береді.
Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік – экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басты.
Осы тұрғыда әлемдік рейтинг кестесінің жоғарғы бөлігіне іліккен елдер тобының ішінен орын алуымызға мүмкіндік беретін басты негіздер мыналар деп айтуға болады:
Біріншіден, өркенді де өршіл дамып келе жатқан қоғамның іргетасы тек қана осы заманғы, бәсекеге қабілетті және бір ғана шикізат секторының шеңберімен шектеліп қалмайтын ашық нарық экономикасы бола алады. Бұл жеке меншік институтымен келісімшарттық қатынастарды құрметтеу мен қорғауға қоғамның барлық мүшелерінің бастамашылығы мен іскерлігіне негізделген экономика.
Екіншіден, аға ұрпақты, ана мен баланы, жастарды қамқорлық пен ілтипатқа бөлейтін әлеуметтік бағдарланған қоғам, ел халқының барлық топтары тұрмысының жоғары сапасы мен алдыңғы қатарлы әлеуметтік стандарттарын қамтамасыз ететін қоғам құру.
Үшіншіден, еркін, ашық әрі демократиялық қоғам орнату.
Төртіншіден, дәйекті түрде саяси тежемелік пен тепе – теңдіктің үйлестірілген жүйесіне негізделген құқықтық мемлекет құрып, оны нығайта беру.
Бесіншіден, барлық діндердің тең құқығына кепілдік беру және Қазақстанда конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету. Исламның басқа да әлемдік және түрлі діндердің озық үрдістерін құрметтеп, әрі дамыта отырып, осы заманғы зайырлы мемлекет орнату.
Алтыншыдан, қазақ халқының сан ғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап, түлете беру. Сонымен қатар ұлтаралық және мәдениетаралық келісімді, біртұтас Қазақстан халқының ілгері дамуын қамтамасыз ету.
Жетіншіден, елімізді халықаралық қоғамдастықтың толық құқылы және жауапты мүше ретінде қарастыру, ал мұның өзі аса маңызды басымдықтардың бірі. Қазақстан мұнда геосаяси тұрақтылықты және өңірдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде маңызды міндеттер атқарып отыр.
Қазақстан бүгін әлемнің ең серпінді дамып келе жатқан елдерінің бірінен саналады. Елдің экономикалық және саяси дамуындағы түбегейлі жаңа кезең, Қазақстанды одан әрі жаңарту мен демократияландыру – күн тәртібіндегі маңызды мәселе болып отыр.
Сондықтан да осы тұрғыда мынадай басым бағыттарды атап өтуге болады:
─ мемлекеттілікті нығайтуға, Қазақстанды осы заманғы демократиялық және құқықтық мемлекет ретінде дамыту;
─ елдегі және өңірдегі бекем тұрақтылықты қамтамасыз ету;
─ өңірлік және халықаралық ынтымақтастықты дамыту;
─ жаһандану талаптарына сәйкес экономиканы серпінді дамытуға және шикізаттық емес секторларды ілгерілетуге баса ден қоя отырып, жаңа технологияларды дамыту;
─ білім беруді, кәсіптік даярлық пен әлеуметтік саланы XXI ғасырдың деңгейіне көтеру;
─ азаматтық қоғамды дәйекті дамыта беру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету;
─ қазақ халқының моральдық және рухани құндылықтарын одан әрі дамыту;
─ діни негіздегі жатсынбаушылық пен конфессиялар аралық келісімді қамтамасыз ету;
─ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу;
─ лаңкестікке, есірткі саудасына, кез – келген түрдегі экстремизмгі қарсы жаһанды күрес.
Экономикалық және әлеуметтік жедел жаңару бағыты Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік дамудағы өзінің көшбасшылығын одан әрі сақтап, сол арқылы капиталды, инвестициялар, технологиялар мен білімді, білікті кадрларды тарту орталығына айналуына мүмкіндік туғызды.
Қазақстан «Әуелі экономика, содан кейін саясат» деген қағидатты ұстана, еліміздің нақты мүмкіндіктерін ескере отырып, демократияландыру бағытында алға жылжыды. Бұл жетістіктер саяси жүйені одан әрі жаңарту және демокртияны дамыту жөніндегі жүйелі және көп бағытты жұмысқа көшуге мүмкіндік берді. Осы негізде саяси реформалардың жалпы ұлттық бағдарламалары қабылданды.
Бұл бағдарламалар мемлекеттік, саяси және қоғамдық институттарды реформалауға бірыңғай әрі біртұтас тұрғыдан келуді көздеді. Мұндай қадамның мәні – Қазақстанды Батыс демократиясының дәстүрлері мен қағидаттарына және Оңтүстік - Шығыс Азияның ілгері мемлекеттерінің тәжірбисіне біздің көп ұлтты және көп дінді халқымыздың дәстүрлеріне сәйкес одан әрі демократияландыру.
Саяси реформалардың жалпы ұлттық бағдарламасын іске асыру – еліміздің құқықтық кеңістігінде терең өзгерістер жасаудың заңды нәтижесі болып табылады. Осы тұғырда біртіндеп ашық та демократиялық қоғамы бар құқықтық мемлекет қалыптастырып жатырмыз. Яғни елді демократияландыруды жеделдету үшін тұрақтылықты, құқықтық мемлекетті және қоғамдық келісімді сақтаудың қаншалықты маңызды екенін жақсы түсінеміз.
Қоғамдық тұрақтылық, заңның үстемдігі, ұлтаралық және конфессияаралық келісім, сондай – ақ Қазақстанның жаңа геосаяси рөлі мен жауапкершілігі – бұлар демократиялық өзгерістердің тиімділігінің кепілі, оның басты өлшемі болып табылады. Елдегі саяси жаңару үрдісі бірте - бірте, қажетті экономикалық жағдайлар жасалуына қарай, Қазақстанның тәуелсіздік алған сәтінен бастап – бүкіл осы жылдары дәйектілікпен жүріп келе жатқанын атап көрсеткен жөн. Бұл ретте біз өзіміздің дербес, қазақстандық даму жолымен жүріп келеміз. Әлемдік практиканы зерделеп, талдай келіп, біз нақ осы эволюциялық жолды таңдап алдық. Біз демократияны жеделдете, оның үстіне сырттан ендіруге қарсымыз.
Бұл жолда біз бірнеше кезеңдерді өттік.
Бірінші кезеңде – 1991 жылдан 1995 жылды қоса алғанға дейін – нақты тәуелсіздік сәтінен Егемен Қазақстанның Конституциясын қабылдағанға дейін дезинтеграциялық үрдістерді өзгертуге, қазақстандық мемлекеттің іргетасын қалыптастыруға, бірпартиялық өктемдіктен саяси плюрализмге көшуге, демократиялық даму негіздерін құруға шоғырланды.
Екінші кезеңде – 1995 жылдан 2000 жылды қоса алғанға дейін – осы заманғы демократиялық институттарды құрып, нығайту, 1995 жылы референдумда халық қабылдаған Конституция негізінде жаңа саяси мәдениетті қалыптастыру негізгі іс болды.
Ел Конституциясы терең экономикалық қана емес, сонымен бірге саяси өзгерістерге байланысты үлкен жолдан өтуімізге мүмкіндік берді. Мұны Егемен Қазақстанның жаңа ұлттық заңнамасы дәлелдеп шықты. Нақ сонымен көмегімен бұл жылдары Қазақстанды нақты демократиялық институттар әрекет ететін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік берілетін елге айналдыру үшін берік іргетас қаланды.
Президенттік республика моделін таңдап алып, посткеңестік экономикалық және саяси бей – берекетсіздіктен шығарды. Саяси тұрақтылық сыртқы инвесторлар үшін экономикаымыздың тартымдылығын қамтамасыз етті, олар сол кезеңде отандық интустрияны дамыту үшін капиталдың негізгі көзі болды. Экономика көріле бастады, жаңа инфрақұрылым жасалып, ауылшаруашылығы дамуға бет алды. Жаңа жұмыс орындары дәйектілікпен ашылып, «орта тап» құрыла бастады.
Үшінші кезең – 2001 жылдан 2006 жылды қоса алғанға дейін - стратегияның дұрыстығының айқын дәлелі болды. Бұл кезеңде әлеуметтік - экономикалық серпінді секірісті қамтамасыз етіп, өңірлік көшбасшыға айналып, мемлекеттілігіміз жүзеге асты. Қазақстандық көпұлтты және көп конфессиялы қоғамың алғашқы демократиялық дәстүрлері орнықты. Соңғы жылдары елді одан әрі демократиялық реформалаудың барынша тиімді жолдарын әзірлеу жөнінде жалпыұлттық белсенді үн қатысу жүріп жатыр. Күн тәртібіне қағидаттық тұрғыда әлде қайда асқақ қоғамдық міндеттер шықты. Осы заманғы сынақтар мен қатерлер әлеуметтік - экономикалық және қоғамдық – саяси қатынастардың бүкіл жүйесін әлде қайда серпінді жаңғыртуды табандылықпен талап етті.
Бастысы, жалпыұлттық саяси реформалар бағдарламысын іске асыру Қазақстанды демократияландыру мен саяси жаңғыртудың өзекті құндылықтары бойынша кең ауқымды қоғамдық консенсусқа қол жеткізуге мүмкіндік берді.
Жан – жақты қоғамдық пікір – талас пен негізгі саяси күштер мен Конституцияларды негізге ала отырып, елді жаңа кезеңде демократиялық дамытудың өзекті мәселелеріне жауаптарын ұсынды. Мұндай мәселелерге қатысты шешімдер әзірленді:
● атқарушы биліктің тиімділігі, ашықтығы мен есептілігі және сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік басқарудың орталықсыздану және жергілікті өзін - өзі басқаруды дамыту;
● сайлау заңнамасын жетілдіру;
● парламенттің жауапкершілігін кеңейту;
● әлемдік озық стандарттарға сәйкес сот жүйесін дамыту, судьялардың тәуелсіздігі;
● саяси партиялардың елдің саяси өміріне әлдеқайда белсенді қатысу;
● ҮЕҰ - ның қоғамдық өмірдегі рөлін күшейту;
● азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын кепілдендіру.
Қазақстанда жаңа құрылымдар жасауда Елбасының биылғы Қазақстан халқына «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауын ерекше атап өтуге болады. Жолдаудағы маңызды мәселе – саяси – экономикалық реформаларды мүлдем жаңа сапа мен жаңа сатыға көтеру. Бұл ретте экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға арнайы мән беріп ... «Қолымыз жеткен экономикалық өсуді пайдаланумен шектелмей, осы өсуді шындап, басқаруды меңгеруімізге, сөйтіп оның сапалық жаңа деңгейге көтеруімізге тура келетінін, әсіресе, өндірістің шикізаттық емес секторының дамуын, экономикалық әртараптандырылуын қамтамасыз ету бәрінен маңызды» екенін ескертті.
Көптен бері қоғамдағы әртүрлі пікірталастың негізі болып келе жатқан саяси реформаларды да дамуымыздың жаңа кезеңіне сәйкес жаңартып, жаңғыртудың нақты бағыттарын осы жолдауынан айқын аңғарамыз. Қай елде болмасын демократиялық реформаның өзегі қоғамды, мемлекетті заңмен басқару, адамның құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету деген сөз. Бірақ қашан да мемлекет тағдыры мен ел болашағына, халық мүддесіне қайшы келетін бостандықтардың қай түрі болмасын «демократия болып есептелмейді. Әсіресе, Қазақстан секілді халықаралық қауымдастықта жаңа танылып жатқан мемлекет үшін, елдегі саяси, демократиялық реформа тереңірек ойлануды қажет ететін, өте нәзік мәселе. Сондықтан демократиялық реформа жасауда батыл қадамдарға баруымыз, сөз жоқ, Елбасымыздың «саяси жаңарулардың біз көздейтін басты мақсаты – биліктің қоғам мен мемлекетті басқарудың барынша ұтымды жүйесін сомдайтын, сонымен бір мезгілде еліміздегі саяси тұрақтылықты сақтау мен азаматтарымыздың конституциялық құқықтарын қамтамасыз ететін осы заманғы демократиялық нысанына қарай жылжыту» секілді ізгі мақсаттар мен өскелең ойынан туып тұрғаны ақиқат. Ел сеніп, тізгін тапсырған Елбасының бастамалары әрдайым жұрт игілігіне айналатынына сенім мол.
Бірақ біздің «демократиялық реформа» дегенде, Елбасымыз нұсқап отырғандай, «қуатты мемлекеттік билік пен демократия бір - біріне қолдаушы күш. Демократия тек заңдылықтар қатаң сақталған елдерде ғана дамитындығын» ешқашан естен шығармаған абзал.
Тәуелсіздігімізге он бес жылдан асқан тұста, Н.Ә.Назарбаевтің сындарлы да салиқалы саясатының арқасында ғасырға бергісіз шаруалар тындырылды. Ал, бүгін алдымызда осы жеткен биігімізге табан тірей отырып, бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосылу міндеті тұр. Осының бәріне елдегі саяси тұрақтылық пен ұлтаралық келісімнің береке бірлік пен тыныштықтың арқасында қол жеткіздік. Сондықтан, жаңа әлемнің есігін ашқан жаңа Қазақстан үшін осы құндылықтарымызды сақтай отырып, өркениетті елдердің қатарына өз орнымызды белгілеу қажетті парызымыз болып табылады. ал ондай мүмкіндіктерге қол жеткізудің жолдары мен әрбір тетігін Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауынан табамыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет