1 дәріс тезисі Тақырыбы: Білім беру мазмұнын жаңартудың алғышарттары. Оқу бағдарламасына өзгеріс енгізудің маңызы.
Қазақстанда білім беру мазмұнын жаңартудың алғышарттары «Адамзатқа жэне қоғамға орасан зор проблема әкелетін жаһандану мен жаңғыртудың әсерінен айналадағы элем түбегейлі өзгеріске ұшырауда. Мектептер оқушыларды түрлі мәдениет өкілдерімен эріптестік қарым-қатынас жасауды, алуан түрлі идеяларды, көзқарастар мен қүндылықтарды ескеруді, адамдар өздерінің алуан түрлілігіне қарамастан, технологиялардың көмегімен кеңістік пен уақыт кедергілерін жеңе отырып, бір-біріне сенім білдіруін жэне эріптестікте жүмыс істеуін қажет ететін элемде, адамдардың өмірі үлттық шекаралар аумағынан тыс мәселелерге байланысты болатын әлемде өмір сүруге жэне жүмыс істеуге дайындауы керек. XXI ғасырдың мектептері оқушыларды өмірде, жүмыста жэне азаматтық үстанымында өзгелермен ынтымақтастықта өмір сүруге дайындай отырып, үлттық жэне жаһандық пікір алуандығының шынайылығын үғына отырып, өзіндік дербестігі мен ерекшелігін дамытуға көмектесуі керек».
Андреас Шлейхер, Білім беру және кәсіби дайындау басцармасы директорының және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы Бас хатшысының білм беру саясаты бойынша арнайы кеңесшісі міндетін атқарушы (2014)
Оқу бағдарламасына өзгеріс енгізудің маңызы Технология, коммуникация және ғылым салаларындағы елеулі өзгерістер әлемдік экономикаға айтарлықтай ықпал ете отырып, әрбір азаматқа ХХІ ғасырда табысты болу үшін қажетті білім мен дағдыларды алға тартады. Қарқынды жаһандану, сондай-ақ, ұлттық экономикаға да ықпал етуде және қазіргі уақытта экономикалық дамуды қамтамасыз етуге бағытталған халықаралық бәсекелестік артты. Женевадағы Халықаралық еңбек ұйымының (2006) баяндамасы мұның жеке азаматтар үшін маңыздылығын көрсетті: «... көлік және коммуникация саласындағы елеулі жетістіктермен қатар, сауда мен капитал ағымын ырықтандыру: өз еңбегінің жемісін сату үшін әлемдік нарықта өзара бәсекелестіктегі жұмысшылар мен жұмыс берушілердің саны күннен-күнге артып келе жатқандығын көрсетеді» (VII б.). Жаһандану тек жұмыс орындарына әсер етіп қана қоймай, сонымен қатар, оның қолжетімді жұмыс түрлеріне және сәйкесінше, жұмыс табу үшін қажетті білім мен дағдыға да әсері артып келеді.
Білім беру жүйесін жаңартуға арналған бұл экономикалық дәлелдерге қоса, қазіргі ХХІ ғасырда басқа да негіздер бар: өзара қарым-қатынастың арттыру; әлеуметтік өзгерістер; ауа райының өзгеруімен байланысты проблемалар; бүкіл әлемдегі халық санының қарқынды өсуі; шектеулі ресурстарға деген сұраныстың өсуі; осылардың барлығы мектеп оқушылары қазіргі заманда және келешекте табысқа қол жеткізу үшін бұрынғыға қарағанда анағұрлым көп дағдыларды меңгеруі қажет екенін көрсетеді.
Білім – елдердің бәсекелестікке қабілетті болуын қамтамасыз ететін ең тиімді әрі ұзақ мерзімді стратегия. Қазіргі таңда экономикалық өсу және азаматтардың әл-ауқаты үшінбілімнің айтарлықтай маңызды екенін бүкіл әлем мойындауда.
Бүкіл әлемде білім беру жүйелерінің келешек ұрпаққа қандай білім беретіні туралы мәселе аясында «Балалар ХХІ ғасырда табысты болу үшін нені үйренуі керек?» және «Оқытудың тиімді әдістері қандай?» деген сияқты негізгі сауалдар туындайды. Бұл сауалдар оқу бағдарламасымен және оқу бағдарламасын жүзеге асыруда қолданылатын педагогикалық тәсілдермен тығыз байланысты.
Оқу бағдарламасындағы ұлттық стандарттарға, бағалауға, оқулықтар мен оқыту әдістеріне қатысты білім беру саласындағы өзекті құндылықтар мен мақсаттар мектеп оқушыларының жалпы үлгерімін арттыруды, сондай-ақ инновация мен көшбасшылықты енгізу үшін талап етілетін дағдыларды дамытуды, мектеп мәнмәтіні арқылы ұлттық сананы қалыптастырып, іске асыруды және ауқымды халықаралық тәжірибемен өзара әрекеттесуді көздейді. Жаңартылған оқу бағдарламасы мен бағалау жүйесін енгізу аталған міндеттерді шешу үшін қабылданған шаралардың бірі болып табылады.
«Математика», «Алгебра» және «Геометрия» пәндер бойынша орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын бекіту, үлгілік оқу бағдарламаларын әзірлеу осы үдерістің бір бөлігі болып табылады.