ерекшеліктері:
Жұпта жұмыстанып, талқылап бірі-бірінін пікірін тыңдауға дағдыланды;
Өз беттерімен жаңа сабақты меңгере алатын мүмкіндіктері бар екендігіне сене отырып,өзара оқыды;
Өзара ой бөлісіп, пікір алмасты, бірін-бірі мадақтап, қолпаштап бағалады;
Алған білімдерін өмірде пайдалан алуға бағыт алды;
Бұл сабақтардағы және оқушылардағы өзгерістер анық байқалды, яғни мен жүргізілген зерттеу жұмысымның оң нәтиже бергендігін байқадым.
Қазіргі заман - оқушының белсенді шығармашылықпен жұмыс істеуін,
жан-жақты ойлауға қабілетті болуын, өз қателігін таба білетін, алған білімін өмірда қолдана алатын және өз ойын еркін жеткізе алатын ұрпақты талап етеді. Сондықтан да мектептегі оқудың алдында тұрған мақсат: оқушыларға шектеу қоймай, олардың сыртқы мүмкіндіктерін кеңейту және өз күшіне сенімділік, құзіреттілік, шығармашылық қабілеттерін және ұжымдық жауапкершілік сезімін дамыту.
Оқу материалын оқушылардың ойлау қабілеті жетерліктей жас ерекшеліктерін ескере ұйымдастырса ғана, оның ойлау қабілетінің дамуына мүмкіндік туады. Сондықтан да оқушыларды үнемі ойланып, мұғалім берген білімге сенім арту орнына жауапкершілік сезімін, өзара қолдау көрсету қасиеттерін дамытуға бағыттау керек. Әрбір оқушы өз сыныбының көшбасшысы, ең үздік оқушысы бола алады. Сондықтан сабақты жоспарлау барысында мұғалімдер барлық оқушылардың сенімін арттыратын және ұжым болып шешім қабылдауда жеке үлес қоса алуға мүмкіндік жасайтындай тәсілдер мен тапсырмаларды таңдау қажет, сонда ғана мұғалім оқушылар бір-біріне көмек, қолдау көрсете алатын, әрбір оқушыны бағалап, қабылдап, құрметтейтін білім беру ортасын құра алады. Әр бала – жеке тұлға, жеке адам, өзіндік қайталанбас үлес қоса алатын, басқаларға өнеге көрсете алатын және өзі де оқуға қабілетті екендігін білдіре алатын жағдай жасау қажет. Сонда ғана оқушының өзіндік пікір айтып оны қорғай білуіне мүмкіндік жасалады. Барлық сабақтар барысында белсенді емес оқушылар да жолдастарынан қалмау үшін алға ұмтылады. Сабақтар барысында оқушының логикалық тапсырмаларды орындауға ынталанатындығы, өзіне деген сенімділіктің пайда болуы, оқушының өз бетімен кез келген тапсырма орындауда өз білімін толық қолдана алатындығын, әсіресі үндемей өзімен-өзі болатын оқушының белсенділігі артып, сабақтарға үнемі қатысып, жұптық жұмыстарда ерекше белсенділік көрсетуі зерттеу жұмысының жақсы оң өзгерісі деп ойлаймын. Осы бағытта оқушының функционалдық сауаттылығын дамыту бағытында мынандай
Достарыңызбен бөлісу: |