Баяндама
Тақырыбы: «Білім алушылардың білім деңгейін көтерудегі
жұптық жұмыстың тиімділігі»
Нұралина Алтынай Мұхитқызы
Атырау облысы, Исатай ауданы, Тұщықұдық селосы,
Жалпы білім беретін Жұмабай Мырзағалиев атындағы орта мектеп.
Педагог-модератор.
«Ел мен елді, халықпен халықты теңестіретін нәрсе, ол – білім» -деп ұлы тұлға М. Әуезов айтып кеткендей, білім – бұл қоғамның ең жауапты, ең қастерлі саласы.Қай ел болмасын өзінің ұрпағының өркендеп өсуіне, қалыптасуына, дамуына тікелей көңіл бөліп, басты назарда ұстауда. Қазіргі таңда дамып келе жатқан технологиялық прогресс кезінде өскелең ұрпақтың білім деңгейі заманауый талапқа сай болу керек. Сондықтан, мұғалімінің басты мақсаты оқушыға тиянақты білім беру және сол білімін өмірде қолдана алатын деңгейге жеткізу. Мұғалімнің сабаққа жоспар құру кезінде шығармашылығы мен ізденісі көп талап етіледі. Осындай шығармашылық пен ізденістің нәтижесінде оқушыға сапалы әрі табысты оқуына жол ашу. Сондықтан біз сабақта жұптық жұмыстарды көбірек қолданамыз. Бұл жаңа тақырыптың мәнін ашуға, өзіндік пікірі мен көзқарасын білдіруге мүмкіндік береді.
Функционалдық сауаттылығы дегеніміз – адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның мамандығына , жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік бейімделуі болып табылады.Осы негіздегі басшылыққа алынатын сапалар: белсенділік, шығармашылық тұрғыда ойлау, шешім қабылдай алу, өз кәсібін дұрыс таңдай алу,өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады.Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады.
Егер білім игеруді бастау нүктесі қолайсыз таңдап алынса, онда тіпті ең жақсы оқушылардың өздеріне де алған білімдерін есте сақтау қиындық туғызады.Осыған орай,оқушылар оқу үдерісінің барлық бөлімдеріне белсенді қатысулары керек: олар сабақ барысында өздерінің болжамдары мен сұрақтарын құрастырады, бір-біріне кеңес береді, өз алдына мақсат қояды, алынған нәтижелерді қадағалайды,қателер оқудың ажырамас бөлігі екенін түсіне отырып, тәуекелге барады.Осы мақсатта мұғалімдер жұмыс үдерісіне мақсатқа жету жүйесін енгізеді, нәтижесінде оқушылардың жоспарлау мен белгілі бір нәтижеге жету жетістігіне көңілдері толады.Сабақтар жүйесі нақты оқушылардың қабілеті дамитындай және материалды жүйелі түрде игере отырып ұзақ уақыт есте ұстайтындай және қажет кезде қолдана алатындай құрылады , мұғалімдер оқушыларды жұмысқа ынталандырады және сыныпта болатын жағдайлардың бәріне белсенді қатысуға мүмкіндік береді. Мұғалімдер оқушылардың не білетінін және нені жасай алатынын, сондай-ақ олардың қызығушылықтарын , әр оқушының нені жақсы көретінін және не істегісі келетінін түсінуге тырысады.Сонымен, оқушы оқу үдерісіне белсенді қатысқанда ғана материалды терең меңгеруге қол жеткізеді және ашық сауалдар, оқыту міндеттерімен алмасу сияқты әдістер оқушылардың өз біліміне белсенді қатысу қабілетіне қатты әсер етеді. Оқушылардың топпен де,жұппен де,өз беттерімен де өз білім деңгейлерін түсінуге мүмкіндіктері туады.Олар өзін және бірін-бірі бағалайды.Оқушылар оқшауланып қалмайды.
Бүгінгі таңда өзекті болып отырған «оқу қоғамдастығы» деген ұғым бар, онда оқушы да, мұғалімдерде өздерін білім алушылар деп есептейді.Оқушылар арасында бірлескен жұмыс,бір-бірін қолдау,тыңдау,өзін-өзі құрметтеумен және өзін-өзі басқаруды дамытумен сипатталады, нәтижесінде тәуелсіз және ойшыл, өмір бойы оқуға қабілетті тұлға қалыптасады деп пайымдайды.Сондықтан да мұғалім сабақта дайын білім беріп қана қоймай, білім алуда оқушылардың өз бетімен жұмыстануына, өз білімдерін өздері бағалауына,өз беттерімен нәтижеге жетулеріне мүмкіндік беру керек.
Оқушылар жұпта жұмыс істегенде, олар «мұғалім-оқушы» сұхбаты түріндегі өзара іс — қимылға қарағанда, мейлінше «симметриялы» болып табылатын өзара іс-қимылға «оқушы — оқушы» қатынасына түсе отырып, негізделген дәлелдерді әзірлеуде және қадағаланатын оқиғаларды сипаттауда түрлі мүмкіндіктерге ие болады. Жұптық жұмыс өз ойын сенімсіз, баяу әрекет ететін балалар үшін тиімді. Өйткені жанындағы жұптың ойын тыңдау кезінде, тапсырманы жұптасып орындау кезінде оқушының ішкі ойын түсінуге көмектеседі. Оқушылардың жұпта әңгімелесу арқылы оқушының не айтқысы келетінін, қандай ой қосатынына біршама көмегі тиеді. Жұпқа беретін жұмыстарды бір сарынды емес баланың қызығушылығын туғызатындай етіп ресурстарды алдын ала дайындаймыз.
Жұптық жұмыста оқушыларға берілетін тапсырма бір сарынды емес, әр түрлі сипатта болуы керек. Топтық және жұптық жұмыс жеке шешуге болатын тапсырмаларды емес, анағұрлым күрделі тапсырмаларды шешуді көздейді.
Әр сабақтағы дұрыс ұйымдастырылған жұптық жұмыста
Достарыңызбен бөлісу: |