Нені қалай жасағаны туралы немесе нені үйренгені туралы айта алады;
Жаңа тапсырманы сеніммен қолға алады;
Өзін оқушы ретінде жағымды жағынан көргісі келеді;
Жұптық жұмыстың нәтижелері:
Жұптық жұмысты пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі.
Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады.
Олардың әрқайсысының деңгейін анықтай аласың.
Оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік аласың.
Оқушыларды ізденіске баулып, жұппен жұмыс істеуге үйретеді.
Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауда, өзіне деген сенімін қалыптастырады.
Сабақтарға қатысқан мұғалімдер жұптық жұмыс оқушының жұпта бірлесіп жұмыс жасауына мүмкіндік беретіні, соның негізінде көшбасшылық қасиеті дамитыны, оқушының өзіне сенімді болуына, білімнің тереңдігі, әрі тиянақтылығы артатындығын, танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал ететіндігін атап өтсе, оқушылар оқудың (сабақтардың) қызықты өтетіндігін баяндайды. Мектеп өмірінде оқушылардың өздігімен білім алу үдерісіне дейінгі және кейінгі кезеңін (аралығын) салыстырғанда, оқушылардың оқуға деген ынта-ықыласының артқандығын, рухани-адамгершілік жақсы қасиеттердің қалыптасқандығын, мұғалімнің шыдамдылық, төзімділік сияқты сапаларымен қатар оқушылардың басқаны қабылдау, түсіну, сыйлауды үйренгендігімен сипатталады.
Бәрімізге мәлім, қай-қай оқу әдісініңде өзіндік артықшылығы мен кемшіліктері болады. Мысалы, Топтық жұмыс. Бұл әдіс бойынша менің байқаған артықшылығым, оқушы көшбасшылыққа ұмтылады, топта өзін көрсетуге, ойын еркін жеткізуге тырысады. Ал кемшілігі, топта әр деңгей оқушысы болуы мүмкін, соған байланысты С деңгейінің оқушылары өздерін көрсете алмай, өз дәрежесін түсіріп алуы мүмкін. Жеке жұмысты қарастыратын болсақ, оқушы өз бетімен білім алуға тырысады, бірақ өзге оқушылардың ойын тыңдай алмайды. Жұптық жұмысқа келер болсақ, бұл оқу әдісінде, оқушы жоғарда көрсетілген: көшбасшылық, ойын еркін жеткізу, өз бетімен білім алу және өзге оқушының ойын тыңдау секілді артықшылығымен ерекшеленеді.
Білім алушылардың білім деңгейін көтерудегі жұптық жұмыстың тиімділігі туралы зерттеу жұмысын жүргіздім. Әр өтілген сабағымда жұптық жұмысты көптеп пайдалануға тырысамын. Өткен оқу жылдарында және қазіргі, қашықтықтан оқыту жағдайында өткен сабақтарым бойынша зерттеу барысын және нәтежиесін ұсынамын. Осы бағытта, Қашықтықтан оқу кезіндегі Математикадан 5 «А» сыныбына өткізген сабақтарыма талдау жасадым.
Өткен сабақтарыма тоқтала өтейін. Сыныпта жан-жақты және қабілетті оқушылар көп. Сaбaқтарымның барысында жұптық жұмыста бірлесе отырып, оқушылардың өз бетімен жұмыстануын қалыптастыруға бағытталған тапсырмаларды және барлық сабақтарда да жұптық жұмыс ұйымдастыруға негізделген тапсырмаларды алдым. Сыныпта 20 оқушы, сәйкесінше 10 жұп құрастырылды.
Қашықтықтан оқу кезінде ZOOM платформасын пайдалана отырып «Сессионный зал» функциясы арқылы жұпқа бөлдім. Жұптасқан оқушылар WWW.IDROO.COM сайындағы тақтадан тапсырмаларын орындады. Жұптық жұмысты түрліше өткізуге тырыстым. А деңгейлі оқушы мен С деңгейлі оқушыны жұптастырдым.
Бұндай жұптарға берген тапсырма деңгейі бірдей. Бұл жұпты жұптастыру мақсатым: А деңгейлі оқушы С деңгейлі оқушыны алға жетелейді, С деңгейлі оқушының ынтасын көтеру болатын. Былайша айтқанда, С деңгейлі оқушыны қызықтыру, А деңгейлі оқушыға еліктету болатын. Бұл мақсатым жүзеге асқан да, аспаған да жұптар болды. Себебі есепті тез шығаруға құштар оқушыларым қасындағы жұбына мән бере қоймады, және С деңгейлі оқушы да үздік оқушыға ілесе алмады.(1-сурет)
1-сурет.
Сол сияқты В деңгейімен де жұптастырдым. Бұл жұпта оқушылар оқу мақсатын жете алды. Дегенмен оған ұзақ уақыт талап етті. В деңгейлі оқушы С деңгейлі оқушының ойымен бірлесіп, жұптаса отырып тапсырмаларды орындады. Бір оқушы бірінші тапсырманы орындаса, екінші оқушы екінші тапсырманы орындады. Немесе әр тапсырманы екеуі біріге отырып орындады.
Сонымен қатар деңгейлес оқушыларды жұптастырыпта зерттеу жүргіздім. Яғни, А деңгейімен А деңгейі, В деңгейімен В деңгейі, С деңгейі мен С деңгейі. Бұндай жұптарда тапсырма жұпқа сәйкесінше беріледі. А деңгейлі жұпқа А деңгейлі тапсырма, В деңгейлі жұпқа В деңгей, сәйкесінше С деңгейіне С деңгей тапсырмалары. Құрылған деңгейлік жұпта, жұптасқан оқушылар жоғарғы нәтежиеге қол жеткізді. Оқу мақсатына жете алды. Мысалы, Сабақ