Жылдың төрт мезгілі» деп аталады. Бүгінгі тақырыпта сендермен жыл бойы өткен білімдерімізді қайталаймыз. Соларға байланысты ойындар, тапсырмалар орындаймыз.Сабаққа жақсы қатысқандарын үшін жұлдызшалар беріліп отырады. Сабақ соңында кім көп жұлдызша жинағанына сай, сабаққа белсенді қатысқан оқушылар анықталады. Сабағымызды бастамас бұрын бір-бірімізге сәттілік тілейік.(бір-бірлерінің қолдарын ұстап, балалар сәттілік тілейді).
-Балалар сендер білесіңдер ме?
-Неше жыл мезгілі бар?
-Кәне, кім маған айтып берем дейді?
-Жарайсыңдар, балалар. Көп біледі екенсіңдер. Ал ендеше әр жыл мезгіліне тоқталып кетелік.
-Қазір бізде қандай мезгіл?
-Дұрыс, көктем.
-Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?
-Жақсы, енді көктем мезгілінің математика сабағы бойынша дайындаған тапсырмасын орындайық.
1. Тура, кері санау.
2.Ойын: «Ойлан, тап» есептер шығару
3.Салыстыру
Сергіту сәті:
1,2,3 қарлығаш боп ұш,
4,5,6 қарлығаш боп шалқы,
7,8,9,10 қарлығаш боп қон.
-Жарайсыңдар, балалар. Келесі мезгіліміз?
-Дұрыс, жаз
-Жаз мезгілінде қандай өзгерістер болады?
-Күн ыстықта қайда барып шомыламыз?
-Орманға барып, не тереміз?
Ал енді жаз мезгілінің сауат ашу сабағы бойынша тапсырмасын орындайық.
1.Логикалық ойын
2. Анаграмма
Балалар «Не жасырылған?» екенін тауып алу керек. Суретте не бейнеленгенін айту. Қандай дыбыстан басталатынын сөз.Соған сөйлем құрау.
Сергіту сәті: музыка қосылады, балалар би қимылын жасайды.
Жұмбақ жасыру:
Ағаш толы сары шымшық,
Сілкіп көрсең түседі ұшып.
(Жапырақтар)
-Дұрыс,жапырақтар. Сонда келесі мезгіліміз?
-Дұрыс, күз
-Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады?
-Күзде нелер піседі?
-Жақсы, енді күз мезгілінің көркем әдебиет сабағынан дайындап қойған тапсырмасын орындайық.
1. Рольдік-сюжеттік ойын (музыкалық)
(ертегі кейіпкерлерінің суретін көрсету.) балалар қандай ертегі кейіпкері екенін тауып алу керек. Жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді анықтау, кейіпкерлерге сипаттама беру.
Келесі қандай мезгіл?
-Дұрыс, қыс
-Қыста қандай мереке болады?
Қыс мезгілі туралы көп біледі екенсіңдер?
Ендеше, қыс мезгілінің тапсырмасы. Жапсыру сабағына байланысты. Түрлі-түсті қағаздардан гүл жасау.
Музыка қосылып тұрады, балалар музыканы тындай отырып, түрлі- түсті қағаздардан гүл жасайды. Жасаған гүлдерін үстелдің үстінде тұрған құмыраға салады. (Жақсы істеген оқушыларды мақтап, мадақтау).
Бекіту: Балалар, бүгінгі сабақтан не үйрендіңдер? Не білдіңдер?
Қорытынды:
Балалар сонымен біз бүгін 4 жыл мезгілін қайталап, соларға байланысты тапсырмалар орындадық.Сабаққа жақсы қатысқан оқушылар мақтап, мадақталды.
Қорытынды: Қорыта келе айтарым, білім беру – оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үрдісі болса, қазіргі кездегі білім беру – оқушының пікірін бағалау, оқушыны тыңдай білу. Ұстаз бен шәкірттің бірлесе жасаған еңбегінің нәтижесі – сапалы білім болып табылады. Белгілі педагог В.А. Сухомлинский айтқандай: «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармашылықсыз, фонтазиясыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды!». Ендеше, баланы ойынға қатыстырып үйрету арқылы ойыны қайсы, үйретуі қайсы екенін балалар айырмастай, сезбестей етіп сабақ өткізген ұтымды.