Баяндама тақырыбы: «Оқудағы қиындықтар және оларды жеңу жолдары» /ата-аналарға арналған



бет2/4
Дата19.10.2023
өлшемі28,1 Kb.
#119648
1   2   3   4
Байланысты:
Ата-аналар жиналысы 1

III. Қызығушылығын ояту.
Жаттығу: «Жарнама»
Шарты: Бағанға бөлінген қасиеттер ішінен жағымды бір қасиетті алып, оны жарнамалау арқылы сату. Жарнамалау постер құру негізінде жүзеге асып, бала бойында жағымды қасиеттердің қалыптасып дамуына ықпал етер жақтарын атап өтіп кеңес алмасу.
Жағымды: Мейірімді, жауапты, жан-жақты, талапты, қамқор, еңбекқор, ақылды.


IV. Баяндама.
Ата-аналар тәрбиеде шыдамдылықты талап ететіндігін мойындайды. Алайда оған арнайы білім қажеттігін жұрттың бәрі біле бермейді. Бүгінгі жиналысымызда ата-ана мен бала арасындағы психологиялық қарым-қатынасы және мұның мектеп өміріне тікелеу қатысьылығы жайлы әңгімелеп, оны жаттығулар арқылы көрсетуге тырысамыз.
Бала әрдайым ата-ананың аялы алақанын қажетсініп тұрады. Қиындықтар туған сәтте ата-анасының тарапынан қолдау тауып, үлкен сенім артылған бала ісі оңға басады.
Әрине, әр ата-ана баласына деген сезімін түрліше жеткізеді. Қандай жағдай болмасын, баланың өзіне деген сенімін тудырып, қолдап отыру керек. Бала бір істен қателескен жағдайда оған шыдамдылық көрсету керек. Мұндай сәтте өзге отбасыларымен салыстыруға әуестенбеу керек. Рас, кейде өзге біреудің балалары бойындағы қабілеті айрықша сияқты көрінеді. Бірақ, ол басқа бала. Сондықтан әр баланың өзінің жеке басының ерекшелігін, ешкімге ұқсамайтын кейбір қасиеттерін сезіну керек. Кейде бала бір сәтсіздіктерге ұрынады. Ата-ана қатты уайымдап, баланың еш нәрсеге икемі жоқ, қабілетсіз деген асығыс қорытындыға келеді. Осыдан баланың өзіне деген сенімі күрт жойылады, қолын қусырып, кездескен қиыншылықтарды жоюға дәрменсіз болады. Мұндай жағдайда ата-ана баласының жай ғана талпынысының өзін қолдап түсіне білуі керек. Ең бастысы, бала біздің оны қалай бағалайтынымызды және одан не күтетінімізді сезінуі және түсінуі тиіс.
«Бейімделудің жоғары деңгейі». Бірінші сынып оқушысы мектепке дұрыс көзқараспен қарайды, ұсынылған талаптарды бірдей қабылдайды. Оқу материалын жеңіл меңгереді. Бағдарламалық материалды толық және терең игереді, қиындатылған міндеттерді шешеді. Мұғалімнің түсіндірмесін, нұсқасын назар қойып тыңдайды.Тапсырмаларды ішкі бақылаусыз орындайды. Өзіндік жұмысқа үлкен қызығушылық танытады, барлық сабаққа дайындалады. Қоғамдық тапсырмаларды жауапкершілікпен орындайды. Сыныпта жақсы беделге ие.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет