Баяндама тақырыбы: «Оқудағы қиындықтар және оларды жеңу жолдары» /ата-аналарға арналған



бет3/4
Дата19.10.2023
өлшемі28,1 Kb.
#119648
1   2   3   4
«Бейімделудің орташа деңгейі». Бірінші сынып оқушылары мектепке жағымды көзқараспен қарайды, оның мектепке келуі жағымсыз уайымды туғызбайды. Оқу материалын мұғалім нақты және көрнекі түрде түсіндірсе ғана түсінеді. Оқу бағдарламасының негізгі мазмұнын игереді, типтік есептерді өз бетімен шешеді. Үлкендердің нұсқауларын, тапсырмаларын орындауда ұқыпты, бірақ оның бақылауымен сабаққа дайындалады және үй тапсырмасын үнемі орындайды. Қоғамдық жұмыстарды адал орындайды. Сыныптастарының көбімен дос.
«Бейімделудің төменгі деңгейі». Бірінші сынып оқушылары мектепке кері және енжар көзқараспен қарайды; денсаулық жағдайына жиі шағымданады. Тәртіп бұзушылығы байқалады. Мұғалімнің түсіндірген материалын үзіп-үзіп меңгереді. Оқулықпен өзіндік жұмыста қиналады. Өзіндік оқу жұмысын орындауда қызығушылық танытпайды. Сабаққа үнемі дайындалмайды, мұғалім және ата-аналар тарапынан оған бақылау, ескертулер қажет. Үлгі бойынша жаңа есепті шешу үшін зейіні мен жұмысқа қабілеттілігін сақтайды. Үлгі бойынша жаңа есепті шешу үшін мұғалім мен ата-аналардың маңызды көмегін талап етеді. Қоғамдық тапсырмаларды ешқандай ықылассыз, тек бақылаумен ғана орындайды, енжар. Жақын досы жоқ, сыныптастарының кейбіреулерінің ғана аты мен тегін біледі.
V.«Қызықты сұрақтар»
Таратылған парақтарға жауап жазу.
1. Балаңыздың сүйікті пәні қандай?
2. Сынып жетекшісінің толық аты жөні?
3. Балаңыздың ең сүйікті ісін атаңыз?
4. Балаңыздың парталасы кім?
5. Балаңыз бос уақытта не істейді?
6. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
8. Балаңызды еркелеткенде қандай сөздер пайдаланасыз?
9. Балаңызбен бірге үйде қандай іспен айналысасыз?
10. Балаңыздың ең жақын досы кім?
VI. Жағдаяттардан шығу.
1-жағдаят:
«Сіздер ешқашан үй тапсырмасын орындауға көмектескен емессіңдер, менің қалай оқып жүргеніме көңіл бөлмейсіңдер, сондықтан менің бағаларым нашар».
(Ата-аналар өз пікірлерін ортаға салады.)
2-жағдаят
Балаңыздың өнері, қандай да бір іске қызығушылығы, бейімділігі байқалса, не істер едіңіз?
3-жағдаят
Балаңыз белгілі бір пәнді ұнатпай, сабақ оқығысы келмейтінін айтты. Сіздің әрекетіңіз?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет