Павлодар облысының білім беру басқармасы, Аққулы ауданы білім беру бөлімінің «Ямышев жалпы орта білім беру мектебі" КММ
БАЯНДАМА
Тақырыбы: «Оқудағы қиындықтар және оларды жеңу жолдары»
/ата-аналарға арналған/
Сынып жетекшісі: Айтжанова М.Д
Мерзімі: 28.10.22ж
Сыныбы: 1 «А»
2022 ж
Мақсаты: Алғаш мектепке келгенде кездесетін қиындықтармен ата-ананы таныстыру. Қиындықты жеңудегі тәжірибелік көмек ұсыну. Ата-анамен біріге отырып , білім жолына жол ашу.
Ұйымдастыру формасы: Лекторий.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: әңгімелесу, пікіралмасу, сұрақ-жауап, арнайы жағдаяттардан шығу, «Қызықты сұрақтар» айдары.
Жабдықталуы: Таратпа материалдар, үлестірмелі қима қағаздар.
Жоспар:
1. Психологиялық тренинг: «Жылы жүрек»
2. Жиналыс мақсатымен таныстыру
3. Жаттығу: «Жарнама»
4. Баяндама: «Бала, отбасы және мектеп»
5. «Қызықты сұрақтар» айдары
6. Жағдаяттарды шешу
7. Қорытынды: Жаттығу: «Менің балам»
ЖИНАЛЫС БАРЫСЫ
1. Ұйымдастыру кезеңі:
- Ата аналармен амандасу;
-Психологиялық ахуал: «Жылы жүрек»
Шарты: Ата-аналарды шеңберге тұрғызу, жұмсақ ойыншық тәрізді жүректі бір-біріне беру арқылы жылы лебіздермен алмасу.
II. Кіріспе:
1. Жиналыс мақсатын айту:
Кіріспе сөз.
Мұғалім: Ардақты ата - аналар! Жел бесіктен, жер бесікке дейінгі адам өміріндегі тәрбиенің ұйытқысы ата - ана мен мектеп. Болашақ десек те, келешек десе де бала - ұрпақ деген мағынаны білдіреді.
Адамның өзге тіршілік иесінен айырмашылығы – дүниеге перзент әкелген соң, оның болашағын ойлау, адам етіп тәрбиелеу.
Бала тәрбиесі – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мемлекеттік абыройлы міндеті. Кезінде Әл Фараби бабамыз «Ғылым емес, ең алдымен тәрбиеге көңіл бөлу керек, тәрбиесіз адамға ғылым баянды болмайды» - демеп пе еді. Осыған орай бүкіл ата - ана тәрбиеге бет бұруы керек. Ұрпақ тәрбиесіне мүдделі екендігін ата - аналар іс - жүзінде дәлелдеп отырулары тиіс. Міне осындай ынтымақ бірлігінде ғана ойдағыдай нәтиже берері ақиқат.
Достарыңызбен бөлісу: |