Ойлау және сөйлеу



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата18.05.2023
өлшемі0,86 Mb.
#94458
  1   2   3   4
Байланысты:
oylau-zhne-syleu 3 lecture



 3 -дәріс
Сөз ойлау мен сөйлеудің сыртқы 
және ішкі бөліктерінің бірлігі ретінде 
ОЙЛАУ ЖӘНЕ СӨЙЛЕУ
ҚАЗАҚСТАННЫҢ 
АШЫҚ 
УНИВЕРСИТЕТІ


Кітап:
Дәріс:
Ойлау және сөйлеу
Сөз ойлау мен сөйлеудің сыртқы және ішкі бөліктерінің бірлігі ретінде 
2
Бұл дәрісте сөз және оның ойлау мен сөйлеудің бірлігі ретіндегі сипаты жайлы айтатын боламыз. 
Л.С.Выготскийдің «Ойлау мен сөйлеу» атты еңбегінде жарық көрген негізгі ойлар мен сыни көзқарастарға 
тоқталатын боламыз. 
Сөйлеу (тіл) мен ойлау қоғамдық қызметтің өзара тығыз байланысты, мәні және арнайы белгілері 
жағынан ерекшеленетін екі түрі. Ойлау шындық болмысты бейнелеудің жоғарғы формасы, ол заттар 
мен құбылыстардың арақатынасың, байланыстарын жинақтап танып білуге бағытталған. Адам заттың 
танымдық және әлеуметтік-тарихи тәжірибесі жинақталып, ойлаудың әр түрлі формаларында (ұғым, 
категория, теория түрінде) берілген. Ойлау процестері өзара күрделі қатынастағы үш негізгі түрден тұрады: 
практикалық-әрекеттік, көрнекі-бейнелік және сөйлеу-логикалык. Ойлаудың құралы — тіл, оған басқа 
таңбалар жүйесі де жатады. Таңбалык кызмет арқылы тіл ойдын материалдык күйін білдіреді. Практикалық-
әрекеттік кызметтен басқа ойлау түрлерінің психикалық, нағыз табиғи сипаты бар, ал тіл болса ол өзінін 
бастапқы жаратылысында-ақ физикалық-материалдық құбылыс. Тіл мен oйлаудың байланысы қандай 
дәрежеде екенін және онын нақты сипатын анықтау — теориялық тіл білімі мен философияда ежелден-ақ 
әр түрлі пікірлер туғызған. Тіл мен oйлауды бірдей құбылыс (Ф. Э. Шлейермахер,И. Г. Гаман) немесе тілге 
ерекше мән беріп, оймен өте жақын құбылыс (В. Гумбольдт, Л. Леви-Брюль) деумен бірге, ол екеуінін 
арасындағы тікелей байланысты жоққа шығарған (Ф. Э. Бенеке) пікірлер орын алған. Психологияда 
адамның ойлауы мен сөйлеуінің ерекшеліктері көптеген ғалымдарды толғандырған мәселелердің бірі 
болып табылады. Ойлау мен сөйлеуге қатысты әрқилы тұжырымдар айтылып, бұл мәселе көптеген 
ғалымдардың зерттеулеріне ие болды. Осыған орай, психологияда ойлау мен сөйлеуге нақты анықтама 
беріліп, олардың ерекшеліктері жан – жақты талданды. Ондағы ойлау дегеніміз – сыртқы дүние заттары 
мен құбылыстарының байланыс – қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы 
бейнеленуі. Ал сөйлеу дегеніміз – тіл арқылы ойымызды басқа біреуге жеткізу. Адам ойлау мен сөйлеу 
арқасында қарым – қатынасқа түседі. Адамның көпғасырлық еңбек етуі нәтижесінде осы қарым – қатынас 
құралы сөз пайда болғанына еш күмән жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет