Үйірменің түрлері
Саз үйірмесі
|
Домбыра, баян, қобыз, сырнай т.б.
|
Спорттық үйірме
|
Шахмат, шашка, күрес, теннис, шаңғы, коньки, суда жүзу, баскетбол, волейбол т.б.
|
Пәндік үйірме
|
Математика, физика, химия, әдебиет, қазақ тілі, тарих, орыс тілі, т.б.
|
Өнер үйірмесі
|
Би, хор, драмалық үйірме, мәнерлеп оқу т.б.
|
Қолөнер үйірмесі
|
Тоқыма тоқу, кесте тігу, түрлі ойыншықтар тігу, гобелен тігу т.б.
|
Техникалық үйірме
|
АВЭ – клубы, жас техниктер станциясы, машина жасау, қайықтар жасау т.б.
|
Эстетикалық үйірме
|
Макраме, тоқыма, кесте тігу, би, ас мәзірін дайындау, жұмсақ ойыншықтар жасау т.б.
|
Үйірме жұмысын негізінен теориялық және практикалық бағытта жүргізуге болады. Үйірме жұмысын қамтуда оқушылардың ынта-ықыласын ескеру маңызды мәселе. Мұғалім оқушылардың талаптар мен сұраныстарын қанағаттандыра отырып, үйірме мүшелерін ортақ іске жұмылдыруы тиіс. Үйірме жетекшісі алынған тақырыбының үйретушілік және тәрбиелік маңызына ерекше мән бергені жөн. Жұмысты жүргізу әдістері көп жағдайда әртүрлі болады. Дегенмен үйірме сабақтарында проблемалық, эвристикалық әдістерді жиі пайдаланған дұрыс. Бұл оқушылардың ойлау қабілетін арттырып, ізденгіштік дағдыларын тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Пәндік үйірмелер – мектеп бағдарламасы бойынша түрлі пәндерді кеңіте, тереңдете оқыту арқылы тиісті ғылым, әдебиет салаларына оқушылардың қызығушылығын көздейтін сыныптан тыс ғылыми білімділік жұмыс түрі. Пәндік үйірмелер оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып, өзіндік зерттеушілігі мен дағдыларын қалыптастырады. Шығармашылық дегеніміз – адамның өмір шыңындағы өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі, өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы білім, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі керек. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, адамның рухани күшін нығайтып, өзін-өзі тануына көмектеседі. Оқушының өз болмысын тануға көмектесіп, қабілетін ояту, жаңа рухани күш беру білімнің ең маңызды мақсаты болып табылады.
— Өзін-өзі тануға ұмтылады;
— Ізденеді;
— Дұрыс ой түйеді;
— Өздігінен сапалы шешім қабылдайды;
— Жеке қабілеттері дамиды;
— Рухани күші нығаяды.
Балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, олардың күш-жігерін дұрыс бағытта жұмсау және бойында тұнып тұрған туа біткен қабілетін ашу, өнерге баулу мектеп мұғалімдерінің қолында. Үйірмелер оқушылардың бос уақытты тиімді қолдануға мүмкіндік береді. мол. Үйірмеде оқушылар өздері құрастырып жасалған еңбектері бағаланады . Бұдан әр тұлғаның өз жетістіктері көрінеді. Бұл жас таланттың әрі қарай қанат жаюына үлкен жол Альберх Дюрер айтқандай: «Сенің алдында өнер көп, соның өзіңе пайда әкелетін біреуін танда, оны зертте, қиындықтарына бас имей, шыдамдылықпен үйрен, өзіңе қуаныш сезімін алып келетін нәтижеге қолың жеткенше еңбектен». Осы тұрғыдан алғңанда бір өнерді игеру, оны түсіну жаңа технология бойынша оқушылардың білімі мен шеберлігін арттыруға, ой- санасының дамуына мүмкіндік жасайды.
Қазіргі өркениетке ұмтылған қоғам талабына сай еліміздің іргетасын нығайтып, келешігін жалғастыратын, көкірегі ояу, саналы, арманшыл жастар екені даусыз. Шығармашылық қабілеті дамыған, өнер тілін түсінген, өмірде бір мақсатқа қол жеткізіп үйренген оқушы кез келген істе осы қабілеттерін қолданатын болады. Мұғалімдерден қоғамның талап етіп отырған азаматтары осындай қабілетті, жан-жақты, ұлтының тарихын білетін, озық ойлы болуы қажет деп ойлаймын.
Достарыңызбен бөлісу: |