ІІ. Дайындық бөлім. Стратегиялық жоспарлауды енгізу өзектілігін анықтайтын себептер:
Стратегиялық жоспарлау – басқару мен реттеу жүйесінің әлемдік деңгейде мойындалған элементі, ол перспективалық даму үшін жағдай жасайды, стратегиялық мақсаттар негізінде ағымдық шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді;
Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы негізінде өзгерістер жағдайында стратегиялық жоспарлау білім саласының өзекті мәселелерін шешуге мектеп әкімшілігі мен білім беру жүйесінің қызметкерлерінің әрекеттерін біріктіру құралы болып табылады;
Стратегиялық жоспарлау процесі педагогтар мен мектеп әкімшілігінің, білім мекемесі мен қоғамның өзара қарым-қатынасын, білім мекемесінің мәртебесін, педагог имиджін нығайтуға ықпал етеді.
Мақсат нақты болу керек, яғни анық, түсінікті, сонымен қатар мекеменің қызметін қай жаққа қарай бағыттау керектігін анықтауға мүмкіндік беретіндей нақты тұжырымдалған болуы керек. Мақсат басқару түсінігінде дайындалуы тиіс.
M
Measurable
Өлшемділігі
Измиримые
Мақсат өлшеуге болатындай болуы керек, нақты өлшем түрі болуы тиіс. Кез келген сапалы мақсатты сандық өлшемге келтіруге болады.
A
Achievable
Қолжетімділік
Достижимые
Мақсат қолжетімді, жүзеге асатын болуы керек. Яғни мақсат мекеменің тиімді жұмыс істеуі мен оны дамытуға ықпал етуі тиіс.
R
Relevant
Өзектілігі
Актуальные
Мақсаттар бірін-бірі қолдауы керек, яғни бір мақсатты жүзеге асыратын әрекеттер мен шешімдер екінші мақсаттардың жүзеге асуына кедергі келтірмеуі тиіс.
T
Time bounded
Орындалу мерзімі
Ограниченные по срокам
Мақсаттарды жүзеге асыру мерзімі шектеулі болуы керек. Мақсаттың уақыт бойынша шектелмеуі – мақсат қойылған жоқ дегенді білдіреді.