Баярыстанова э. Т



Pdf көрінісі
бет24/68
Дата07.01.2022
өлшемі0,68 Mb.
#18454
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   68
Педагогикалық талдаудың негiзгi объектiлерi 

Ӛз  бойына  балаларды  оқыту  мен  тәрбиелеудiң  барлық  мақсаты,  мiндетi, 

мазмұны,  түрлерi  мен  тәсiлдерiн  жинақтаған  педагогикалық  талдаудың  негiзгi 

объектiсi  ең  алдымен  сабақ,  сыныптан  тыс  шаралар  және  мектептiң  оқу 

жылының  қорытындысы.  Педагогикалық  талдаудың  барлық  объектiсiн 

бiрiктiрушi - ортақ әдiстемелiк жүйе болып табылады. 

Мектептi  басқарудың  қызметi  ретiнде  педагогикалық  талдаудың  жүйелiк 

ыңғайының  әдiстемесi  мен  қисыны  мынадай  әрекеттердiң  сабақтастығынан 

аңғарылады: 

-  сабақты,  тәрбиелiк  шараларды  немесе  оқу  жылына  барынша  жалпы  жүйелiк 

бӛлiгi  ретiнде  қарастыру,  яғни  олардың  рӛлiн  сабақтар,  тәрбиелiк  шаралар 

жүйесiндегi  және  осы  оқу  жылын  ӛтпек,  болашақ  оқу  жылдарымен 

салыстырғанда алатын орнымен айқындау; 

-  педагогикалық  ұжым,  оның  педагогикалық  мәдениет  деңгейi,  мектептегi 

моральдiк-психологиялық  ахуал  және  т.б.)  тиiмдiлiгiн  айқындайтын  жиынтық 

факторларды табу; 

- оқу жылында жоспарластырған жұмыстардың негiзгi бағыттарының мазмұны 

мен түрiн, әдебиеттiң мақсаттылығы мен негiздiлiгiн айқындау; 

- оқу жылы бойындағы жұмыстың, сабақ, тәрбиелiк шаралар нәтижесiн талдау; 

-  оларды  ұйымдастырудағы  кемшiлiктер  мен  жетiстiктердiң  негiзгi  себептерiн 

айқындау; 

-  жаңа  оқу  жылында  жүргiзiлетiн  кешендi  жұмыстарды  жақсартуға  ұсыныстар 

мен қорытындылар жасау. 

Мектеп басшыларының үнемi назарында болатын нысан - сабаққа қатысу және 

оған  педагогикалық  талдау  жасау.  Қатысқан  сабақтың  соңы  оған  жасалған 

талдаудың сапасына тiкелей әсер етеді. 

Мектеп  басшыларының  басқару  қызметiнде  сабаққа  талдау  жасаудың 

кеңейтiлген, қысқа және кезендiк түрлерi кеңiнен қолданылады. 

  Сабаққа  кеңейтiлген  педагогикалық  талдау  жасау  сабаққа  қойылатын 

тәрбиелiк, 

дидактикалық, 

психология-лық, 

санитарлық-гигиеналық 



36 

 

талаптардың  барлығына  тоқталуды  қажет  етедi.  Талдаудың  бұл  түрi жұмысты 



жаңа  бастаған  мұғалiмдерге,  белгiлi  бiр  қиындыққа  тап  болған  мұғалiмдерге 

немесе  iс-тәжирибесi  арнайы  зерттелетiн  мұғалiмдердiң  сабағына  баға  беруде 

қолданылады. 

Сабаққа  қысқа  талдау  жасау  директор,  оқу  iсiнiң  меңгерушiсi  немесе  әдiскер 

тарапынан  ұсыныс  не  ескертпенi  барынша  объективтi  етiп  берудi  талап  етедi. 

Сабаққа  қысқа  талдау  жасау  -  атүстi  талдау,  немесе  сабаққа  кӛз  алдау  үшiн 

қатысу  емес,  талдаудың  бұл  түрi  мұғалiм  тұлғасын  жақсы  бiлу,  жоғары 

әдiстеменiң және басқару мәдениетiн талап етедi. 

  Кезеңдiк  талдау  сабақтың  белгiлi  бiр  кезеңiн,  мысалы  оқушылардың  таным 

белсендiлiгiн артыруда кӛрнекiлiк қолдану, немесе мұғалiмнiң үй тапсырмасын 

тексеру жұмысы, немесе сабақ барысында оқушылармен  топтық жұмыс жасау 

еркшелiгiн қамтиды. 

  Мектеп 

басшысының  талдамалық  қызметiнде  тәрбиелiк  шараларға 

педагогикалық  талдау  жасау  маңызды  орын  алады.  Бұрын  атап  ӛтiлгендi, 

тәрбиелiк  шаруалар  iске  асу  процесiнде  балалар  қатысатын  ұйымдық,  пәндiк, 

шығармашылық  әрекеттер  сияқты  бiр-бiрiмен  ӛзара  байланысты  бiрнеше 

кезеңдерден тұрады. 

Тәрбиелiк  шараларға  педагогикалық  талдау  жасаудың  қисыны  оның 

кезендерiнiң бiрiздiлiкпен  iске асуынан  кӛрiнедi. Кезеңдердiң бiрiздiлiгi былай 

iске  асады:  тәрбиелiк  шараның  мақсаты  мен  мiндеттерiн,  iске  асыру  түрiн 

бiрлесiп  дайындау;  бiрiгiп  жоспарластыру;  оқушылардың  дайындыққа 

тартылуы  және  мұғалiмдердiң  педагогикалық  басшылығының  ерекшелiктерi; 

тәрбие iсiн тiкелей жүргiзу; бiрлесiп қорыту және талдау жасау. 

Мектептiң және  оның басшыларының  жұмыс  тәжірибесiн  зерттеу  тәрбие  iсiне 

педагогикалық  талдау  жасаудың  барысында  мынадай  мүмкiн  мәндi  нұсқа 

ұсынуға болады: 

- тәрбие iсiн мақсатына қарай талдау; 

- тәрбие iсiнiң тақырыбына, осы iске асырудың түрiне талдау, аталған шараның 

сынып, мектептiк тәрбие жүйесiндегi орнын анықтау; 

тәрбиелiк  iстiң  ӛтетiн  орнын  бағалау,  аудиторияны  безендiру, 



пайдаланылатын құралдардың сапасы мен күтiмi; 

-  тәрбиелiк  iстiң  әрбiр  кезеңiне  талдау  (кезекшiнiң  тәрбиенi  мiндеттi  iске 

асыруы,  кезек  мiндеттерiнiң  мазмұнға  сай  келуi  қолданылған  әдiстердiң 

тиiмдiлiгi, кезең нәтижесiнде талдау); 

-  тәрбиелiк  шараның  оқушы  тұлғасына  дербес  ықылас,  оның  балалар  ұжымын 

қалыптастыру, ӛзiн-ӛзi басқаруын дамытуына талдау; 

-  мұғалiм,  сынып  жетекшiсiнiң  қызметiне,  педагогикалық  шеберлiгiне 

тәрбиешiнiң  тәрбие  процесiн  басқарудағы  бiлiктiлiгi  мен  кәсiпқойлығына, 

беделi, педагогикалық әзiрлiгiне баға беру; 

- тәрбие iсiнiн жүргiзудегi кемшiлiктер, оның себептерi; 

-  сынып  жетекшiсiне,  мұғалiм  мен  тәрбиешiге  тәрбие  процесiн  жетiлдiруiне 

ұсыныс, ақыл-кеңес беру. 




37 

 

Мектептiң  оқу  жылында  атқарған  жұмыстарының  қорытынды  талдауының 



негiзгi мазмұнын мынадай басты бағыттар құрайды: 

1. Оқыту  сапасы  –  мұғалiмдердiң  қажеттiк  дайындығының  дамыта  оқыту 

талаптарына сай болуы. 

2. Бiлiм  беру  бағдарламалары  мен  стандарттардың  орындалуы;  оқытудың 

белсендi  түрлерi  мен  әдiстерiн  қолдану;  сабақтың  тәрбиелiк  мүмкiндiгiн  iске 

асыру;  тұлғалық  ерекшелiктер  мен  дербестiк  нышандарды  дамыту; 

оқушылардың бiлiм, дағды, iскерлiгiн бағалаудың шараларын сақтау. 

3. Оқушылардың  бiлiм,  iскерлiк  дағдысының  сапасы  –  кӛлемi,  тереңдiгi, 

жүйелiлiгi,  түсiнiктiлiгi,  танымдылығы;  оқушылардың  жалпы  бiлiм  берудiң 

барлық  сатысындағы  бiлiм  сапасы;  оқушылар  бiлiмiндегi  типтiк  олқылықтар 

мен олардың себептерi; оқушылардың компьютерлiк бiлiмi және т.б. 

4. Оқушылардың тәрбиелiк деңгейi; мектептегi әдiстемелiк жұмыстың жағдайы 

мен сапасы. 

5. Ата-аналармен және қоғамдық ұйымдармен тиiмдiлiгi. 

6. Оқушылар денсаулығы жайлы санитарлық-гигиеналық мәдениеті. 

7. Мектеп  кеңесiнiң,  педагогикалық  кеңес  қызметiнiң  нәтижелiгi;  он  бiр 

жылдық  оқу  және  тәрбие  циклындағы  мектеп  жұмысы;  мектептiң  есептi 

баяндамасы. 

Кешенді  талдау  –  оқу  және  тәрбие  жұмысының  барысы  мен  нәтижелерін  ғана 

зерттеу  емес,  бұл  оқу-тәрбие  процесінің  келешекте  даму  мүмкіндіктерін  және 

оған    әсер  ететін  сыртқы  байланыстарды  да  қарастыру.  Кешенді  талдаудың 

нәтижелері  және  жасалған  қорытындылар  ұйым  дамуының  кӛкейтесті 

мәселелерін анықтаудың бастапқы  ғылыми негізін құрайды.  болып табылады.    

  Талдау бӛліктері: 

1) Ұйымды белгілі бір құндылық ретінде қарастыру; 

2) Ұйымның  бүгінгі  және  келешектегі  күн  талаптарына  сәйкес  келмейтін 

тұстарын анықтау (яғни білім беру мекемесінің бәсекеге қабілетілік деңгейі). 

 

Талдау  сызбасы:  1.  Нақты  жағдайлар  (кадрлық,  ғылыми-әдістемелік, 



материалдық-техникалық,  қаржылық,  мотивациялық,  нормативтік-құқықтық 

қамтылу шарттары). 

2. Оқу-тәрбие процесі. 

3. Нәтижелер мен қорытындылар. 

 

Талдау кезеңдері: 



1-кезең.  Әлеуметтік  тапсырыстың  ішкі  және  сыртқы  қайнар  кӛздерін  талдау  

және  соған  байланысты  келешекте  ӛзгеруі  мүмкін  талаптарды  болжамдау 

негізінде  нақты  педагогикалық  ұғымдарды  сипаттау  арқылы  күтілетін  жалпы 

нәтижені қалыптастыру. 



2-кезең.    Осы  ұғымдар  негізінде  мектеп  жұмысының  нәтижелерін  бағалау 

(есептер,  «тәрбиелілік»,  «даму»,  «оқушының  денсаулығы»,  ҰБТ  және  МАБ 

нәтижелері, бітірушінің бәсеке қабілеттілігі, әлеуметтену, т.б.). 

3-кезең.Оқу-тәрбие процесін талдау. 



38 

 

4-кезең.  Оқу-тәрбие  процесіндегі  кемшіліктерге    cебеп  болған  жағдайларды 

анықтау. 

5-кезең.  Маңыздылығы  бойынша  реттелген  мәселелерді  олардың  себептерімен 

қоса сипаттау. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет