Баярыстанова э. Т


 Мектепiшiлiк басқарудағы педагогикалық талдау



Pdf көрінісі
бет23/68
Дата07.01.2022
өлшемі0,68 Mb.
#18454
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   68
1. Мектепiшiлiк басқарудағы педагогикалық талдау 

Тұтас  педагогикалық  процестi  басқару  функцияларының  бiрi  педагогикалық 

талдау  болып  табылады.  Педагогикалық  талдау  функциясын  қазiргi  ұғымда 

алғаш  рет  қолданып,  мектепiшiлiк  басқару  теориясына  енгiзген  Ю.  А. 

Конаржевский  едi.  Ғалымның  пікірі  бойынша,  педагогикалық  талдаудың 

мектептi басқару функциясы ретiндегi негiзгi қызметi  педагогикалық процестiң 

даму  тенденциялары  мен  жағдайын  зерттеу,  оның  нәтижелерiн  объективтi 




34 

 

бағалап,  соның  негiзiнде  басқарылатын  жүйелi  жақсарту  туралы  ұсыныстар 



дайындау  болмақ.  Бұл  функция  –  басқару  циклының  құрылымындағы  ең 

күрделiсi, ӛйткенi, талдау зерттеу объектiсiн бӛлшектеудi, оның әрқайсы-сының 

орны  мен  рӛлiн  бағалауды,  жеке  бӛлiктен  тұтас  объектiнi  тани  алуды,  жүйе 

құрушы факторлердiң байланысын анықтауды қамтиды. 

  Педагогикалық талдау басқару циклы құрылымында ерекше орын алады: бiр-

бiрiмен  байланысқан  функциялардан  тұратын  кез-келген  басқару  циклы 

талдаудан  басталып,  талдаумен  аяқталады.  Басқару  қызметiнiң  жалпы 

тiзбегiнен  педагогикалық  талдауды  алып  тастау  оның  күйреуiне  жол  бередi, 

ӛйткенi  жоспарластыру,  ұйым-дастыру,  бақылау,  реттеу  функцияларына  ӛз 

кезегiнде талдау жасалмаса ол логикалық қорытындыға жете алмайды. 

  Педагогикалық  талдау  педагогикалық  басқару  процесiнде  тiкелей  емес,  оқу-

тәрбие  барысында  iске  асырылатын  болғанықтан  мұғалiм  сабақ,  тәрбиелiк 

туралы  ӛткiзер  алдында  соған  тiкелей  қатысты  болатын  педаго-гикалық 

жағдайдың  негiзгi  элементтерiн  ескеруi  және  жан-жақты  талдауы  тиiс. 

Уақытынан кеш немесе шала-шарпы жүргiзiлген талдау мектеп директорының 

мақсатын белгiлеп, мiндеттердi айқындау кезеңде қателiкке, шашыраңқылыққа, 

кӛбiне  негiзсiз  шешiм  қабылдауға  душар  етедi.  Педагогикалық  немесе 

оқушылар ұжымында шынайы жағдайды бiлмеу педагогикалық процесте және 

ӛзара қарым-қатынастарда дұрыс жүйе қалыптастыруда қиындықтар тұғызады. 

Педагогикалық талдаудың түрлерi мен мазмұны 

Мектепiшiлiк  басқарудың  теориясы  мен  практикасында  Ю.  А.  Конаржевский, 

Т.  И.  Шамова  және  т.б.)  педагогикалық  талдаудың  негiзгi  түрлерi  анықталған. 

Талдаудың субъектiсiне (не талданады) қарай оның кӛп-теген түрлерi кездеседi. 

Солардың  арасынан  параметрлiк,  тақырыптық  және  қорытынды  талдау  деп 

аталатын үш түрдi бӛлiп атауға болады. 

  Параметрлiк  талдау  оқу  процесiнiң  барысы  мен  нәтижесi  туралы  күнделiктi 

мәлiмет  жинап,  ондағы  кемшiлiктердiң  себебiн  анықтауға  бағытталды. 

Параметрлiк  талдау  барысында  тұтас  педагогикалық  процестiң  барысына 

ӛзгерiстер мен түзетулер еңгiзiледi. Параметрлiк талдаудың мазмұны ағымдағы 

сабақ  үлгерiмi,  сыныптағы,  мектептегi  бiр  күндiк,  бiр апталық тәртiп,  сабаққа, 

сыныптан  тыс  шараларға  қатысу,  мектептiң  санитарлық  жағдайы,  сабақ 

кестесiнiң  сақталуы  және  т.б.  сияқты  мәселелердi  қамтиды.  Соның  iшiндегi 

мектеп  директоры  мен  оның  орынбасарларының  негiзгi  жұмысы  сабаққа  және 

сыныптан  тыс  шараларға  қатысуы.  Параметрлiк  талдау  нәтижелерiн  тiркеп, 

жүйелеп,  қорыту  тақырыптың  педагогикалық  талдауға  негiз  қалайды.  Осы 

тұрғыдан  алғанда  параметрлiк  талдау  –  фактiлердi  атап  кӛрсету  емес,  оларды 

салыстыру,  жинақтау,  оның  қалыптасу  себебiн  анықтап,  соңғы  салдарын 

болжау. Осындай талдау нәтижелерi және соның негiзiнде қабылданған шешiм 

шұғыл түрде iске асыруды қажет етедi. 

  Тақырыптық  талдау  педагогикалық  процестiң  барысында  барынша  тұрақты 

ағымдар мен нәтижелердi зерттеуге бағытталады. Тақырыптық талдау мазмұны 

мынадай  кешендi  мәселелердi  қамтиды:  оқытудың  озық  әдiстерiн  үйлестiру, 

оқушылардың 

бiлiм 

жүйесiн 


қалыптастыру; 

мұғалiмдердiң, 

сынып 



35 

 

жетекшiлерiнiң  адамгершiлiк,  эстетикалық,  дене,  ақыл-ой  тәрбиесiнiң  жүйесi; 



мұғалiмнiң 

педагогикалық 

мәдениетiнiң 

деңгейiн 

кӛтеру; 

мектепте 

инновациялық орта қалыптастырудағы педұжымның рӛлi және т.б. 

Параметрлiк  талдау  негiзiне  сүйене  отырып,  тақырыптық  талдау  барысында 

мектеп  басшылары  қорытынды  талдаудың  мазмұны  мен  технологиясын 

негiздейдi. 

  Қорытынды  талдау  уақыт,  кеңiстiк  және  мазмұн  жағынан  да  барынша  кең 

кӛлемдi  қамтиды.  Ол  оқу  тоқсаны,  жарты  жылдық,  оқу  жылының 

қорытындысымен  ӛткiзiлiп,  қол  жеткен  нәтижелер,  олардың  алғышарттарын 

оқып-үйренуге  бағытталады.  Қорытынды  талдау  басқару  циклының  барлық 

функцияларын  қамтиды.  Қорытынды  талдау  үшiн  мәлiметтер  параметрiн, 

тақырыптық  талдау  тоқсандық,  жарты  жылдық  бақылау  жұмыстары,  мұғалiм-

дер,  сынып  жетекшiлерi,  қоғамдық  ұйымдар  ұсынған  ресми  есеп, 

анықтамалардан құралады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет