Баярыстанова э. Т


 Мектеп басқаруға байланысты мақсат белгiлеу және жоспарлау



Pdf көрінісі
бет26/68
Дата07.01.2022
өлшемі0,68 Mb.
#18454
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   68
Байланысты:
Баярыстанова Э.Т. Білімдегі менеджмент негіздері

2. Мектеп басқаруға байланысты мақсат белгiлеу және жоспарлау 

  Кез  келген  педагогикалық  процестi  басқару  мақсат  қою  мен  жоспарлаудан 

тұрады.  Педагогикалық  жүйенiң  үнемi  қозғалыста,  үнемi  даму  үстiнде  болуы 

оқу-тәрбие  жұмысында  мақсат  қою  мен  жоспарлауды  жетiлдiрiп  отыруды 

қажет  етедi.  Әрине,  тәрбиеленушiлердiң  бойында  белгiлi  бiр  қасиеттiң 

қалыптасуын  дәл  белгiлеу,  жоспарлау  мүмкiн  емес.  Ал  жоспарлау  жеке 

тұлғаның  барынша  және  жан  жақты  дамуына  қолайлы  объективтi  жағдай 

туғызуы  тиiс.  Сондықтан  педагогтардың  алдында  тұрған  мақсаттар  мен 

мiндеттер  қоғамның  алдындағы  жалпы  мiндеттер  мен  мақсаттардың  кӛрiнiсi 

болып  табылады.  Мақсат  жоспардың  ӛзегi  болғандықтан  ол  педагогтiң  де, 

оқушының да әрекеттiн қамтуы керек.  

   Басқару  қызметiнiң  мақсаты  –  жұмыс  түрлерi  мен  тәсiлдерiн,  оның  жалпы 

бағыттарын  айқындайтын  бастау.  Педагогикалық  жүйеде  мақсат  қоюдың 

ерекшелiгi  бұл  жерде  қоғамның  объективтi  талаптарын  бiлу  жеткiлiксiз.  Бiр 

жерде  басқару  әрекетiнiң  жалпы  мақсаттарын  оқушылардың  жас  ерекшелiгi 

мен  дербес-психологиялық  ерекшелiктерiн  ескерiп  белгiлеу  орынды.  Жалпы 

мақсатты  жан-жақты  тармақталған  «ағашқа»  теңейтiн  болсақ  «басты»  мақсат 

оның  дiңi  болып  шығады.  Сондықтан  оның  педагогикалық  процестiң  басты 

мақсаты жекелеген мақсаттардың iске асуы есебiнен нәтиже беретiнiн ұмытпау 

қажет. 


  Сапалы  түрде  мақсат  белгiлегенде  директормен  бiрге  мұғалiмдер, 

оқушылардың  да  осы  жұмысқа  тартылуы,  оладың  әрқайсысының 

педагогикалық  процесте  белгiлi  бiр  құқық,  мiндет,  жауапкершiлiк  арқалауына 

жағдай жасайды. 

Мақсат  қоюды  осылай  түсiну  кешендi  мақсатты  бағдарламаны  iске  асыратын 

жоспарластыруға  мүмкiндiк  бередi.  Кешендi  мақсатты  бағдарлама  мектеп 

жұмысы  жоспарының  қысқартылған  моделi  емес,  ол  мектептiң  жалпы 



40 

 

жоспарынан  бӛлiп  алынған  барынша  маңызды  3-4  мәселенi  нақтылана  түскен 



бӛлiгi. 

  Бұндай 

мақсатты  бағдарламаның  мазмұнын  айқындайтын  қысқаша 

түсiнiктемесi болады; оның жалпы мектептiк жоспардағы орны; басты мақсаты, 

мiндеттер  жүйесi;  мақсатқа  жету  кӛрсеткiштерi;  орындалу  мерзiмi;  мiндеттi 

орындауды  басқарудың  мәлiметпен  қамтамасыз  етiлуi;  бағдарламаның 

орындалуын  бақылау;  қорытынды  талдау;  бағдарламаны  орындауға  енгiзiлген 

түзету. 


  Жоспарлау  ұйымдағы  негізгі  қызмет  түрлері  мен  іс-шараларды,  олардың 

орындаушылары мен мерзімдерін анықтауды кӛздейді. Ол педагогикалық ұжым 

мен  оның  басшыларының  идеалды  қызмет  моделі  болып  табылып, 

педагогикалық  процесс  субъектілерінің  (мектеп  әкімшілігі,  мұғалімдер, 

оқушылар)  іс-әрекет бірлігін қамтамасыз етеді. 

Жоспарлаудың міндеттері: 

-  мемлекеттік органдардың ӛскелең ұрпақты тәрбиелеу және оқыту мәселелері 

жӛніндегі шешімдерінің орындалуын қамтамасыз ету; 

-  педагогикалық ұжым қызметіндегі маңызды мәселелерді айқындау; 

-  нақты іс-шараларды, олардың орындаушылары мен мерзімдерін белгілеу; 

-  ұйым қызметіне ғылыми негізделген тәртіп енгізу арқылы оны реттеу; 

-  ұжым мүшелерін жауапкершілікке тәрбиелеу. 

Мектептегi  басқаруды  жоспарластыру  зерттейтiн  құбылысқа  жасалған 

педагогикалық  талдаудың  негiзiнде  iске  асатын  мақсатты  бағдарлама  деп 

бiлемiз.  Бұл  жерде  жоспар  түрiнде  қабылданған  шешiм  ұзақ  перспективаға 

арналуы,  шұғыл,  адамдағы  iстердi  шешуге  бағытталуы  мүмкiн.  Осыған 

байланысты  мектеп  жұмысының  жоспарын  перспективалық,  жылдық, 

ағымдағы деп бӛлiп қарастырамыз. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет