Баярыстанова э. Т


Тақырып 6. Мектепті басқару құрылымындағы мектепiшiлiк бақылау



Pdf көрінісі
бет31/68
Дата07.01.2022
өлшемі0,68 Mb.
#18454
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   68
Байланысты:
Баярыстанова Э.Т. Білімдегі менеджмент негіздері

Тақырып 6. Мектепті басқару құрылымындағы мектепiшiлiк бақылау

 

1. Мектепiшiлiк бақылау, оның мақсаты мен міндеттері  

2. Мектепiшiлiк бақылаудың құрылымы, түрлерi және әдiстерi 

 

1. Мектепiшiлiк бақылау, оның мақсаты мен міндеттері  

  Басқару  ісіндегі  белгіленген  жоспарды  орындау  жӛніндегі  мектеп  жұмысының 

нәтижелерін  анықтауға  мүмкіндік  беретін  маңызды  қызметтің  бірі  -  мектепішілік 

бақылау.  Тиісті  талаптарға  сай  және  мезгілінде  жүргізіліп  отыратын  бақылау 

мектеп  ұйым  жұмысына  мезгілінде  түзетулер  енгізуге,  жеке  қызметкерлердің  іс-




46 

 

әрекеттерін  ӛзгертуге,  ынталандырудың  жаңа  элементтерін  қолдануға  мүмкіндік 



береді. 

Бақылау  –  жұмыс  нәтижелеріне  сандық  және  сапалық  баға  беру  процесі. 

Бақылаудың  негізі  тәсілдері  –  байқау,  тексеру,  есепке  алу,  талдау.  Бақылау 

басқару  функциялары  арасында  «кері  байланыс»  орнатуға  мүмкіндік  береді, 

себебі  бақылау  нәтижесінде  бастапқы  шешімдерге,  жоспарға  түзетулер 

енгізіледі. 

  Педагогикалық  бақылаудың  басты  мақсаты  –  педагогикалық  процесс 

субъектілерінің  (әкімшілік,  мұғалім,  оқушы,  персонал)  тәртіп  ережелеріне 

сәйкес  мінез-құлық  жүйесін  ұстануына  ықпал  жасау,  оқу-тәрбие  процесінің 

нақтылы  нәтижесінің  талап  етілетін  нәтижеге  неғұрлым  жақын  болуын 

қамтамасыз ету. 

Міндеттері:  мектептегі  оқу-тәрбие  жұмысының  жағдайын  жүйелі    оқып 

зерттеу;  мұғалімдердің  мемлекеттік  стандарт  талаптарын  орындау  жӛніндегі 

қызметін тексеру; оқушылардың білім және тәрбие деңгейін анықтау; т.б. 

Мектепішілік бақылау (педагогикалық бақылау) жүйесі мыналарды қамтиды: 

-  сабақтарды  бақылау  (қай  пән,  қай  сынып,  қай  мұғалім,  қандай  мақсатпен; 

нәтижелері қайда қаралады); 

-  оқушылардың  білім  сапасын  бақылау  (бақылау  жұмыстарының  түрлері,  қай 

сыныптар, қандай пәндер, нендей мақсатпен); 

-  мектептің тазалық-гигиеналық жағдайын бақылау; 

-  үйірмелер,  факультатив  пен  секциялардың  жұмысын  бақылау  (жұмыс 

мерзімінің реті, қатысушылар саны, мазмұны мен бағыты); 

-  ұзартылған  күн  топтарының  жұмысын  бақылау  (тамақтану  тәртібі,  жұмыс 

жасау және тынығу тәртібі); 

-  еңбекті  қорғау  және  техникалық  қауіпсіздік  ережелерін  сақтауды  бақылау 

(кабинет, спортзал, мектеп маңайында, т.б.) 

 

  Мектепiшiлiк 



бақылаудың 

ерекшелiгi 

оның 

бағалау 


қызметiмен 

байланыстылығы.  Ол  бағалау  мұғалiм  тұлғасының  ерекшелiгiн  ескеруге 

бағытталады.  Егер  бақылаушы  жас  мұғалiм  болса,  бағалау  оның  кәсiптiк 

қалыптасуына, еңбек ӛтiмi мол мұғалiм болса оның кәсiпқойлық позициясының 

нығаюы  немесе  әлсiреуi  және  мектептегi  беделiне  байланысты  болмақ. 

Сондықтан  тексеру  барысында  тексерушiнiң  кәсiпқойлылығы  мен  iсiн  жете 

бiлуiнiң  маңызы  зор.  Тексерушiлiк  қызметтi  орындайтын  қазiргi  инспектор 

немесе  мектеп  директоры  кiсiлiк  келбетi  мығым  тұлға  болуы  қажет.  Олардың 

мiндетi  мұғалiмдердi  қорқытып,  үркiту  емес,  қайта  iстiң  жағдайына  әдiл  баға 

берiп,  педагогикалық  қызметтi  ынталандырып,  қолдап,  әдiстемелiк  кӛмек 

кӛрсету  болуы  тиiс.  Осы  тұрғыдан  алып  қарағанда  мектепiшiлiк  бақылауды 

бiрқатар  кемшiлiктердi  атауға  болады.  Бiрiншiден,  директор  мен  оның 

орынбасарлары  арасында  тексеру  нысандарының  бӛлiнбеуi,  тексерудiң  есеп 

үшiн немесе ӛзара сабаққа енудiң санын анықтау мақсатында ұйымдастырылуы 

байқаудың 

жүйесiздiгi. 

Екiншiдiн, 

бақылауды 

ұйымдастырудағы 

немқұрайлылық.  Ол  жүргiзiлген  тексеру  мақсатының  анық  қойылмауы, 




47 

 

бағалаудың  әдiл  критерийлерiнiң  болмауы  немесе  қолданылмауы  түрiнде 



кӛрiнедi. Үүшіншіден, тексерудiң  педагогикалық процесстiң бiр ғана бағытын, 

бiр  ғана  қырын  қамтудан  кӛрiнетiн  мектепiшiлiк  бақылаудың  бiржақтылығы. 

Мысалы,  тек  оқу  процесi  немесе  қазақ  тiлi  мен  математика  ғана  тексерiледi. 

Тӛртiншiден,  тексеруге  тек  лауазымды  адамдар  қатыстырылып,  оның  есесiне 

тәжiрибелi мұғалiмдер мен әдiскерлердiң тыс қалуы. 

  Мектепiшiлiк  тексерудi  ұйымдастыруда  осындай  және  бұдан  басқа  да 

кемшiлiктер  мен  түсiнбеушiлiктердi  болдырмау  үшiн  бiрқатар  жалпы 

талаптарды  бiлу  қажет.  Ондай  талаптарға  мыналар  жатады:  жүйелiлiк  -  бұл 

талап  мектептегi  оқу  процесiнiң  бүкiл  барысын  басқаруға  мүмкiндiк  беретiн 

бақылау  жүйесiн  құрып,  бақылау  мен  тексерудi  тұрақты  жүргiзуге 

бағытталады;  әдiлдiк  –  бұл  талап  бойынша  мұғалiмнiң  немесе  педагогикалық 

ұжымның  әрекетi  мемлекеттiк  стандарт  және  бiлiм  бағдарламалары  талабына 

сай  жасалынған  және  келiсiлген  ӛлшемдермен  бағалануы  тиiс;  ықпалдылық  - 

тексеру нәтижелерi анықталған кемшiлiктердi жойып, оңды ӛзгерiстер жасауды 

талап  етедi;  тексерушiнiң  өз  iсiн  жетiк  бiлуi  -  тексеретiн  тақырыпты  бiлу, 

тексеру әдiстемесiн меңгеру, тексеру нәтижесiнiң дамуын болжай алуды талап 

етедi. 

Мектептану әдебиетiнде (М. Л. Портнов, Т. И. Шамова, Н. А. Шубин және т.б.) 

мектепiшiлiк бақылау мазмұнына мынадай бағыттарды қосады: 

- жалпыға бiрдей бiлiм берудiң ұйымдық-педагогикалық мәселелерiн орындау; 

-  оқу  бағдарламалары  мен  мемлекеттiк  бiлiм  стандартының  орындалу  барысы 

және сапасы; 

- бiлiм сапасы, оқушылардың ептiлiгi мен дағдысы; 

- оқушылардың тәрбиелiлiгiнiң деңгейi; 

-  бiлiм,  тәрбие  және  оқытудың  дамытушылық  қызметiн  iске  асыратын  оқу 

пәндерiнiң берiлу жайы; 

- сабақтан тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың жайы мен сапасы; 

- педагог кадрлармен жұмыс; 

-  оқушыларды  тәрбиелеудегi  мектептiң,  отбасылық  және  жұртшылықтың 

бiрлескен әрекетiнiң тиiмдiлiгi; 

- нормативтi құжаттар мен қабылданған шешiмдердiң орындалуы. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет