Баярыстанова э. Т


 Білім беру мекемесі басшысының қызмет бағыттары (функциялары)



Pdf көрінісі
бет34/68
Дата07.01.2022
өлшемі0,68 Mb.
#18454
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   68
1. Білім беру мекемесі басшысының қызмет бағыттары (функциялары) 

  Оқу орнын басқаруды директор  және оның орынбасарлары  iске асырады, ал 

олардың  функциялық  мiндеттерiн,  тағайындау  немесе  сайлау  тәртiбiн  жалпы 

бiлiм  беретiн  мектеп  жарғысы  анықтайды.  Оқу-тәрбие  процесiн  басқаруды  ең 

алдымен педагогикалық стажы үш жылдан кем емес, ӛзiн мұғалiмдiк қызметте 

кӛрсете алған және қажеттi ұйымдастырушылық қабiлетi бар мектеп директоры 

атқарады. Мектеп директорының функциялық мiндеттерi «Жалпы бiлiм беретiн 

мемлекеттiк оқу орындары туралы уақытша ережесiнен»  және соның негiзiнде 

жасалатын  әрбiр  жалпы  бiлiм  беретiн  оқу  орнының  ӛз  жарғысымен 

айқындалады. 

Жалпы  бiлiм  беретiн  оқу  орнының  директоры  мынадай  функциялық 

мiндеттердi атқарады: 

-  мемлекет  пен  қоғам  алдында  балалар  құқын  қорғау  талаптарының 

орындалуына жауапты; 

-  оқу-тәрбие  процесiн  жоспарластырады  және  ұйымдастырады,  оның 

орындалу  барысын  және  нәтижесiн  қадағалайды,  оқу  орнының  тиiмдi  және 

сапалы жұмыс iстеуiне жауап бередi; 

-  мемлекеттiк және қоғамдық органдар алдында мектептiң мүддесiн танытады; 

-  мектептен  тыс  және  сабақтан  тыс  жұмыстарды  ұйымдастыруға  қажеттi 

жағдай туғызады; 

-  мектеп  директорының  орынбасарын  таңдайды,  олардың  функциялық 

мiндеттерiн белгiлейдi; 

-  педұжымның,  ата-аналардың  және  оқушылардың  пiкiрiн  ескере  отырып  оқу 

орнының педагог кадрларын орналастырады; 

-  оқу  орнының  педагог,  әкiмшiлiк,  оқу-тәрбие  және  қызмет  кӛрсетушi 

кадрларын жұмысқа қабылдайды және босатады; 



51 

 

-  белгiленген  тәртiп  бойынша  оқу  орнына  бӛлiнген  бюджет  қаржысының 



ұтымды жұмсалуын ұйымдастырады; 

-  оқу  орны  Кеңесiнiң  келiсiмiмен  шығармашылықпен  жұмыс  iстейтiн 

мұғалiмдердiң жалақысына үстеме қосады; 

-  шығармашылықпен 

жұмыс 

iстейтiн 



мұғалiмдердiң 

педагогикалық 

эксперимент  жасауына,  оқу  мен  тәрбиенiң  ӛзiнiң  әдiстерiн  практикада 

қолдануына қолайлы жағдай жасайды;  

-  ӛзiнiң қызметi бойынша бiлiм басқармасы органының алдында жауап бередi. 

  Мектеп  директорының  бұл  функциялық  мiндеттерi  мектептiң  типiне, 

орналасқан  жерiне,  мұғалiмдер  мен  оқушылар  құрамының  ерекшелiктерiне, 

ата-аналар  мен  қоғамдық  ӛкiлдердiң  арасында  қалыптасқан  жұмыс  жүйесiнiң 

ерекшелiктерiне  байланысты,  мектеп  жарғысына  одан  әрi  толықтыру  енгiзуi 

мүмкiн. Оқушылардың ӛзiн-ӛзi басқаруы, кәсiптiк бағдар, ата-аналармен жұмыс 

сияқты мәселелер мектеп директорының басты назарында болуы тиiс.   

Менеджмент теориясына сәйкес, білім менеджерінің басқару функциясы дегеніміз 

менеджмент  субъектісінің  оның  объектісіне  (екінші  субъетісіне)  қатысты 

атқаратын  қызмет  (іс-әрекет)  түрлері  немесе  менеджмент  субъектісінің  қандай  да 

бір ақпаратпен орындайтын іс-әрекеттері. 

  Бүгінгі күнгі мектеп басшысының (білім менеджерінің) басқару функцияларына 

мыналар  кіреді:  талдау,  мақсат  болжау,  жоспарлау,  шешім  қабылдау, 

ұйымдастыру, ынталандыру, өкілеттілік беру, бақылау, мониторинг, маркетинг. 

Функциялар  басқару  қызметінің  негізгі  мазмұнын  белгілі  бір  аяқталған  цикл 

түрінде кӛрсетеді. 

  Оқу-тәрбие  процесінің,  сондай-ақ  білім  беру  мекемесінің  жалпы  қызметінің 

мақсатын  дұрыс  белгілеу  және  оны    жоспарлау  белгілі  бір  ақпаратты  талдау 

негізінде жүргізіледі.  



Талдау  –  белгілі  бір  мәселенің  мәні-мағынасын  бағалауға  қажетті  ақпарат 

жинақтауға  және  оны  ӛңдеуге  бағытталып,  менеджменттің  ең  бастапқы 

функциясы болып табылады

Педагогикалық  талдау  -    білім  менеджерінің  оқу-тәрбие  процесінің  нақты 

жағдайын  зерттеуге,  оның  нәтижесін  объективті  бағалауға  және  даму 

тенденциясын анықтауға  бағытталған қызметі (функциясы).   

  Кез келген басқару технологиясының маңызды компоненттерінің бірі – ұйым 

алдында  тұрған  мақсаттарды  белгілеу  (болжау).  Мақсаттар  қолда  бар  барлық 

ақпаратты  талдау  арқылы  анықталып  (белгіленіп),  басқарушылық  шешім 

қабылдауға негіз болады. 

Ұйымның  мақсаттары  оның  қызмет  ету  және  даму  тұжырымдамасын  кӛрсете 

отырып,  мынадай  қызметтер  атқарады:  ағымдағы  қызметтің  белгісіздігіне  (екі 

ұштылығына)  жол  бермейді;    қызмет  нәтижелерін  бақылаудың  және 

бағалаудың  ӛлшемдерін  айқындайды;  анық  және  нақты  белгіленген  мақсаттар 

мекеме қызметкерлерінің жұмылып бірлікте жұмыс жасауына ықпал жасайды.   



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет