55
қызмет барысында олардың қаншалықты маңыздылығына баға берiледi. Қазiргi
кезде басқару тиiмдiлiгiн артыруда бiлiм, идея, концепция сияқты басқаруға
қатысты педагогикалық құндылықтар үлкен маңызға ие болуда.
Педагогикалық жүйенi басқарудың құндылықтары сан алуан. Олар: әртүрлi
деңгейдегi тұтас педагогикалық процестi басқарудың мәнi мен маңызын
ашатын құндылық - мақсаттар; бiлiм жүйесiн басқару мақсаты, мектептi
басқару мақсаты, педагогикалық ұжымды, оқушылар ұжымын басқару мақсаты,
тұлғаның ӛзiн-ӛзi тәрбиелеу, ӛзiн-ӛзi дамытуын басқару мақсаты және бағалау
құндылық-мағлұматтарға басқару қызметiне реттеушiлiк сипат бередi;
құндылық-бiлiмдер басқару саласындағы мектептiң бiлiмiнiң мәнi мен маңызын
ашады; басқарудың әдiстемелiк негiзiн, мектепiшiлiк менеджменттi бiлу, ауыл
және қала мектептерi мұғалiмдерiмен жұмыстың ерекшелiктерiн бiлу,
педагогикалық процестердi басқару тиiмдiлiгiн критерийлерiн және т.б.
Құндылық-қатынастар педагогикалық процеске қатысушылар арасында ӛзара
байланыстың, кәсiптiк қызметке, ӛзiне деген қатынастың, педагогикалық және
оқушылар ұжымындағы тұлғааралық қатынастардың мәнiн ашады.
Құндылық-сапалар басқарудың субъективтiгi ретiнде басқарушы-менеджердiң
дербестiк, тұлғалық, арасушылық қасиеттерiнiң кӛптүрлiгiнiң мәнiн ашады. Ол
сапалар бастықтың ӛз қызметiн болжамдап, оның салдарын алдын-ала кӛре бiлу
қабiлетi, ӛз әрекетi мен мақсатын ӛзгелердiң әрекетiмен, мақсатымен салыстыра
бiлу қабiлетi, ынтымақтасу және бiрлесе басқару қабiлетiнен және т.б. кӛрiнедi.
Мектеп директорының басқару мәдениетiнiң технологиялық компонентi
педагогикалық процестi басқарудың әдiстерi мен тәсiлдерiн бiрiктiредi.
Мектепiшiлiк басқару технологиясы арнайы педагогикалық мiндеттердi шешу
басшы-менеджердiң
педагогикалық
талдау
және
жоспарластыру,
педагогикалық процестi бақылау және реттеудi атқара алатын iскерлiгiне
байланысты.
Мектеп директорының басқару мәдениетiнiң деңгейi аталған мiндеттердi
шешудiң әдiс, тәсiлдерiн қаншалықты меңгере алуына тiкелей байланысты.
Мектеп директорының басқару мәдениетiнiң тұлғалық-шығармашылық
компонентi педагогикалық жүйенi басқаруды шығармашылық акт ретiнде
қарастыру арқылы ашылады.
Мектеп басшысының басқару қызметi ӛзiнiң табиғатында шығармашылық
болып табылады. Басқарудың құндылықтары мен технологиясын меңгере
отырып басшы-менеджер тұлғалық ерекшелiктерi мен басқару объектiсiнiң
ерекшелiктерiне сай, ол құндылықтарды ӛзiнше қайта құрып, талдап
түсiндiруге ұмтылады. Осылайша, педагогикалық жүйенi басқару тұлғалық
қабiлеттердi iске асыратын және жұмсайтын сала болып табылады. Басқару
қызметiнде мектеп директоры тұлға, басшы, ұйымдастырушы және тәрбиешi
ретiнде ӛзiн-ӛзi танытады.
Осыған орай, оның қызмет аясына қойылатын талаптарды былайша
анықтауға болады:
- ең алдымен, ӛзінің (мектептің) алдында тұрған басты мақсатын дұрыс
анықтау;
56
- қарамағындағы қызметкерлердің сұраныстарын қанағаттандыра алу;
- мақсатқа жетудің тиімді жолдарын іздестіру;
- білім сапасын қамтамасыз етуге жағдайлар жасау;
- мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға жағдайлар жасау;
- еңбек нәтижесін талдай және бағалай білу.
Басқарудың негізгі қағидасы – қарамағыңдағы адамдарды ӛзіңе тарту білу.
Шынайы басшылық – қарам-қатынас жасау ӛнері. Нағыз менеджер ӛзінің жеке
үлгілі қызметі мен сенімдері арқылы оны ұжым мүшелері ұйымдағы ең
қабілетті адам ретінде қабылдайтындай әсер қалдыра білуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: