Талдау – белгілі бір мәселенің мәні-мағынасын бағалауға қажетті ақпарат
жинақтауға және оны ӛңдеуге бағытталып, менеджменттің ең бастапқы
функциясы болып табылады.
Педагогикалық талдау - білім менеджерінің оқу-тәрбие процесінің нақты
жағдайын зерттеуге, оның нәтижесін объективті бағалауға және даму
тенденциясын анықтауға бағытталған қызметі (функциясы). Талдау негізінде
оқу-тәрбие жүйесін жоғары сапалы жағдайға жеткізу жӛнінде нұсқаулар
әзірленеді.
Тұтас педагогикалық процестi басқару функцияларының бiрi педагогикалық
талдау болып табылады. Педагогикалық талдау функциясын қазiргi ұғымда
алғаш рет қолданып, мектепiшiлiк басқару теориясына енгiзген Ю. А.
Конаржевский едi.
Педагогикалық талдау басқару циклы құрылымында ерекше орын алады: бiр-
бiрiмен байланысқан функция-лардан тұратын кез-келген басқару циклы
талдаудан басталып, талдаумен аяқталады. Басқару қызметiнiң жалпы
тiзбегiнен педагогикалық талдауды алып тастау оның күйреуiне жол бередi,
ӛйткенi жоспарластыру, ұйымдастыру, бақылау, реттеу функцияларына ӛз
кезегiнде талдау жасалмаса ол логикалық қорытындыға жете алмайды.
Педагогикалық талдау педагогикалық басқару процесiнде тiкелей емес, оқу-
тәрбие барысында iске асырылатын болғандықтан мұғалiм сабақ, тәрбиелiк
туралы ӛткiзер алдында соған тiкелей қатысты болатын педагогикалық
жағдайдың негiзгi элементтерiн ескеруi және жан-жақты талдауы тиiс.
Уақытынан кеш немесе шала-шарпы жүргiзiлген талдау мектеп директорының
мақсатын белгiлеп, мiндеттердi айқындау кезеңде қателiкке, шашыраңқылыққа,
кӛбiне негiзсiз шешiм қабылдауға душар етедi. Педагогикалық немесе
оқушылар ұжымында шынайы жағдайды бiлмеу педагогикалық процесте және
ӛзара қарым-қатынастарда дұрыс жүйе қалыптастыруда қиындықтар туғызады.
26
Білімді бақылауға арналған сұрақтар:
1. Педменеджмент ұғымына түсінік беріңіз, оның субъектілерін атаңыз.
2. Педменеджменттің құрылымдық компоненттеріне сипаттама беріңіз.
3. Педагогикалық менеджменттің негізгі ұғымдарына түсінік беріңіз.
4. Педагогикалық менеджменттің функцияларын сипаттаңыз, олардың ӛзара
байланысын кӛрсетіңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |