Баярыстанова э. Т



Pdf көрінісі
бет11/68
Дата07.01.2022
өлшемі0,68 Mb.
#18454
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   68
  Бірінші  деңгей  -  мемлекеттік  орган  бекіткен  не  ұжым  сайлаған  мектеп 

директоры;  мектеп  кеңесі,  оқушылар  комитеті,  қоғамдық  бірлестіктер 

басшылары. Бұл деңгейде мектептің стратегиялық даму бағыты анықталады.  

Екінші  деңгей  -  мектеп  директорының  орынбасарлары,  мектеп  психологы; 

әлеуметтік  педагог,  қоғамдық  пайдалы  еңбек  ұйымдастыруға  жауапкер, 

әкімшілік-шаруашылық  бойынша  директор  кӛмекшісі;  ӛзіндік  басқаруға 

қатысты органдар мен бірлестіктер басшылары.  



Үшінші  деңгей  -  оқу  барысында  және  оқудан  тыс  оқу-тәрбие  жұмыстарына 

байланысты  оқушыларға  басшылық  қызметтерді  атқарушы  мұғалімдер, 

тәрбиешілер,  сынып  жетекшілері.  Бұл  деңгейге  қоғамдық  басқару  органдары 

мен  ӛзіндік  басқару,  қосымша  білім  беру  мекемелерімен  байланыс  жүргізуші 

педагогтарды да енгізуге болады.  

Төртінші деңгей - сыныптық және жалпы мектептік ӛзіндік басқару қызметтері 

тапсырылған  оқушылар.  Бұл  деңгейдің  назарға  алынуы  мұғалімдер  мен 

оқушылар  арасындағы  қатынастың  «субъект-субъектілі»  сипатын  баса 

танытады.  Мұндай  қатынаста  оқушы  ӛзара  ықпал  нысаны  болумен  бірге  ӛз 

дамуының қозғаушы күші – субъект ролін де атқарады.  

Сатысына  қарай  әрбір  басқару  субъекті  бір  уақытта  жоғары  деңгейлі 

басқарудың объекті – нысаны болып есептеледі.  

Басқарымды  жүйеде  оқушылар  ұжымы  маңызды  орынға  ие.  Бұл  ұжымда 

басқару  екі  деңгейде  жүргізіледі:  біріншісі  -  жалпы  мектептік  және  сынып 

ұжымы;  екіншісі  -  оқушылардың  қоғамдық  ұйымдары,  спорттық  бӛлімдер, 

шығармашыл бірлестіктер, үйірмелер, оқу-үйрену топтары (бригадалары) және 

т.б. Педагогикалық және оқушылар ұжымдарының ӛзара бірлестік іс-әрекеттері 

Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңы  мен  жалпы  білім  беруші 

мекемелер Жарғысы негізінде реттеліп отырады.  

Мектеп  директоры    оқу-тәрбие  жұмысы  мен  оның  сапасы  үшін  арнайы 

жауапкершілік атқарады. Оның міндеттеріне кіретіндер: 

-   кадрларды  дұрыс  таңдау  және  орналастыру,  мектептің  педагогикалық 

ұжымына  басшылық  ету,  мұғалімдердің  кәсіби,  ғылыми-теориялық,  және 

психологиялық-педагогикалық  деңгейін  кӛтеруге  жағдай  жасау,  олардың 



18 

 

педагогикалық  шығармашылығына  жол  ашу,  оқу-тәрбие  ісіне  озат 



педагогикалық тәжірибелерді енгізу; 

-  оқу-тәрбие  процесінің  барысын,  оқушылар  білімінің  сапасы  мен  олардың 

жеке  тұлға  ретінде  дамуын,  сыныптан  тыс  жұмыстардың  мазмұны  мен 

ұйымдастырылуын бақылау; 

-  оқушылардың ӛзін-ӛзі басқару органдарына практикалық кӛмек кӛрсету және 

олардың іс-әрекетін белсендіру; 

-     Еңбек  туралы  Заңға,  мектептің  ішкі  тәртіп  ережелері  мен  Жарғысына 

сәйкес мектеп қызметкерлерінің міндеттерін анықтау және нақтыландыру; 

-  ата-аналар қоғамдастығы ұйымдарының жұмысын ұйымдастыру және оларға 

басшылық жасау; 

-  жергілікті  қоғамдық  ұйымдар,  мекемелер  және  негізгі  кәсіпорындармен 

іскерлік байланыс орнату; 

-  мектепте  тиісті  санитарлық-гигиеналық  тәртіп  орнату,  оқушылардың, 

мұғалімдер мен қызметкерлердің барлық іс-әрекет барысындағы еңбекті қорғау 

және қауіпсіздік шараларын сақтау; 

-  мектептің материалдық-техникалық базасын нығайту және дамыту; 

-  мектеп қызметкерлерін жұмысқа қабылдау және босату; 

-  мектептің  педагогикалық  Кеңеңсімен  келісіп,  мұғалімдерді  және  мектептің 

ӛзге қызметкерлерін мадақтау мен марапаттауға ұсыну.  

Күрделі  педагогикалық  жүйе  ретінде  танылған  осы  заман  мектебін  басқару 

әрбір  басшыдан  біртұтас  басқару  жүйесін  түзіп,  оны  даму  жолына  бағыттауда 

жоғары  ғылыми  дайындықты  талап  етеді.  Бұл  үшін  түрлі  деңгейдегі  мектеп 

жетекшілері тӛмендегілерді білуі міндетті:  

- мектеп түрі мен мақсаты;  

-  ақпараттық  жабдықталуы  (оқушылар  қызығулары  мен  мүмкіндіктері  ,  ата-

аналар тапсырыстары);  

-  мамандар,  материалдық-техникалық,  психологиялық  жағдайлар  (анықталған 

қажеттіктерді қамтамасыз ету үшін);  

- оқу жоспарының мектептік баламасы;  

-  оқу  жүйесі  жеке-дара,  сынып-сабақтық,  дәрісбаян-тәжірибелік,  мектептің 

әрқилы сатылары мен оқушы топтарына арналған циклды-ағымдық және т.б.);  

- оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың мерзімдік тәртібі (бес-алты күндік, 

апта, түске дейінгі не күннің екінші жартысында);  

-  мектептің  белгілеген  мақсаттарға  жетудегі  басты  шарттары  (мамандар, 

материалды-техникалық, 

қаржылық, 

ғылыми-әдістемелік, 

әлеуметтік-

психологиялық).  

Директор  және  басқа  да  басшылардың  оқу-тәрбие  процесін  нақты  басқару 

қызметтері  белгілі  принциптерге  негізделіп  орындалады.  Ол  принциптер 

тӛмендегідей:  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет