Баярыстанова э. Т



Pdf көрінісі
бет12/68
Дата07.01.2022
өлшемі0,68 Mb.
#18454
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   68
1. Басқаруды демократияландыру және гуманизациялау. Мектепшiлiк басқару, 

ең  алдымен,  басшылардың,  мұғалiмдер,  оқушылар  мен  ата-аналардың 

бастамашылығы мен ӛздiгiнен жұмыс жасай алуын дамытуға бағытталады. Бұл 

басшылардың,  мұғалімдердің,  оқушылар  мен  олардың  ата-аналарының  ӛзіндік 




19 

 

іс-әрекеттері  мен  ынтасының  дамуына  жол  ашады.  Ал  бұлардың  орындалуы 



пікір  алмасу  және  басқару  шешімдерінің  қабылдануына  байланысты 

жариялылықты  қажет  етеді;  Бұл  жағдай  тек  қана  шешiм  қабылдау  мен 

талқылаудың  бүкпесiз,  ашық  жүргiзгенде  ғана  мүмкiн.  Мектеп  басшыларын 

сайлау, педагогикалық  кадрларды байқау және  контракт негiзiнде  қабылдауды 

жүйесi – мектептегi демократияның бастауы. Сол сияқты мектептi басқарудағы 

жариялылық  ақпараттың  ашықтығы  және  түсiнiктiлiгiне  негiзделелдi. 

Мектептiң  алдында  тұрған  мiндеттi,  оның  қиындығын  жете  сезiнген  әрбiр 

мүғалiм  оған  бей-жай  қарамайды.  Мектеп  әкiмшiлiгiнiң,  мектеп  кеңесiнiң 

тұрақты  түрде  есеп  берiп  отыруы  оны  талқылауға  және  шешiм  қабылдауға 

мұғалiмдер  мен  оқушыларды  қатыс-тыруы  мектеп  ӛмiрiнде  демократияның 

орнығуына негiз қалайды. 

2.  Басқарудың  жүйелiлiгi  мен  тұтастығы.  Педагогикалық  процестi  басқару 

жүйесiнiң табиғатын түсiну, басқаруға қолайлы алғышарт жасайды. Мектептегi 

басқаруды жүйелiлiк ыңғайының бiрiншi белгiсi – мектептi жүйе ретiнде танып, 

оның негiзгi белгiлерiнен құралатын осы жүйенiң тұтастығын кӛре бiлу. Екiншi 

белгi  мектептiң  құрылымы  болып  табылады.  Мектептiң  байланыстары  мен 

қатынастарының  дамуы  жүйенiң  құрылымына  тiкелей  байланысты.  Жүйенiң 

үшiншi компонентi оның  ӛзiндiк  ерекшелiктерi  мен  сипаттарынан  туындайды, 

олардың  ӛзара  әрекеттесуi  арқылы  жүйенiң  жаңа  сапасы  қалыптасады. 

Компоненттердiң  тұрақты  түрде  ӛзара  жақындауға  ұмтылуы  жүйенiң 

тұтастығын  айқындайды.  Мектептi  басқаруда  жүйенiң  тӛртiншi  ерекшелiгi  – 

оның  қоршаған  ортамен  тығыз  және  ӛзгеше  байланыстылығын  естен 

шығармаған  жӛн.  Мектеп  пен  қоршаған  ортаның  әрекеттесуi  екi  формада 

кӛрiнедi. Бiрiншi жағдайда мектеп ӛз әрекетiн сыртқы ортаға бейiмдесе, екiншi 

жағдайда  мектеп  ӛз  мақсаттарына  жету  үшiн  ортаны  ӛзiне  бағындырады. 

Мектептi  басқарудағы  жүйелiлiк  пен  тұстастық  мектептiң  басшысы  мен 

ұжымының  басқару  қызметтерiнiң  ӛзара  байланысы  мен  ӛзара  әрекеттесуiн  де 

қарастырады.  

3.  Басқаруды  орталықтандыру  мен  өзіндік  басқарымдарды  оңтайлы 

үйлестіру.  Мектеп  және  педагогика  тарихы  шамадан  тыс  орталықтандырудың 

әкiмшiлiк  басқаруды  күшейтуге  әкелiп  соғатындындығына  талай  рет  кӛз 

жеткiздi.  Басқаруды  орталықтандыру  тӛменгi  буындағы  жетекшiлердiң, 

мұғалiмдер  мен  оқушылардың  бастамалығын  шектеп,  оларды  ӛздерiнiң 

қатысуынсыз қабылдаған шешiмдердi жай ғана орындаушыларға айналдырады.  

Соған сәйкес орталықсыздандыруға шамадан тыс мән беру педагогикалық жүйе 

қызметiнiң  тиiмдiлiгiн  тӛмендетедi.  Екінші  жағынан,  орталықтандыруды 

орталықсыздандыруға  пайдасына  жығып  беру  тұтастай  басқару  мен 

әкiмшiлiктiң  рӛлiн  тӛмендетiп,  басқарудың  талдамалық  және  қадағалаушылық 

қызметiн  жояды.  Сондықтан  мектепшiлiк  басқаруды  қамтамасыз  етуде 

орталықтандыру  мен  орталықсыздандыруды  үйлестiру  әкiмшiлiк  және 

қоғамдық  органдар  басшыларына  бүкiл  мектеп  ұйымының  мүддесiн  ескерiп, 

кәсiптiк  деңгейде  шешiм  қабылдауға  мүмкiндiк  берiп,  педагогикалық  жүйенiң 



20 

 

барлық  құрылымдық  бӛлiмдердiң  қызметiн  жоғары  деңгейге  кӛтеруге  жағдай 



туғызады.   

4.  Жеке  басқару  және  ұжымдасқан  жетекшілік  бірлігі.  Бұл  принципті 

ұстанудағы  мақсат  -  біртұтас  педагогикалық  процесті  басқару  барысында 

субъективизм  мен  әміршілдікке  жол  бермеу.  Әрине,  басқарудағы  жеке  билiк 

тәртiптi  қамтамасыз  етiп,  педагогикалық  процеске  қатысушылардың  ӛз 

ӛкілеттіктерін  нақты  шектеп,  ретімен  орындап  жүруін  қадағалайды.  Алайда 

басқару  қызметiнде  әрiптестердiң  тәжiрибесi  мен  бiлiмiне  сүйенiп,  оларды 

талдамалар  жасау  мен  шешiм  қабылдауға  қатыстыру,  әр  түрлi  кӛзқарастарды 

салыстыра  отырып  оңтайлы  шешiм  қабылдаудың  маңызы  зор.  Ұжымдасқан 

жетекшілік сонымен бірге тапсырылған іске деген ұжым мүшелерінің әрбірінің 

жеке жауапкершілігін жоққа шығармайды. Сондықтан  тактикалық әрекеттердi 

айқындағанда  жеке  билiкке,  ал  стратегияны  талдап  жасағанда  алқалы  билiкке 

арқа сүйенген дұрыс. 



5.    Педагогикалық  жүйенi  басқарудағы  ақпараттардың  объективтiлiгi  және 

толықтылығы.  Педагогикалық  жүйенi  басқару  тиiмдiлiгi  едәуiр  дәрежеде 

қажеттi  және  толық  ақпараттың  болуына  байланысты.  Ақпараттың 

объективтiлiгi  және  толықтығы  ақпараты  талдау  және  ӛңдеудегiасығыстыққа, 

дерексiздiкке  қарсы  қойылады.  Әлеуметтiк  педагогикалық  әдебиетте  ақпарат 

педагог пен тәрбиеленушiнiң арасындағы байланыс құралы ретiнде, кейде жүйе 

мен  қоршаған  орта  туралы  мағлұматтар  жиынтығы  ретiнде  қарастырылады. 

Басқаруда  ақпаратты  пайдаланудың  қиындығы  оның  тым  кӛптiгiнен  немесе 

тым  аздығынан  туындайды.  Мектепiшiлiк  басқаруда  ақпаратты  бiржақты 

қарастыруға  болмайды.  Ақпараттың  аздығы  да,  кӛптiгi  де  шешiм  қабылдауға, 

оны  iске  асыруды  реттеуге  кедергi  жасайды.    Сол  себепті  мектепiшiлiк 

ақпаратпен  айналысқан  адам  оны  жинау,  ӛңдеу  сақтау  және  қолданудың 

әдiстерiн  жете  бiлуi  тиiс.  Мектеп  басшысы  ӛз  қызметiне  бақылау,  сауалнама 

жүргiзу,  тестiлеу,  нұсқаулық  және  әдiстемелiк  материалдармен  жұмыс  жасау 

жиi  қолданылады.  Техникалық  құралдарды  және  компьютерлендiрудiң 

нәтижесiнде  материал  жинау,  оны  ӛңдеудiң  мерзiмi  едәуiр  қысқарды.  Қазiргi 

мектеп басшысының мiндетi – мектепiшiлiк ақпараттық басқару технологиясын 

жасап,  енгiзу.  Ол  технологиияны  басшымен  бiрге  мұғалiмдер  де  пайдалана 

алуы тиiс. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет