Баярыстанова э. Т


 Мектептi басқарудағы ұйымдастырушылық қызмет



Pdf көрінісі
бет29/68
Дата07.01.2022
өлшемі0,68 Mb.
#18454
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   68
Байланысты:
Баярыстанова Э.Т. Білімдегі менеджмент негіздері

4. Мектептi басқарудағы ұйымдастырушылық қызмет 

   Мектептердiң 

тәжирибесi  кӛрсеткендей,  кейде  мектеп  басқарудың 

функциясы  ретiнде  жоспарлауды  жоғары  қояды  да  басшының  барлық  күш-

жiгерi 

жақсы 


жоспар 

жасауға 


жұмылдырылады, 

ал 


ол 

жоспар 


ұйымдастырушылық  жұмыспен  қамтамасыз  етiлмейдi.  Сол  себепті  жоспар 

негізінде қабылданған шешiмдердi iске асыруда оған қажеттi жүйенi iске қосу, 

оның  түрлi  компоненттерiнiң  ӛзара  тиiмдi  әрекеттесуiн  қамтамасыз  ету  үшiн 

ұйымдастыру кезеңi қажет. 



Ұйымдастыру  –    қабылданған  шешімді  орындаудың  жӛн-жосығын  белгілеу, 

жоспарда  кӛрсетілген  жұмыс  түрлерін  жүзеге  асыруға  байланысты  әрбір 

қызметкердің міндеттерін анықтау, қолда бар ресурстарды пайдалану, т.б. 

«Ұйымдастыру» ұғымы бiрнеше мағынада қолданылады. Бiрiншiден, ӛткiзiлген 

сабақтың,  сыныптан  тыс  жұмыстың  сапасын,  тұтас  оқу-тәрбие  процесiнiң 

немесе  оның  бiр  бӛлiгiнiң  жағдайына  берiлген  баға  ретiнде  қолданылады. 



Екiншiден,  ұйымдастыру  ұғымы  мектеп  басшыларының,  мұғалiмдердiң, 

оқушылардың  ӛзiн-ӛзi  басқару  органдарының  белгiленген  жоспарды  iске 

асыруға,  алға  қойған  мақсатқа  қол  жеткiзуге  бағытталған,  жалпы  тұтас 

педагогикалық процестi басқаруды ұйымдастыру мағынасында қолданылады. 

  Адамның  ұйымдастырушылық  қызметi  ӛзiнiң  табиғатынан  нақты  жағдайда 

психологиялық-  педагогикалық  бiлiмдердi  шұғыл  қолдана  алуға  негiзделген 

практикалық  қызмет.  Әрiптестермен,  оқушылармен  тұрақты  түрде  ӛзара 

байланыста  болу  ұйымдастырушылдық  қызметке  бiршама  танымалдық  бағдар 

бередi.  Ұйымдастыру  қызметiн  жетiлдiрудi  жоспарлауда  мектеп  басшысы 

тұлғааралық  қатынастарды  ұйымдастыру,  мектеп  менеджерлерiн  дайындау 

жүйесi сияқты мектепiшiлiк менеджмет идеяларын қолдану мүмкiн. 

Мектеп басқарудағы ұйымдастыру қызметiнiң мазмұны 

Ұйымдастыру қызметi қабылданған шешiмдердi  iске асыруға бағытталады. Ал 

оны  нақты  орындаушылар  –  мұғалiмдер,  балалар,  ата-аналар,  жұртшылдық 

ӛкiлдер. Сондықтан кез келген  iстi ұйымдастырғанда оны адамдық фактордың 

мүмкiндiгiн пайдалану және iске асыру тұрғысынан бағалаған орынды. 

  Ұйымдастырушы  орындаушыларды  алдын  ала  iрiктеу,  оларды  жұмыс  орны, 

уақыты  және  ұжымдық  iске  қатысу  реттiлiгiмен  бӛлу  сияқты  мәселелердi 

шешедi.  Алдағы  iс-әрекеттiң  мазмұнын,  түрi  мен  әдiстерiн  таңдауда  нақты 

жағдай мен орындаушылардың мүмкiндiгiн арақатынасын айқындау қажет. Бұл 

жерде  нақты  жағдай  ретiнде  әрекетке  қажеттi  еңбек  заттары  мен  құралдары, 

олардың  орналасуы  мен  ӛтетiн  орны  және  т.б.  компонеттердi  атауға  болады. 

Басшының  ұйымдастыру  қызметiнiң  құрамында  алдағы  әрекеттi  дәлелдеу, 

нұсқау беру, тапсырманы орындаудың қажеттiлiгiне деген сенiм қалыптастыру, 



45 

 

педагогикалық  және  оқушылар  ұжымы  әрекетiнiң  бiрлiгiн  қамтамасыз  ету, 



әрекетi ынталандырудың ең тиiмдi формасын таңдау маңызды орын алады. Сол 

сияқты басшының ұйымдас-тырушылдық қызметiнде нақты iстiң барысы және 

нәтижесiн бағалау да аса қажет сапалардың бiрi.  

  Сонымен  бiрге  мектеп  директорының  ұйымдастырушылдық  қызметi 

педагогикалық  ұжымды,  пiкiрлестер  ұжымын  қалыптастыруға  бағытталады. 

Бұл  жұмыста  басшының  кәсiпқойлық,  жалпы  және  педагогикалық  мәдениетi, 

мектептiң,  оқушылар  мен  мұғалiмдер  қызметiне  деген  қызығушылығы,  мiндет 

қоя бiлу және iске асыруға қол жеткiзе алу сияқты жеке қасиеттерi маңызды рӛл 

атқарады.  Басшының  ұйымдастырушылық  мәдениетiнiң  ендiгi  бiр  кӛрсеткiшi-

ӛзiнiң және қарамағындағылардың уақыттарын барынша тиiмдi етiп жоспарлау. 

Бұл жерде мектеп директорының әкiмшiлiк қызметпен бiрге белгiлi бiр пәннiң 

мұғалiмi ретiнде педагогикалық қызметпен де айналысатындығын ескеру керек. 

Директордың  негiзгi  уақыты  әкiмшiлiк  қызметiне  жұмсалады,  бiрақ  оның 

педагогикалық  қызметi  ӛзге  мұғалiмдерге  үлгi  болатындай  болу  керек,  сонда 

ғана  директор  ұстаздардың  ұстазы  бола  алады.  Бұл  жағдай  сабаққа 

дайындалуға,  жаңа  психологиялық-педагогикалық  әдебиеттердi  оқуға  кӛп 

уақыт  бӛлудi  талап  етедi.  Сондықтан  да  уақытты  мақсатты  түрде  пайдалана 

бiлу  шеберлiгi  –  мектеп  директорының,  мұғалiмнiң  еңбегiн  ғылыми 

ұйымдастырудың негiзi. Әсiресе мұғалiмдердiң де, басшылардың да жүктемесi 

шамадан тыс артып отырған кезде бұл әрекеттiң маңызы арта түседi. 

  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет