Баярыстанова э. Т



Pdf көрінісі
бет35/68
Дата07.01.2022
өлшемі0,68 Mb.
#18454
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   68
Жоспарлау  –  ұйым  қызметінің  нәтижелігін  қамтамасыз  етіп,  оның  одан  әрі 

дамуына  мүмкіндік  беретін  нақты  шешімдер  қабылдау  арқылы  мақсатты 

(стратегияны) іске асыру процесі.  



52 

 

  Мектепішілік 



жоспар 

– 

ұйым 



қызметінің 

барлық 


бағыттарын  

шоғырландыратын  маңызды  құжат.  Мұнда  ұйымда  жүзеге  асырылатын  негізгі 

қызмет  түрлері  мен  іс-шаралар,  олардың  орындаушылары  мен  мерзімдері 

кӛрсетіледі.    



Шешім  қабылдау  –  басшының  белгілі  бір  іс-әрекетті  орындау  жӛнінде  нақты 

тұжырым жасау актісі.  

Шешім  қабылдау  –  білім  менеджерінің  негізгі  қызмет  түрі.  Шешімдер  қандай 

да  бір  нақты  ақпаратты  жан-жақты  талдау  негізінде  мекеменің  ұйымдық, 

кадрлық, жабдықтау және т.с.с. алуан түрлі мәселелері  бойынша қабылданады. 

Мәселенің  сипатына  қарай  менеджер  шешімді  кейде  ӛздігінен,  кейде 

орынбасарларымен  бірлесіп,  кейде  қоғамдық  сарапшылардың  қатысуымен 

қабылдайды.  

  Шешім  қабылдаудың  негізгі  мақсаты  –  ұйым  жұмысының  түпкілікті 

мақсатына  қол  жеткізуді  қамтамасыз  ету.  Сондықтан  мекеме  жұмысының 

келешектегі жетістіктері мезгілінде және дұрыс қабылданған шешімге тәуелді. 

Осыған  орай,  шешім  қабылдау  процесіне  бірқатар  талаптар  қойылады: 

шешімнің  ғылыми  негізділігі  және  объективтілігі;  шешімнің  толықтығы 

(барлық жағдайлардың ескерілуі); шешімнің мезгілінде қабылдануы (мезгілінен 

кеш  қабылданған  шешімнің  нәтижелігі  болмайды);  нақты  орындаушылардың 

болуы; шешімнің орындалу мерзімінің анықтығы, т.б.   



Ұйымдастыру  –    қабылданған  шешімді  орындаудың  жӛн-жосығын  белгілеу, 

жоспарда  кӛрсетілген  жұмыс  түрлерін  жүзеге  асыруға  байланысты  әрбір 

қызметкердің міндеттерін анықтау, қолда бар ресурстарды пайдалану, т.б. 

Ынталандыру  –  мектеп  алдындағы  мақсаттарға  қол  жеткізу  үшін  педагогикалық 

ұжымның неғұрлым нәтижелі еңбек етуін қамтамасыз ететін жағдайлар жасау. 

Ынталандыру жағдайларына жататындар: 

-  ыңғайлы  еңбек  жағдайлары  (жұмыс  кабинеті,  оның  жабдықталуы,  асхана, 

кітапхана, т.б.); 

-  сыйақы  (жоғары  еңбекақы,  еңбек  нәтижесі  негізінде  әділетті  берілетін 

сыйақылар, әлеуметтік қамтылу жағдайлары); 

-  қауіпсіздік  (ӛзінің  ұйымға  қажеттілігін  сезіну,  ұжымдағы  жағымды  қарым-

қатынастар, қоғамдық сүйіспеншілікке бӛлену, т.б.); 

-  жеке  ӛркендеу  (білімді  жетілдіру,  қызметте  жоғарылау  мүмкіндігі,  жоғары 

жауапкершілік, шығармашылық табыс, т.б.); 

-  қатыстылық сезімі (ӛз жұмысының пайдалылығы мен маңыздылығын сезіну, 

ӛзіндік  кӛзқарастардың  ескерілуі,  ұйым  жұмысы  туралы  хабардар  болу, 

шешімқабылдауға қатысу, т.б.); 

-  қызығушылық (қызықты жұмыс, жұмыстың асқан шеберлікті талап ететіндей 

күрделенуі, жауапкершіліктің артуы, жарыстар, т.б.) 



Өкілеттілік  беру  (немесе  жауапкершілік  арту)–  басшының  ӛзіне  тиісті  қандай 

да  бір  қызмет  түрлерін  ӛзгеге  жүктеуі.  Бұл,  біріншіден,менеджердің  ӛз 

қызметкерлеріне  сенім  білдіруін  кӛрсететін,  екіншіден,  ӛз  күші  мен  уақытын 

тиімді  ұйымдастыруды  кӛздейтін  маңызды  іс-шара.  Ӛкілеттілік  берілетін 

жұмыс түрлері: 



53 

 

-  мамандандырылған  қызмет  түрлері  (заңгерлік,  қаржылық,  медициналық, 



шаруашылық қызметтер); 

-  жеке  мәселелер  (әдістемелік  жұмыс,  тәрбие  жұмысы,  ұйымдаастырушылық 

қызмет, т.б.); 

-  дайындық жұмыстары (жобалар, жоспарлар, бағдарламалар, т.б.). 



Бақылау  –  жұмыс  нәтижелеріне  сандық  және  сапалық  баға  беру  процесі. 

Бақылаудың  негізі  тәсілдері  –  байқау,  тексеру,  есепке  алу,  талдау.  Бақылау 

басқару  функциялары  арасында  «кері  байланыс»  орнатуға  мүмкіндік  береді, 

себебі  бақылау  нәтижесінде  бастапқы  шешімдерге,  жоспарға  түзетулер 

енгізіледі.  

Мониторинг  –  педагогикалық  жүйенің  қызметі  туралы  ақпарат  жинауды,  оны 

сақтауды, ӛңдеуді және таратуды ұйымдастыру формасы. Мониторинг  мекеме 

жұмысын үздіксіз қадағалауды және оның дамуы жолын болжауды кӛздейді. 

Педагогикалық мониторинг жүйесі: 

1. Ақпарат кӛздері: 

-  білім комитеті (құжаттар, оқу орны туралы мәліметтер); 

-  педагогикалық еңбек биржасы (еңбек және қызмет кӛрсету нарығын талдау); 

-  ата-аналарға арналған кеңес орталығы (таңдау бойынша кеңестер беру); 

-  Педагогикалық  мониторинг  пен  стандарттар  зертханасы  (оқу  орнының 

ағымдық жұмыс нәтижелерін талдау); 

-  әлеуметтік топ (әлеуметтік зерттеулер жүргізу); 

-  статистикалық-талдау  топтары  (білім,  тәрбие,  даму  деңгейлері  туралы 

барлық ақпараттарды талдау); 

-  педагогтік  шеберлік  мектебінің  ақпараттық-диагностикалық  орталығы 

(біліктілікті арттыру, білімді жетілдіру туралы ақпарат). 

2. Ақпаратты  ӛңдеу (арнайы бағдарламалар негізінде компьютерді қолданып). 

3. Сақтау  (ӛңделген  және  шынайылығы  тексерілген  ақпаратты  арнайы 

базаларға енгізу). 

4. Тарату – педагогикалық процесс субъектілерінің пайдалануына жағдай жасау 

(тиісті дәрежеде). 



Маркетинг  -    тұтынушылардың  (қоғам,  ата-ана,  оқушы)  қажеттіліктері  мен 

талаптарын зерттеу арқылы оларды қанағаттандыратын білім беру қызметтерін 

жүзеге асыру.    

  Мектептегi  жекелеген  жұмыс  бағыттары  директордың  орынбасарына 

жүктеледi.  Олар  оқу-тәрбие  iсi  жӛнiндегi  орынбасар,  сыныптан  тыс  және 

мектептен  тыс  жұмыстарды  ұйымдастырушы,  ғылыми-зерттеу  жұмыстар 

жӛнiндегi  орынбасар,  мамандыққа  бейiмделген  сыныптар  немесе  жекелеген 

пәндi  тереңдетiп  оқитын  сыныптар  жӛнiндегi  орынбасар  және  мектеп 

директорының шаруашылық бӛлiмi бойынша орынбасары немесе кӛмекшiсi. 

  Мектеп  директорының  оқу-тәрбие  жұмыстары  жӛнiндегi  орынбасары 

педагогикалық  процестi  ұйымдастыруға,  бiлiм  беру  бағдарламалары  мен 

мемлекеттiк  бiлiм  стандарттарының  орындалуына  жауапты;  оқушылардың 

бiлiм  саласы  мен  тәртiбi  бақылауды  iске  асырады;  оқушылар  мен  мұғалiмдер 

жұмысын  реттеп,  сабақ  кестесiн  түзедi;  мектептiң  әдiстемелiк  жұмыстарына 




54 

 

басшылық  жасап,  педагогикалық  мәдениетiн  кӛтерудi  ынталандырады.  Кейбiр 



мектептерде  мектеп  директорының  оқу-тәрбие  iсi  жӛнiн-дегi  орынбасарлары 

бiрнешеу болса мектеп жарғысы бойынша олардың әрқайсысының функциялық 

мiндет-терi дербес белгiленедi. 

  Сыныптан тыс және мектептен тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастырушының 

(мектеп  директорының  орынбасары  құқында)  мiндеттерiнiң  аясына  балалар 

шығармашылығының 

сарайлары, 

жас 


натуралистер, 

жас 


техниктер 

станциялары,  балалар  бiрлестiктерi  мен  клубтары  сияқты  қосымша  бiлiм 

беретiн мекемелермен байланыс орнату; сынып жетекшiсiнiң жұмыс мазмұнын 

жақсарту, оларға әдiстемелiк кӛмек кӛрсету, оқушылардың тұрғылықты мекенi 

бойынша  жұмыс  жүргiзу  БҰҰ  Конвенциясының  талаптарына  сай  балалардың 

қоғамдық ұйымдарына қолдау кӛрсету сияқты ӛзектi мәселелер жатады. 

  Соңғы  жылдары  жаңа  типтi  мектептер  –  гимназия,  лицей  және  т.б.  мектеп 

кеңесiнiң  шешiмiмен  жаңа  перспективалық  бағыттар  жӛнiнде  мектеп 

директорының  орынбасары  қызметi  еңгiзiлуде.  Мысалы,  сондай  жаңа 

қызметтiң  бiрi  –  мектеп  директорының  ғылыми  iстер  жӛнiндегi  орынбасары 

жоғары 

оқу 


орындарының 

ғалымдары, 

оқытушыларымен, 

ғылыми 


орталықтармен байланыс орнатып, оларды мектептегi педагогикалық жұмысқа 

тартады, мұғалiмдердiң тәжирибе-эксперименттiк жұмыстарына кӛмектеседi. 

Директордың  басқару  қызметiнiң  тиiмдiлiгi  мектеп  әкiмшiлiгiнiң  аппаратында 

мiндеттер мен құқықтарды айқын белгiлеуге тiкелей байланысты. Қажеттiлiкке 

байланысты мектеп директоры шұғыл немесе нұсқаулық кеңес, педагогикалық 

кеңес  мәжiлiстерiн ӛткiзу  барысында  бүкiл  педагогикалық  процестi  үйлестiрiп 

отырады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет