Баярыстанова э. Т


 Мектептiң педагогикалық ұжымы



Pdf көрінісі
бет37/68
Дата07.01.2022
өлшемі0,68 Mb.
#18454
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   68
Байланысты:
Баярыстанова Э.Т. Білімдегі менеджмент негіздері

2. Мектептiң педагогикалық ұжымы. 

  Басқарудың 

және  ӛзiн-ӛзi  дамытудың  субъектiсi  ретiнде  қазiргi 

педагогикалық ұжым туралы ұғымдар орыс педагогтары Л. Н. Толстой,   К. Д. 

Ушинский, Н. И.  Пироговтардың оқыту мен тәрбиенiң ӛзара байланыстылығы, 

оқушылар  мен  педагогтардың  бiрлесе  жұмыс  iстеуi,  педагогтардың  ӛзiн-ӛзi 

дамытуға ұмтылуы сияқты идеяларының ықпалымен қалыптасты. 

Тәрбие  мақсаты,  балалар  ұжымын  қалыптастыру  мәселесi  отандық  педагогика 

ғылымында  педагогикалық  ұжымның  екi  орнықты  моделiн  iздеумен  бiрге 

қарастырылды.  Мұғалiмдердiң  тәрбиелiк  ықпалын  бiрiктiру  20-30  жылдары 

педагогика  мен  мектептiң  маңызды  мiндеттерiнiң  бiрi  болды.                          Н.  К. 

Крупская,  С.  Т.  Шацкая,  А.  С.  Макаренко  және  т.б./  «Тәрбиешiлер  ұжымы 

болуы  керек»,  –  деп  жазды.  А.  С.  Макаренко  -  тәрбиешiлер  ұжымға  бiрiккен 

жерде және бiртұтас жұмыс жоспары, балаға деген бiрыңғай ықпал жоқ жерде 

ешқандай тәрбие процесi болуы мүмкiн емес». 

  Педагогикалық 

ұжымның  топтасуы  және  дамуы  идеясы  В.  А. 

Сухомлинскийдiң  педагогикалық  жүйесiнде  практикалық  кӛрiнiс  тапты.  Ол 

әрбiр педагогикалық ұжымның ӛзiндiк ерекшелiгi болатындығын атап кӛрсеттi. 

Тәжiрибе  алмасу  сол  мектептiң  жұмысын  кӛшiрiп  алу  емес,  қайта  оның 

қызметiнiң  идеялары  мен  концепцияларын  бағалау  болмақ.  Соңғы  жылдары 

педагогикалық  ұжымның  дамуы  мен  қызметiнiң  iшкi  механизмiн  ашуға 

арналған /Н. С. Дежиннова, В. А. Кераковский, Л. И. Новикова,  Р. Х. Жакуров 

және т.б./ еңбектер жарияланды.  

  Педагогикалық ұжым адамдардың әлеуметтiк және кәсiптiк бiрлестiгi ретiнде 

ұжымға тән барлық белгiлердi бiрiктiредi. Ерекше адамдар тобы ретiнде мектеп 

педагогикалық 

ұжымына 


жинақылық, 

басшының 

болуы, 

топтасу, 

салыстырмалы  түрде тұрақты және ұзақ мерзiмде әрекет ету сияқты қоғамдық 

және кәсiптiк сипаттар тән. Педагогикалық ұжым сондай-ақ, оқушылар ұжымы 

да, оның құрамдас бӛлiгi болып есептеледi.  

  Кез  келген  ұжым  сияқты  мектептiң  педагогикалық  ұжымының  ӛзiндiк 

ерекшелiктерi  болады.  Педагогикалық  ұжымның  ең  басты  ерекшелiгi  оның 

кәсiптiк  қызметiне  байланысты,  нақтылай  айтқанда  жас  ұрпақты  оқыту  мен 

тәрбиелеуде.  Педагогикалық  ұжымның  кәсiптiк  қызметiнiң  тиiмдiлiгi  оның 

мүшелерiнiң  педагогикалық  мәдениетiнiң  деңгейiмен,  тұлғаларының  қатынас 

сипатымен, ұжымдық және дербес жауапкер-шiлiктi сезiнуiмен, ұйымшылдық, 



57 

 

ынтымақтастық  деңгейi-мен  анықталады.  ӛзiнiң  мәнi  жағынан  педагогикалық, 



тәрбиелiк  болып  табылатын  оқу  орындарының  ұжымы  оқушыларға 

үлкендердiң  ұжымы,  олардың  ӛзара  қатынасы,  бiрлесе  әрекет  етуi  туралы 

алғашқы  түсiнiктердi  қалыптастырады.  Бұл  жағдай  педагогикалық  ұжымды 

ӛзiн-ӛзi ұйымдастыруға, үнемi ӛздiгiнен жетiлуге ынталандырады. 

  Мұғалiмдер  ұжымның  педагогикалық  қызметi  оқушылар  ұжымымен  ӛзара 

тығыз  әрекеттестiкте  ӛрбидi.  Сондықтан  педагогикалық  мiндеттi  шешу 

оқушылар  ұжымының  тәрбиелiк  мүмкiндiгi  қай  деңгейде,  қанша-лықты  iске 

асырылуына тiкелей тәуелдi болып келедi. Басқару iлiмiнiң категориясы ретiнде 

педагогикалық  ұжым  басқарушы,  ал  оқушылар  ұжымы  басқарылушы  болады. 

Ал  қазiргi  әрекет  пен  қатынастың  субъектiсi  ретiнде  жеке  тұлғаға  баса  назар 

аударылған  жағдайда  педагогикалық  және  оқушылар  ұжымы  басқарудың  да, 

ӛзiн-ӛзi дамытудың да субъектiсi болып отыр. Мұғалiмдер ұжымы ӛзiнiң орасан 

зор  интеллектуалдық,  тәрбиелiк  күш-қуаты  бойынша  балалар  ұжымына  ғана 

емес,  ӛз  ұжымына  қатыстылығына  байланысты  да  тәрбие  субъектiсi  ретiнде 

әрекет жасайды. 

  Педагогикалық  ұжымның  басты  ерекшелiгiнiң  бiрi  ретiнде  мұғалiмдiк  кәсiп 

қызметiнiң  кӛп  қырлылығын  атау  керек.  Қазiргi  мұғалiм  пән  мұғалiмi,  сынып 

жетекшiсi,  үйiрме,  студия  жетекшiсi,  қоғамдық  жұмыстар  сияқты  қызметтердi 

атқарады.  Бұндай  кӛпқырлылық  барлық  педагогикалық  ұжымға  тән.  ӛзiнiң 

кәсiптiк  мiндеттерiн  шешу  барысында  педагогикалық  ұжым  мектеп  шегiнен 

шығып  кетедi.  Қоршаған  әлеуметтiк  ортаны  педагогика-ландыру,  яғни  ата-

аналар  мен  жұртшылық  ӛкiлдерiнiң  педагогикалық  мәдениетiн  қалыптастыру 

тұтас  алғанда  педагогикалық  ұжымның  ажырамас  қызметiне  айналады. 

Кӛптеген  мұғалiмдердiң  педагогикалық  әрекетiне  зерттеушiлiк  қызметi  тән. 

Қазiргi  мұғалiм-зерттеушi  -  нормативтi  қызмет  жасымен  шектелмейтiн, 

педагогикалық  жаңалықтың  жетiстiгi  мен  кемшiлiгiн  тез  аңғаратын,  жаңа 

құндылықтар  мен  технологияларға  баға  берiп,  игерiп  және  практикада 

қолдануға қаблеттi педагог. 

  Педагогикалық  ұжымның  ендiгi  бiр  ерекшелiгi  оның  жоғары  денгейде  ӛзiн-

ӛзi  басқара  алуында.  Ұжымдағы  мектеп  кеңесi,  әдiстемелiк  комиссиялар, 

қоғамдық ұйымдар да қатардағы мұғалiмдердiң сайлану арқылы ӛкiлеттiк алуы 

ұжымда  дұрыс  қоғамдық  пiкiр  қалыптастырып  дербестiк  пен  белсендiлiк 

дамытады. Педагогикалық ұжым мүшелерiнiң, оның басшыларының қызметтiк 

мiндеттерi,  қызметтiк  нұсқаулары  арқылы  дәл  айқындалуы  да  ұжымның 

ұйымдасқандық сипатын нығайтады. 

  Педагогикалық  ұжымның  келесi  ерекшелiгi  оның  қызметiнiң  ұжымдық 

сипаты  мен  нәтиже  үшiн  ұжымдық  жауапкершiлiгi.  Егер  жекелеген 

мұғалiмдердiң, әсiресе орта және жоғары сынып мұғалiмдерiнiң iс-әрекетiн ӛзге 

мұғалiмдердiң  iс-әрекетiмен  сәйкестендiрмесе,  оқушылардың  бiлiмiн  бағалау, 

мектеп  жұмысын  ұйымдастыруда  бiрыңғай  талап  болмаса  онда  ол  табысқа 

жеткiзбейдi.  Мұғалiмдердiң  бiртұтастығы  олардың  құндылық  бағдарлары  мен 

сенiмдерiнен  кӛрiнедi,  дегенмен  бұл  жағдай  педагогикалық  технологияның 

бiрсарындылығын бiлдiрмейдi.  



58 

 

  Педагогикалық  ұжым  ӛмiрiнiң  еркешелiктерiнiң  қатарында  белгiлi  бiр 



педагогикалық  еңбектiң  түрiн  атқарудан  уақыт  шегiнiң  болмауын  атауға 

болады.  Бұл  жағдай  мұғалiмнiң  шамадан  тыс  жұмыс  бастылығына,  рухани 

дүниесiн  байытып,  кәсiптiк  дамуын  арттыруға  уақыт  таба  алмауына  себеп 

болады.  Бақылау  нәтижелерi  кӛрсеткендей  соңғы  жылдары  материалдық 

жағдайға,  уақыт  жетiспеуiне  байланысты  мұғалiмдiрдiң  баспасӛзге  жазылуы, 

түрлi  әдебиеттер  сатып  алуы,  олардың  кино-театрлар,  мұражайлар  мен 

кӛрмелерге қатысуы күрт тӛмендеп кеттi. 

  Педагогикалық  ұжымға  тән  ӛзiндiк  ерекшелiктердiң  бiрi  оның  құрамында 

әйелдердiң басым болуы десек, бұл жағдай ұжымдағы ӛзара қатыстық сипатына 

ықпал  жасайды.  Әйелдер  ұжымы  еркектер  басым  болып  кететiн  ұйымдарға 

қарағанда  тез  әсерленгiш,  кӛңiл  күйi  жиi  алмасады,  барынша  дау-жанжалға 

бейiм.  Дей  тұрғанмен,  әйелдер  жаратылысынан  тәрбие  iсiне  бейiм,  

педагогикалық  ықпал  жасаудың  әдiстерi  мен  тәсiлдерiн  таңдауда  барынша 

икемдi екендiгiн де есте ұстау керек. 

  Педагогикалық  ұжымдарда  әйелдердiң  басым  болуы  –  жаңа  проблема  емес. 

Ол  проблема  материалдық  сипаттағы  себептерге  байланысты  педагогикалық 

ұжым-дардан  еркектердiң  басқа  табысты  салаларға  кӛптеп  ауысуына 

байланысты  шиеленiсе  түстi.  В.  А.  Сухомлинский,  А.  А.  Захаренко  сияқты 

педагогтар мектебiнiң тәжiрибесi педагогикалық ұжымда, әр жыныстың қажеттi 

ӛкiлеттiлiгiнiң  болуы  педагогикалық  ұжымның  үйлесiм-дiлiгiн,  педагогикалық 

процестiң бiртұтастығын қамтамасыз ететiндiгiн кӛрсетедi. 

   Ұжым  психологиясы  жӛнiндегi  зерттеулер  /А.  И.  Донцов,  А.  Н.  Лутошкин, 

А.  В.  Петровский,  А.  Л.  Свентицкий  және  т.б./  ұжымның  құрылымы  туралы 

тиянақты  мағлұмат  бередi.  Соның  iшiнде  ұжымға  әлеуметтiк-психологиялық 

талдау  жасағанда,  оның  ұйымдық  құрылымы  ресми  және  бейресми  болып 

бӛлiнетiндiгiн  аңғарамыз.  Бұл  жағдайда  құрылым  ретiнде  ұжым  мүшелерiнiң 

салыстырмалы түрде бiршама тұрақты ӛзара қатынасын атауға болады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет