Баярыстанова э. Т



Pdf көрінісі
бет38/68
Дата07.01.2022
өлшемі0,68 Mb.
#18454
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   68
Байланысты:
Баярыстанова Э.Т. Білімдегі менеджмент негіздері

Ұжымның  ресми  құрылымы  оның  мүшелерiнiң  мiндеттерi  мен  құқықтары, 

еңбек  бӛлiнiсiнiң  ресми  реттелуiне  байланысты.  Ресми  құрылымның 

шеңберiнде  әрбiр  адам  кәсiптiк  қызметтi  атқаруда  белгiлi  тәртiп,  ережелер 

негiзiнде еңбек ұжымының ӛзге мүшелерiмен әрекеттеседi. Бiр сыныпта жұмыс 

iстейтiн мұғалiмдер бiлiм стандарттарын, оқу бағдарламаларын, сабақ кестесiн, 

кәсiптiк  этика  нормаларын  басшылыққа  алады.  Әрбiр  мұғалiм  мектеп 

басшыларымен,  әрiптестерiмен  iскерлiк  қатынаста  болады.  Ал,  мұғалiм  мен 

мектеп  басшыларының  арақатынасы  қызметтiк  нұсқаулар  және  ӛнiмдермен 

реттеледi. 

  Ұжымның  қалыпты  жұмыс  iстеуi,  оның  ресми  құрылымы  бiрқатар 

жағдайларға байланысты. Мұғалiмдердiң ұжымдық ӛзара ықпалдастығы ресми 

құрылым  шегiнде  бiрлескен  жұмысты  ұйымдастыру  деңгейiмен,  әрекеттердi 

үйлестiру, түрлi шұғыл жұмыс кестелерiнiң, оқу-тәрбие процесiнiң барысы мен 

нәтижелерiн  тексеру  жүйесiнiң  болуымен,  қоғамдық  мiндеттер  мен  тапсырма-

лардың теңдей бӛлiнуiмен айқындалады. 



59 

 

Педагогикалық  ұжымның  бейресми  құрылымы  ұжым  мүшелерiнiң  алдын  ала 

белгiленген  мiндеттерiнен  тыс  нақты  iс-әрекет  негiзiнде  қалыптасады. 

Ұжымның  бейресми  құрылымы  оның  мүшелерi  арасындағы  қалып-тасқан 

қатынастар  жүйесiнен  тұрады.  Ондай  қатынастар  жек  кӛру  мен  ұнату, 

құрметтеу,  махаббат,  сенiм  немесе  сенiмсiздiк,  ынтымақтасу,  бiрлесе  жұмыс 

iстеудi қалау немесе қаламау сезiмдерi негiзiнде қалыптасады. Бұндай құрылым 

ұжымның iшкi, кӛбiне жасырын, кӛзге кӛрiнбейтiн жағдайын танытады. 

Жас  мұғалiм  педагогикалық  қызмет  процесiнде  қиындыққа  кездескенде  ресми 

ұйымдық  құрылымға  сәйкес  мектеп  директорының  оқу  iсi  жӛнiндегi  орын-

басарына,  сонымен  бiрге  қажет  деп  тапса  бiлiктi,  тәжiрибелi  маман  ретiнде 

басқа мұғалiмнен кӛмек сұрайды. 

  Ал  мұғалiмдер  арасындағы  бейресми  байланыстар  түрлi  себептерден 

туындайды. Бiр жағдайларда бұл араласу, достық, махаббат сияқты әлеуметтiк 

қажеттiлiктен  туындаса,  келесi  жағдайда  тәжiрибелi  жолдасынан  кәсiптiк 

кӛмек,  қолдау  алуға  байланысты,  үшiншi  жағдайда  –  жаңа,  қызықты  ақпарат 

алуға  байланысты,  тӛртiншi  жағдайда  ӛзгелердi  ӛзiне  бағындыруға  ұмтылған 

эгоистiк  себеп-терден  туындайды.  Ұжымдағы  бейресми  қатынастардың  пайда 

болуының  мынадай  белгiлерiн  бӛлiп  айтуға  болады:  достық,  жолдастық 

топтардың  құрылуы,  бейресми  пiкiрдiң  қалыптасуы,  бейресми  басшылардың 

шығуы, жаңа құндылық бағдарлардың нығаюы жәнет.б. 

  Ұжымның  ұйымдық  құрылымының  дамуына  бiр-қатар  факторлар  ықпал 

етедi. Педагогикалық ұжымның ӛзiндiк ерекшелiктерiн ескере отырып, осындай 

ықпал етушi факторларды қарастырып кӛрейiк. 

Ол  ең  алдымен  мұғалiмдер  ұжымы  шешетiн  кәсiптiк-педагогикалық 

мiндеттердiң  сипаты.  Педагогикалық  процестiң  тұтастығы,  оқыту  мен 

тәрбиелiк  ажырамас  байланысы  мұғалiмдер,  сынып  жетекшiлерi,  ата-ана  мен 

жұртшылық ӛкiлдерiнiң әрекетiн бiрiктiредi. 

Дегенмен,  әр  мұғалiм  ӛзiнiң  нақты  қызметiн  атқарғанымен  ол  ӛз  әрекетiн 

педагогикалық  процестiң  басқа  да  қатысушылары  –  мұғалiмдер,  оқушылар, 

мектеп әкiмшiлiгiмен келiсе отырып жүргiзедi. 

  Мектептегi, сыныптағы iстiң жағдайы туралы дер кезiнде алынған объективтi 

ақпарат ұжымның ұйымдық құрылымын нығайтып, ұжым мүшелерiн бiрiктiре 

түседi.  Психологиялық  зерттеулер  /А.  И.  Донцов,  Р.  Х.  Шакуров/  ұжымның 

топтасуының қажеттi шарты мақсат бiрлiгi екендiгiн дәлелдейдi. 

Ұжымдық  құрылым  белгiлi  дәрежеде  педагогикалық  ұжым  мүшелерiнiң 

әлеуметтiк-демографиялық, дербестiк-психологиялық ерекшелiктерiне тәуелдi 

тығыз  iскерлiк,  тұлғааралық  қатынастардың  қолайлы  негiзi  ұжымның  жасына, 

бiлiмiне,  бiлiктiлiк  деңгейiне,  кәсiптiк  құндылықтары  сияқты  белгiлерi 

бойынша бiртектiлiк екендiгi даусыз. 

  Бұндай  ұжымдар  топтасу,  ұйымдасудың  жоғары  деңгейiмен  ерекшеленедi. 

Дегенмен  педагогикалық  ұжымдар  ӛзiнiң  құрамы  жағынан  барынша  әртектi 

болып  келедi:  оның  құрамына  бiлiктiлiк  деңгейi  әртүрлi  жыныс  ӛкiлдерiнен 

тұратын  жас  және  тәжiрибелi  мұғалiмдер  енедi.  Бұның  барлығы  әртүрлi 

бағыттағы  бейресми  топтардың  құрылуына  негiз  қалайды.  Мектеп  басшылары 



60 

 

педагогикалық  ұжымды  ұйымдастырғанда  және  басқарғанда  бұл  жағдайды 



ескеруi тиiс. 

Ӛзара  қатынастың  педагогикалық  ұжымның  тұрақтылығына  ықпал  екi  жақты 

сипат  алады.  Бiр  жағынан  ұжымiшiлiк  қатынас,  ұжымның  тұрақтылығын 

бiлдiрсе, екiншi жағынан педагогикалық ұжымдағы тұрақтылық педагогтардың 

ӛзара қатынасының сипатын айқындайды. 

  Ұжымның  ұйымдық  құрылымы  ұжым  мүшелерiнiң  мүддесiн,  қажеттiлiгiн, 



қаншалықты  қанағаттандыруна  да  байланысты.  Қанағаттану  деңгейiн 

анықтайтын  бұндай  факторлардың  қатарында  ұжымның  беделi,  достарының 

болуы,  осы  ұжымдағы  ӛз  еңбегiнiң  мәнiн  сезiне  бiлу,  моральдық-

психологиялық ахуал, ұжымның дәстүрлерiн айтуға болады. 

  Ұжымның  ұйымдық  құрылымының  сипатын  айқындауды  оның  көлемi  де 

елеулi  етедi.  Психологияда  шағын  ұжымдардың  мүшелерi  арасында  байланыс 

бiршама  тұрақты,  берiк  болып  келетiндiгi  дәлелденген.  Ұжым  үлкейген  сайын 

ұжым  мүшелерiнiң  арасындағы  қатынас  ресми  сипат  ала  бередi.  30  адамнан 

асатын  педагогикалық  ұжымда  мүдде,  қызығушылық  ортақтығы,  бiрге  демалу 

сияқты түрлi себептермен бейресми топтар, бiрлестiктер пайда бола бастайды. 

Педагогикалық ұжым мүшелерiнiң саны оны басқарудың сипатын айқындайды. 

Шағын  ұжымдарда  педагогтар  бiрiн-бiрi  жақсы  бiледi,  бiрақ  бұндай  ұжым-

дарда  араласу,  бiрiн-бiрi  рухани  байыту  мүмкiндiгi  барынша  шектеулi.  Ал 

үлкен  ұжымдарда  ӛзара  қатынастың  күрделi  құрылымы  қалыптасады,  олар 

барынша қунақы,  кейде тiптi  ұрыс-жанжалға бейiм, бiрақ осындай ұжымдарда 

жарқын, ешкiмге ұқсамайтын тұлғалардың танылуы мүмкiндiгi де үлкен. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет