«Баєа белгілеу» пјнінен таќырыптар


Оныншы тарау. Көлік қызметтер нарығындағы баға белгілеу



бет105/130
Дата08.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#56043
түріОқулық
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   130
Оныншы тарау. Көлік қызметтер нарығындағы баға белгілеу.

1. ҚР жолаушылар тасымалын субсидиялау көлемі 2012жылы ... құрайды:


а)19,4 миллиард теңге;
б) 22,2 миллиард теңге;
в)16,7 миллиард теңге;
г) 22,4 миллиард теңге.
2. ҚР –ң жалпы жүк , жолаушылар айналымындағы темір жол көлігінің үлесі:
а) 50%;
б) 56%;
в) 60%;
г) 66%.
3. Құрылыс жүктері қандай тасымал сегментіне жатады?
а) жоғары кірісті тасымалдар;
б) өз шығынын өтейтін тасымал;
в) төмен кірісті тасымалдар;
г) өз шығынын өтемейтін тасымал.
4. 2015 жылы жолаушылар айналымы қанша пайызға өседі:
а) 19,7%;
б) 11,6%;
в) 23,8%;
г) 20,8%.
5. Қозғалысқа келтіру операцияларына жатады:
а) тұрақта тұрған жылжымалы составты күту шығындары;
б) жылжымалы составтан жүкті тиеуге даярлау шығындары;
в) жылжымалы составтан жүкті түсіруге даярлау шығындары;
г) поездың жүріс жолында жылжымалы составты күту шығындары.
6. Тасымалдау қашықтығы ұлғайған сайын:
а) тонна- километрдің өзіндік құны арзандайды;
б) тонна- километрдің өзіндік құны қымбаттайды;
в) 1 тонна жүкке бастапқы – соңғы операциялар шығыны артады;
г) 1 тонна жүкті тасымалдау шығындары артады.
7. Бастапқы – соңғы операциялар шығындары:
а) 1 тонна жүкке есептегенде өседі ;
б) 1 тонна жүкке есептегенде тұрақты;
в) 1 тонна жүкке есептегенде азаяды;
г) 1 тонна жүкке есептегенде үнемі өзгереді.
8. Контейнерлік тасымал тарифтерін есептеуде:
а) вагонды толтыру нормасына сай төлемдер ескеріледі;
б) оның жүккөтерімділгін толық пайдалану ескеріледі;
в) ұсақ жүктерді тасымалдау тарифтері ескеріледі;
г) жоғарғы деңгейдегі тарифтер ескеріледі.
9. Транспорт өнімінің бір өлшеміне есептелінген тарифтік мөлшерлемені есептеу формуласы:
а) Т = ( ӨҚ + П)/Q;
б) Т = ӨҚ /Q;
в) Т = ( ӨҚ + БCШ)/Q;
г) Т = П/Q.
10. Құрылу формасына байланысты тарифтер:
а) жалпы тарифтер;
б) кестелік және желілік болып бөлінеді;
в) жеңілдетілген тарифтер;
г) жергілікті тарифтер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет