«Баєа белгілеу» пјнінен таќырыптар


Баға белгілеудегі стратегия



бет113/130
Дата08.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#56043
түріОқулық
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   130
Баға белгілеудегі стратегия – халық шаруашылығында жалпы қаржы тұрақтылығына бағытталған мемлекеттің жалпы экономикалық саясатының бөлігі. Іс жүзінде бұл инфляцияны ең төмен деңгейге дейін түсіру. Инфляциямен күрес тәсілдерінің бірі ретінде баға белгілеу қарастырылады. Өнеркәсіптің базалық салаларында бағаны дұрыс қалыптастыру стратегиясы халық шаруашылығындағы жалпы баға деңгейін және инфляциялық үдерістің динамикасын айқындайды. Халықтың табысы динамикасымен тұтыну секторындағы баға белгілеуді өзара үйлестіру тіршілік деңгейін анықтайды. Халық шаруашылығындағы құрылымдық өзгерістер, неғұрлым тиімді өндірістерді қолдау, өндірістік ресурстарды ұтымды пайдалану, ғылым сыйымдылығы жоғары салаларды дамыту таңдап алынған баға белгілеудегі стратегияға тікелей байланысты. Баға деңгейі және оның ара қатынасы – бұл әр түрлі жобалардың мүмкін болатын тиімділігін бағалауға мүмкіндік беретін неғұрлым ұтымды инвестициялар үшін өзгеше бағдар болып табылады. Б.б.с. ұлттық өндірісті қорғауға бағыттала отырып,тиімді импорт пен экспортты ынталандырады. Дұрыс қалыптасқан Б.б.с. халық шаруашылығының тұрақты дамуына және халықтың тіршілік деңгейінің артуына мүмкіндік туғызады.
Баға белгілеу стратегиясы – компанияның ұзақ мерзімдік шаралары, ол келесі кезеңдерден тұрады: 1. компания баға ұсынысының мақсаттарын анықтайды (өміршеңдігі, ағымдағы пайданы, ағымдағы табысты, өткізу көлемін, нарықты қамту әлде «баға-сапа»көрсеткіштері бойынша жетекш болуды ең жоғарғы шекке жеткізу); 2. әрбір мүмкін болатын баға деңгейінде өткізу көлемін бағалайды. Сұраныс неғұрлым икемсіз болған сайын компания соғұрлым жоғарғы баға деңгейін белгілейді; 3. маркетинг қызметінің ұсынысын ескере отырып, әр түрлі деңгейдегі өндіріс көлеміндегі өндірістік шығындар деңгейін анықтайды; 4. бәсекелестердің өндірістік шығындарын, бағасын және ұсыныстарын талдайды; 5. баға белгілеу әдістерінің бірін таңдайды; 6. баға деңгейіне психологиялық ықпал жасайтын факторлар, баға белгілеу саясатына әсер етуші факторлар және бағаның нарық субъектілеріне әсерін ескере отырып компания ақырғы бағаны белгілейді.


Бір баға заңыэкономикалық ереже, сауда тосқауылдары және транспорттық шығындар болмаған жағдайдағы бәсекелестіктің бірдей тауарларды барлық мемлекеттерде бірдей бағамен сатуды қамтамасыз етуі.


Баға демпингі – сатылатын тауарлар бағасын әдейі арзан бағамен сату; тауар бағасын жасанды түрде төмендету; бәсекелестерді нарықтан ығыстырып шығару және өз тауарларының сату көлемін арттыру құралы ретінде пайдаланылады .


Баға заңы - заң, осы заңға сәйкес тауар бағасы оның құны арқылы анықталады, және материал құнына тәуелді бола отырып, сұраныс пен ұсыныс арасындағы арақатынас әсерінен тауар құны аумағында ауытқиды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет