Реттелетiн нарықтардағы бағаны белгiлеу ережесi бағалардың негiзсiз өсуiн болдырмау мақсатында "Табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шiлдедегi Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 наурыздағы № 238 қаулысымен бекітілген және ол реттелетiн нарықтардағы бағаны белгiлеу тәртiбiн анықтайды.
Бұл ережеге сай баға белгiлеу, монополиялық өндiрiлетiн тауарлар, негiзделген баға, өзiндiк құн, реттелетiн нарықтар, реттелетiн нарық субъектiсi ұғымдары қолданылады. Баға белгiлеу дегеніміз - тауарларға және Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген номенклатураға енгiзiлген өнiмге, тауарлар мен жұмыстарға, реттелетiн нарық субъектiлерiне бағаларды қалыптастыру және қарау процесi.
Монополиялық өндiрiлетiн тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер - бұл тиiстi тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие реттелетiн нарық субъектiлерi өндiретiн тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер).
Негiзделген баға дегеніміз - белгiленген тәртiппен реттелетiн нарық субъектiсiнiң негiзделген шығындарының және пайдасының негiзiнде айқындалған баға.
Өзiндiк құн - уәкiлеттi орган монополиялық өндiрiлетiн тауардың, жұмыстың, көрсетiлетiн қызметтiң және Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген номенклатураға енгiзiлген өнiмнiң, тауардың және көрсетiлетiн қызметтiң бағасында ескеретiн шығындар жиынтығы.
Реттелетiн нарықтар бұл реттелетiн нарық субъектiлерi үшiн Заңға сәйкес бағаларды мемлекеттiк реттеу енгiзiлген тауар нарықтары. Реттелетiн нарық субъектiсi - реттелетiн нарықтарда үстем немесе монополиялық жағдайларға ие нарық субъектiлерiнiң тiзiлiмiне енгiзiлген және Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген номенклатураға енгiзiлген өнiмдi, тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердi өткiзетiн табиғи, мемлекеттiк монополия субъектiлерiн және энергия өндiрушi ұйымдарды қоспағанда, дара кәсiпкер немесе заңды тұлға.
Реттелетін нарық субъектiлерінiң өнiмiне, тауарларына, жұмыстарына, көрсетiлетiн қызметтерiне бағалар қалыптастыру олардың әрбiр түрi бойынша шығындарды бөлек есепке алу негiзiнде жүзеге асырылады.
Шығындарды бөлек есепке алу болмаған жағдайда, реттелетін нарық субъектiнiң шығындары, оның жалпы шығындарындағы табыстардың үлес салмағы, көлемi, өндiрiстiк персоналға еңбекақы төлеуге арналған шығындар, белгiлi бiр қызмет түрiне жататын шығындарды айқындауды көздейтiн жанама әдiстердiң негiзiнде өткiзiлетiн өнiмнiң, тауарлардың түрлерi бойынша бөлiнедi.
Негiзделген баға қалыптастыру кезiнде өнiмдi, тауарларды өндіруге, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi көрсетуге тiкелей жататын, сондай-ақ негiздеушi материалдармен, яғни - шарттар, шот-фактуралар, қаржылық құжаттармен расталған шығыстар, оның iшiнде мыналар өзiндiк құнда ескерiледi:
1) растайтын құжаттарда, шарттарда, шот-фактураларда көзделген бағаларға және өнiмнiң, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) бiр бiрлiгiн шығаруға арналған шикiзат, материалдар, отын, материалдық ресурстар энергиясы шығысының қолданылатын нормаларына немесе материалдық ресурстардың жылдық нормаларына сүйене отырып, және материалдық ресурстардың нақты көлемiне негiзделе отырып айқындалатын материалдық шығыстар;
2) негiзгi құралдар құнының өсуiне әкелмейтiн ағымдағы және күрделi жөндеуге және басқа да жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарына жiберетiн қаражаттар, егер де оларды жүргiзу қажеттiлiгiн дәлелдейтін, жеке әр объект бойынша растайтын техникалық негіздемелер мен сметалық есептемелер тәрізді қажетті құжаттар болған кезде;
3) бағаның шығын бөлiгiн азайтуда ескерiлетiн Субъектiге мемлекеттiк бюджет қаражатынан бөлiнетiн субсидиялар;
4) еңбек жағдайлары үшiн еңбек заңнамасына сәйкес еңбекақы төлеу жүйесiнде көзделген қосымша ақылар мен үстемеақылар төлеудi қоса алғанда, персоналға еңбекақы төлеуге жұмсалған шығыстар бағаларды қалыптастыру кезiнде ескерiледi, бұл ретте, еңбекақы төлеуге жұмсалатын шығыстарды айқындау кезiнде персоналдың және әкiмшiлiк-басқару және өндiрiстiк персоналдың нақты саны және инфляция деңгейiнiң болжамды өзгерiсiн ескере отырып, қолданыстағы бағаларда қабылданған орташа айлық жалақы есепке алынады;
5) амортизациялық аударымдар есепке алу саясатында көзделген әдiстi пайдалана отырып айқындалады және негiзгi құралдардың құнын арттыруға алып келетiн күрделi жөндеу жұмыстарын жүргiзуге және инвестициялық жобаларды iске асыруға бағытталады;
6) әлеуеттi өнiм берушiлердi, қызметтердi қаржыландыру және қарыз ресурстарын қайтару шарттары болған кезде бағаларда инвестициялық жобаны iске асыруға немесе өнiм өндiрiсiнде қолданылған негiзгi құралдарды сатып алуға қарыз қаражаттары үшiн сыйақы төлемi ескерiлетiн шығыстар; Аталған өнім өндірісіне инвестициялық бағдарлама болмаған жағдайда ескеріледі.
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сатып алынатын аудиторлық, консалтингтiк, маркетингтiк қызметтерге жұмсалатын шығыстар;
8) Қазақстан Республикасының экология және салық заңнамаларында белгiленген ставкаларға, тәртiп және талаптарға сәйкес айқындалған қоршаған ортаға эмиссия үшiн ақы төлеуге жұмсалатын шығыстар;
9) кезең шығыстарында ескерiлетiн мiндеттi сақтандыру түрлерiне, салықтарға, алымдарға және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдерге жұмсалатын шығыстар Қазақстан Республикасының сақтандыру туралы және салық заңнамасында белгiленген ставкаларға, тәртiп және талаптарға сәйкес айқындалады.
Бағаларды қалыптастыру кезiнде өнiмдi, тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi өндiруге тiкелей жатпайтын, сондай-ақ негiздеушi материалдармен, яғни шарттар, шот-фактуралар, қаржылық құжаттармен расталмаған шығыстар өзiндiк құнда ескерілмейді, оның iшiнде мыналар:
1) өнiмдi өндiру кезiнде пайдаланылмайтын негiзгi құралдардың амортизациялық аударымдары;
2) ластаушы заттардың нормативтен тыс шығарындылары үшiн төлемдер;
3) үмiтсiз борыштар;
4) шаруашылық шарттардың талаптарын бұзғаны үшiн айыппұлдар, өсiм, тұрақсыздық айыбы және санкциялардың басқа да түрлерi, сот шығындары;
5) табысты жасырғаны үшiн айыппұлдар мен өсiмпұлдар;
6) ұрлықтан келген залалдар;
7) қызмет көрсетушi шаруашылықтар мен учаскелер өндiрiсiнде тартылмаған активтердi ұстауға арналған;
8) кәсiптiк-техникалық училищелердi қоспағанда, денсаулық сақтау объектiлерiн, мектепке дейiнгi балалар ұйымдарын, оқу орындарын ұстауға арналған;
9) сауықтыру лагерьлерiн, мәдениет және спорт объектiлерiн, тұрғын үй қорын ұстауға арналған;
10) ұйым қызметкерлерiнiң тұрғын үй жағдайларын жақсартуға, бау-бақша үйлерiн сатып алуға және үй шаруашылығымен айналысуға алған несиелерiн, пайызсызды қоса алғанда өтеуге арналған;
11) мәдени-ағарту, сауықтыру және спорттық iс-шараларды өткiзуге арналған;
12) бау-бақша серiктестiктерiн абаттандыруға (жолдар салу, энергиямен және сумен жабдықтау, жалпы сипаттағы басқа да шығыстарды жүзеге асыру) арналған;
13) демеушiлiк көмек көрсетуге арналған;
14) ақаудан болған ысыраптарға арналған;
15) өндiрiстi вахталық ұйымдастыруды қоспағанда, тауар нарығы субъектiлерiнiң персоналы үшiн пәтерлердi, тұрғын ғимараттарды және құрылыстарды, жатақханалар мен қонақ үйлердегi орындарды сатып алуға, жалдауға және ұстауға арналған;
16) мерейтойлар күнiне немесе қызметкерлерге ынталандыру түрiнде берiлетiн сыйлықтарды сатып алуға арналған;
17) нормативтен тыс техникалық және коммерциялық ысыраптарға, тауар-материалдық құндылықтардың, қоймадағы қорлардың бұзылуына және жетiспеушiлiгiне, басқа өндiрiлмейтiн шығыстарға;
18) жұмыс қорытындылары бойынша сыйлық беруге және сыйақылардың басқа да нысандарына арналған;
19) өндiрiстiк қажеттiлiкке байланысты iс-шараларды қоспағанда, оқытатын курстарды, семинарларды, тренингтердi, лекцияларды, көрмелердi, пiкiрталастарды, ғылым мен өнер қайраткерлерiмен кездесулердi, ғылыми-техникалық конференцияларды өткiзуге және ұйымдастыруға арналған;
20) қоғамдық ұйымдар мен қауымдастықтарға арналған мүшелiк жарналарға арналған;
21) бiлiм беру ұйымында оқитын қызметкерлердiң демалыстарына ақы төлеуге арналған;
22) кәсiптiк ауруларды оңалтып емдеуге байланысты шығындардан басқа, реттелетін нарық субъекті қаражаты есебiнен қызметкерлердiң және олардың балаларының емделуiне, демалуына, экскурсияларына арналған жолдамаларға ақы төлеуге арналған;
23) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мiндеттi сақтандыру төлемдерiн қоспағанда, сақтандыру төлемдерi және реттелетін нарықтардағы баға белгілеу ережесіне енгізілгеннен басқа жеңілдіктер ескерiлмейдi.
Негiзделген бағаға енгiзiлетiн пайданың деңгейiн айқындау кезiнде өндірістің тиiмдi жұмыс iстеуiн және дамуын қамтамасыз ететiн қаражат ескерiледi.
Баға деңгейіне үнемі сараптама жүргiзіледі. Бағаға сараптама жүргiзу: