«Баєа белгілеу» пјнінен таќырыптар



бет83/130
Дата08.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#56043
түріОқулық
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   130
Вариант – 3.
Өндірістік бағдарламаның сандық шегінің өзгерісі, негізгі көрсеткіштерді талдау негізінде есептелінеді.
Кесте 7



Көрсеткіштер

Барлығы

Сөре

Саяжай жиһазы

Ас үй жиһазы

Саудадан түскен түсім,%

100

32,5

30,2

37,3

Жанама шығындар,(жеке бұйым түрінің саудадан түскен түсіміне пропорционал), мың теңге.

852,8

104

296,4

452,4

Жалпы маржа саудадан түскен түсімге, %

45,9

38,3

51,8

47,9

Рентабельділік шегі, мың теңге

1853,8

721,8

497,1

663

Қаржы беріктігі запасы,мың теңге

520

50,4

220,5

221,0

Қаржы беріктігі запасы,%

22

6,5

30,7

25

Кесте деректерін талдау, саяжай және ас үй жиһаздарын өндіру бойынша 40%тен астам запас қаржы беріктігі және жалпы маржа көрсеткішінің жоғарғы деңгейімен сипатталады. Бұл осы өндірістерді дамыту тиімді екендігінің айғағы.




3.2. Өз бетімен шығаруға арналған есептер мен тапсырмалар.



Диаграмма 1. Баға саясатына әсер ететін факторлар




Тапсырма 1.
Фирманың жүргізіп отырған баға саясатының ерекшеліктері мен даму деңгейіне аталған факторлардың жеке – жеке әсерін талдаңыз?


Тапсырма 2.
Фирманың тауары әлде қызметіне бастапқы баға деңгейін есептеудің кезеңдері көрсетілген:
Диаграмма 2. Бастапқы баға деңгейін есептеу кезеңдері.



Әр кезеңнің мәнін және маңызын жеке сипаттаңыз.
Жоғарыда ұсынылған әрекеттердің жүйелі түрде жалғас екендігінің дұрыстығын түсіндіріңіз.
Әр кезеңдегі жұмыс нәтижелерінің бір – біріне тәуелділігін және оның түпкі нәтижеге әсерін көрсетіңіз.
Тапсырма 3.
Нарыққа жаңа тауарды шығаруды жоспарлап отырған фирма, нарықта тауарды жайғастыру проблемасына тап болады. Фирма жаңа тауарды сапа және баға көрсеткіштері бойынша жайғастыру туралы шешім қабылдауы қажет. Төмендегі кестеде мүмкін болатын сапа баға арқылы жайғастырудың тоғыз стратегиясы көрсетілген.
Кесте 8

Баға→

Жоғары

Орташа

Төмен

Тауар сапасы










Жоғары

1.Сыйақылы үстеме баға стратегиясы

2.Нарыққа терең дендеп ену стратегиясы

3. Құндылық маңыздылығы жоғары стратегия

Орташа



4.Көтерілген баға стратегиясы

5. Орташа деңгейдегі баға стратегиясы

6.Сапалылық стратегиясы

Төмен



7.Тонау стратегиясы

8. Көз алдайтын жылтырау стратегиясы

9.Құндылық маңыздылығы төмен стратегия




Белгілі бір тауарлар өндірісі бойынша нарықта бірнеше бәсекелес бар деп қарастырамыз. Олардың нарықтағы көшбасшысы нарыққа тауарын №1 сыйақылы үстеме баға стратегиясы бойынша, мүмкін болатын ең жоғарғы бағамен ұсынады, ал басқа фирма қалған стратегиялардың біреуін қабылдайды. Ол неғұрлым сапасы жоғары тауарды өндіре отырып, оған №2 позиция бойынша орташа баға деңгейін белгілейді. Немесе ол сапасы орташа тауарды ұсынып, №5 позицияны ұсынады және т.б.. Дегенмен, кез келген фирма нарыққа ұсынылатын позициялар аумағында нарық көлемін және нарықтың өсу қарқынын зерттеуі қажет. Сонымен қатар, әр позиция шеңберінде нақты бәсекелестер талданып зерттеледі.
Жоғарыда берілген позициялардың барлығын жеке – жеке қарастырыңыз, олардың әрқайсысының бір - бірінен айырмашылығын анықтаңыз.
Тауардың немесе қызметтің сапасына қатыстыра отырып нарықтағы әр түрлі баға позицияларының тікелей және кері тәуелділігін талдаңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет