Сегізінші тарау. Нарықтықжағдаят түсінігі, көрсеткіштері және оны баға болжамында пайдалану.
1.Нарық жағдаяты дегеніміз не?
а) тауардың тұтыну және құндық сипаттамасының жиынтығы;
б) экономикалық үрдістерді реттейтін міндетті тәртіп;
в) тұтыну нарығындағы бөлшек сауда бағасының ай сайын өзгеруіне әсер ететін жағдайлар жиынтығы;
г) нақты уақыт кезеңінде нарықта қалыптасқан жағдайлар жиынтығы .
2.Нарық жағдаятына келесі ерекше белгілер тән -
а) ұдайы өндіріс үрдісі нарықтық сипатта қарастырылады, оған қарама –қарсылықтардың бірлігі тән ;
б) айналымның ішкі өрісі ғана зерттелінеді ;
в) жағдаятқа үнемі тұрақтылық және дамудың біркелкі еместігі тән ;
г) жағдаят дамуы үнемі біркелкі және оған қарама –қарсылықтардың бірлігі тән.
3.Нарықты жағдаятты талдау және болжаудың маңызды элементтері:
а) кезеңдік факторлардың әсер ету сипаты мен белсенділігі, кезеңнің фазаларын және болашақтағы серпінін анықтау;
б) кезеңдік және кезеңсіз факторлардың қарама қайшылығын анықтау;
в)баға деңгейін анықтауда қолданылатын әдістер жиынтығының кезеңдік факторларға әсер ету деңгейі ;
г)өндірістік шығындардың кезеңсіз факторларға әсері негізінде өндіріс пен капитал шоғырлануы.
4.Өнеркәсіптік өндіріс деректеріне төмендегі көрсеткіштер жатады:
а) ішкі тауар айналымы көрсеткіші, тауар өндірушілердің баға индексі;
б) жұмыссыздық деңгейі, бөлшек сауда тауар айналымы;
в) жұмыссыздық деңгейі, тауар өндірушілердің баға индексі ;
г) өндірістік запастарға және ұзақ мерзім пайдаланылатын тауарларға тапсырыс, жеке табыс және тұтыну шығындары.
5.Іскерлік белсенділік көрсеткіштері -
а) бағалы қағаздар нарығы көрсеткіші, жалпы ішкі өнім;
б) сауда балансы тапшылығы, тауар запасы, өнеркәсіптегі өткізу көлемі ;
в) тапсырыс портфелі, мемлекеттік бюджет тапшылығы, тұтыну несиелері ;
г) тапсырыс портфелі, жасалынған келісімдер сипаттамасы, бағалы қағаздар, инвестиция нарығы көрсеткіштері .
6. Тұтыну бағалары индексі - экономикалық жағдаятты сипаттайтын көрсеткіштердің қай тобына жатады?
а) өнеркәсіп өндірісі туралы деректер;
б) ішкі тауар айналымы көрсеткіштері;
в) сыртқы сауда көрсеткіштері ;
г) несие – ақша өрісін сипаттайтын көрсеткіштер.
7.Жұмыс күші құнының индексі – шет елдерде экономикалық параметрлердің -
а) озық көрсеткіштер элементтеріне жатады ;
б) кешеуілдеу көрсеткіштер элементтеріне жатады;
в) бір мезгілдік (сәйкес) көрсеткіштер элементтеріне жатады;
г)іскерлік белсенділік көрсеткіштеріне жатады.
8.Қорытынды баға деңгейі ретінде -
а) тұтыну кәрзеңкесі құны көрсеткіші алынады;
б) бағаның жеке индексі алынады;
в) ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы алынады;
г) өнеркәсіптік өнімнің физикалық көлемінің индексі .
9.Тауар айналымының ақшалай көрсеткіші тіркелетін болса, орташа бағаны анықтауда келесі формула қолданылады -
а) орташа салмақталған хронологиялық;
б) орташа салмақталған үйлесімді;
в) орташа салмақталғаг арифметикалық;
г) орташа хронологиялық.
10.Баға индексін есептеудің қандай формуласында базистік кезеңдегі өткізілген өнім мөлшері алынады -
а) Пааше формуласы;
б) Карлидің формуласы;
в) Эджуорт – Маршал – Боули формуласы;
г)Ласпейрес формуласы .