Он бірінші тарау. Жылжымайтын мүлік, жер нарығындағы баға белгілеу.
1. Жердің нормативтік құны төмендегі жағдайлардың қайсысында қолданылады?
а) жер тұрғын үй-құрылысы мақсатында берілген кезде;
б) жерді пайдалану деңгейін анықтаған кезде;
в)жердің экономикалық тиімділігін анықтаған кезде;
г)жер учаскелерін салыстырмалы түрде талдау барысында.
2. Жерді кепілдікке беріп, несие алған кезде ... қолданылады.
а) жердің нарықтық құны;
б) жердің нормативтік құны;
в) жерді тиімді пайдалану әдісі;
г) жерді қайта бөлу әдісі.
3. Жер учаскелерін сатуда бөлу әдісі болжайтын әрекеттер реттілігіне не жатпайды?
а) жақсартылған жердің нарықтық құнын анықтау;
б) аймаққа бөлу коэффициентін ескеру;
в) бағаланатынға ұқсас жер учаскесінің нарықтық құнындағы жер үлесінің мәні;
г) құрылысқа қатысты таза операциялық табыс айқындалады.
4.Табыс әкелетін жер учаскесін коммерциялық пайдалану мүмкіндігі, қандай әдісті қолданудың негізгі шарты болып саналады?
а) бос учаске үшін жалдау төлемін капиталға айналдыру әдісі;
б) алу (экстракция) әдісі;
в) қалдық құн әдісі;
г) дамыту әдісі.
5. Жердiң мелиорациялық жай-күйi қанағаттанарлық болса, қандай түзету коэффициенті қолданылады?
а) 0,9;
б) 0,6;
в) 0,7;
г) 0,5.
6. Жер учаскесін пайдаланумен байланысты барлық табыстар мен шығыстарды дисконттау жолымен жер учаскесінің құнын есептеу әдісі:
а) жерді тиімді пайдалану әдісі;
б) қалдық құн әдісі;
в) дамыту әдісі;
г) жерді қайта бөлу әдісі.
7. Төлемақының базалық ставкасы дегеніміз
а) кадастрлық бағалау құны;
б) жер учаскесін сату ақпараты;
в) жер салығы;
г) жер учаскесінің нормативтік бағасы .
8. Потенциалды табысқа байланысты қайтарым мерзімі есепке алынатын жер учаскесінің құны:
а) жердің қалдық құны;
б) жердің нарықтық құны;
в) кадастрлық бағалау құны;
г) жердің нормативтік құны.
9. Жердің нормативтік құны қандай жағдайда қолданылмайды:
а) жерді мемлекеттік қажеттіліктер үшін иелікке алған кезде;
б) жер учаскесін ашық нарықта сату кезінде;
в) жерді мұрагерлікке берген кезде;
г) жерді сыйға тартқан кезде.
10. Жер учаскесімен жасалатын жер рентасын есептеу әрекеті - жерді бағалау әдісінің қай түріне жатады :
а) жерді сатуды салыстыру әдісі;
б) жерді бөлу әдісі;
в)бос учаске үшін жалдау төлемін капиталға айналдыру әдісі;
г) экстракция әдісі.